Аружан Саин жетімдер үйінің орнына «фостерлік» жүйені енгізуді ұсынды

Аружан Саин жетімдер үйінің орнына «фостерлік» жүйені енгізуді ұсынды

Аружан Саин жетімдер үйінің орнына «фостерлік» жүйені енгізуді ұсынды
ашық дереккөзі
Қазақстанның Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин білім беру саласы қызметкерлерінің Тамыз конференциясында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жетімдер үйінде емес, «фостерлік» отбасыларда тәрбиелеуді ұсынды. «Бізге жаңа жүйені ойлап табудың қажеті жоқ. Батыста жылдар бойы қолданылып келген жетім қалған балаларды арнайы дайындықтан өткен «фостерлік» отбасылардың тәрбиесіне беру тәжірибесін елімізде қолдануға болады», деді Аружан Саин. Сондай-ақ мемлекет қамқорлығындағы мүмкіндігі шектеулі балалар мәселесін назарымызда ұстаудың маңыздылығын атап өтті. Еске салсақ, бүгін елордада білім саласы қызметкерлерінің дәстүрлі Тамыз конференциясы өтіп жатыр. Жиынға өңірлерден екі мыңнан астам педагог жиналды.