Елдос Сметов әлемдік рейтингте алға жылжыды

Елдос Сметов әлемдік рейтингте алға жылжыды

Елдос Сметов әлемдік рейтингте алға жылжыды
ашық дереккөзі
Будапештегі әлемдік Гран-при турнирінен кейін Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жаңартылған рейтингті жария етті. Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткеніндей, Будапеште 60 кг салмақта топ жарған Елдос Сметов 6-дан бесінші орынға көтеріліп, үздік бестіктің қатарына енді. Будапешт турнирінің күміс жүлдегері Елдос Жұмақанов (66 кг) әлемдік рейтингте 12-ден 11-орынға жоғарылады. IJF ережесіне сәйкес әлемдік Гран-приде жеңімпаз атанғандар 700, екінші орын иегері 490, қола алғандар 350 ұпайға ие болады. Үздік елулікке ілінген қазақстандық дзюдошылардың көрсеткіштері мынадай: 60 кг Елдос Сметов – 5 орын (4821) Ғұсман Қырғызбаев – 11 (3156) 66 кг Ерлан Серікжанов – 8 (4089) Елдос Жұмақанов – 11 (3504) 73 кг Жансай Смағұлов – 19 (2448) 81 кг Дидар Хамза – 17 (2602) Руслан Мұсаев – 49 (1036) 90 кг Ислам Бозбаев – 11 (3428) +100 кг Ерасыл Қажыбаев – 36 (1352)