Мекемтас Мырзахметов: Бізді тығырықтан Абай шығарады

Мекемтас Мырзахметов: Бізді тығырықтан Абай шығарады

Мекемтас Мырзахметов: Бізді тығырықтан Абай шығарады
ашық дереккөзі
Еуропада қаншама ұлт пен ұлыс жұтылып кетті. Жа­һан­дану деген алапат тажал де­генін істеді. Алайда біз Батысқа жұтылмаймыз. Жұтылуға тиіс емеспіз. Тәуелсіз ел болып, көзіміз ашылды. Енді күш бермейміз. Бірақ қазақ қызда­ры­ның бұзылып кеткенін жоққа шығармаймын. Тіпті әйелдер де бұзылды. Анаған-мынаған еліктейміз деп етегін ашты. Қайтіп жаба алмай қалдық. Қыз мінезінің бұзылғаны сондай – әйел затынан алаяқтар көп шығатын болды. Екі күннің бірінде теледидардан алаяқтықпен біреулерді алдап-арбап ұсталып жатқан қыз-келіншектерді көрсетеді. Тіпті ер-азаматтардың қолынан келмейтін қылмысқа баратын болған. Арақ ішу, темекі шегуден жігіттердің алдына түсіп кетті. Ондай әйелден қандай бала туады? Жатырда бүлінген бала ешқашан оңбайды. Одан ұлтқа пайда әкелетін ұрпақ өспейді. Ажырасу да көп. Жас­тай бұзылған қызды қай жігіт жар қылсын? Айта берсең, әң­гіме көп. Қазақ «Қызға қы­рық үйден тыйым, қала берсе есіктегі күңнен тыйым» деп бекер айтпаған. Есіктегі күң мен бо­са­ғадағы құлдың да қызды тыйып ұстауға хақысы болған. Сондай ел едік қой! Біздің жас кезде «бұзылған қыз» деген сөз­ді естімейтінбіз. Әйел бұ­зыл­­ды дегенше, ел бұзылды дей бер. Оны түзеу қиын. Еркектер де оңып тұрған жоқ. Жігіттердің бойындағы жал­қау­­лық, нәпсіқұмарлық дендеп кеткен. Бұл тығырықтан шы­ға­ратын жалғыз жол – Абай. Абай ілімін мектептен бастап жоғары оқу орын­дарының бәрінде оқыту керек. Шенеуніктерден мемлекеттік тілден емтихан алған сияқты Абай ілімінен де сынақ алу керек. Сонда ғана қоғам өз орнына келеді. Абайға бір кірген адам жаман жолға бара алмайды. Бұған менің көзім анық жеткен.