Ерлан Бекхожин жаңа қызметке тағайындалды

Ерлан Бекхожин жаңа қызметке тағайындалды

Ерлан Бекхожин жаңа қызметке тағайындалды
ашық дереккөзі
Ерлан Бекхожин "Хабар" агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы "Ел арна" телеарнасының директоры Арман Сейтмамыт Facebook желісіндегі парақшасында жазды. Бұған дейін Ерлан Бекхожин Президент Телерадиокешенін басқарған болатын. 1963 жылы 6 мамырда Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін, Орталық Азия университетін бітірген. 1994-1997 жылдары - «Хабар» агенттігі ақпараттық бағдарламасының жүргізушісі, «Жеті күн» ақпараттық бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі. 1998-2003 жылдары - Қазақстан Республикасындағы «Мир» халықаралық телерадио компаниясының директоры. 2003-2009 жылдары «Литер-Медиа» ЖШС бас директоры, «Литер» және «Айқын» газеттері редакциялық кеңестерінің төрағасы. 2009 ақпан айынан бастап ҚР Президенті телерадио кешенінің бас директоры қызметін атқарды. Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының академигі, Ресей және Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, «Жылдың үздік журналисі» номинациясы бойынша «Алтын Жұлдыз» сыйлығының лауреаты