Мұғалім еңбегін лайықты бағалау – өте маңызды міндет - Қ.Тоқаев

Мұғалім еңбегін лайықты бағалау – өте маңызды міндет - Қ.Тоқаев

Мұғалім еңбегін лайықты бағалау – өте маңызды міндет - Қ.Тоқаев
ашық дереккөзі
Бұл туралы Тамыз конференциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Дәстүрге айналған Тамыз конференциясы – ұстаздар қауымы бас қосатын ауқымды әрі маңызды жиын. Әр адам қандай жетістікке жетсе де білім берген ұстаздарының ерекше қадірлейді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мәртебелі мамандық иелеріне деген ықыласы ерекше екенін өздеріңіз жақсы білесіздер. Менде бүгін сіздермен кездесу үшін осы жиынға арнайы келіп отырмын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондай-ақ Президент ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу аса жауапты әрі күрделі міндет екенін айтып өтті. «Сіздердің арқаларыңызда тұтас бір буынның құндылықтары мен қасиеттері қалыптасады. «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» деген халқымыз. Ұстазсыз адам болмайды. Бәріміз де кезінде мұғалім тәлімін алып, білімін үйрендік. Сондықтан болашаққа жол сілтейтін мұғалім еңбегін лайықты бағалау - өте маңызды міндет«, деді Қ.Тоқаев.