Түлеген, мың бояулы түрге енген

Түркістан облысының құрылғанына – 1 жыл

2018 жылдың 19 маусымы. Тарихи сәт. Елбасы Н.Назарбаев Түркістан облысын құру туралы Жарлыққа қол қойған айтулы күн. Сол күні Елбасы Н.Назарбаев түркі дүниесі ұзақ жыл күткен шешімді қабылдап, мерейін әп-сәтте асқақтатты.

«Қазақстан Республикасының Әкім­ші­лік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 9-бабына сәйкес, Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру және облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру туралы Жарлыққа қол қойғалы отырмын. Бұдан былай бұл өңір Түркістан облысы деп аталатын болады. Осы әкімшілік аумақтың құрылымына өзгеріс енгізу арқылы бұл өңірдің өркендеуіне тың серпін беруді көздеген тарихи құжат болып саналады», – деп атап өтті. Бұл қадам көне шаһардың қойнауында жатқан тарихи жәдігерлердің қайта жарқырап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуе­тінің көтерілуіне, жергілікті тұрғындардың тұрмыс сапасының артуына оң ықпал жасайтыны сөзсіз. 1500 жылдан астам тарихы бар жәдігер қаланың ХХІ ғасырдағы жаңа тынысы ашылғалы тұр.

Көне тарихтан – жаңа ғасырға Бұл жаңалық күллі түркі жұртын, әсіресе түркістандықтарды ерекше қуантты. Бөркін аспанға атып, шаттанбаған адам кемде-кем. Сол күннен бастап өңір халқы Түркістан облысын құру және облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру туралы Елбасының Жарлығын ел болып мерекелеп, атап өтті. Міне, сол тарихи шешім қабылданған күнге де бір жыл толды. Түркістан жұрты айтулы мерекені тойлауға кірісіп кетті. Бір жылдың ішінде ерекше түрге еніп, түрленген қасиетті шаһардың экономикалық-әлеуметтік көрсеткіші де өсіп келеді. Қаланың аумағы кеңейіп, «Бес әлеуметтік бастама» бойынша тұрғын үй құрылысы басталып кетті. Ең бастысы, қаланың келбеті өзгеріп, тіршілігіне жан бітті.

Түркістан облысының құрылғанына бір жыл толуына орай, облыс әкімі Өмірзақ Шө­кеев Түркістан қаласындағы Жастар ре­сурстық орталығында баспасөз-конференциясын өткізді. Жиынға республикаға танымал БАҚ өкілдері және өңірлік төр­тін­ші билік өкілдері арнайы қатысты.

Небәрі бір жыл өтсе де өңір қарқынды дамудың жолына түскен. Мәселен, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін осы бір айдың көлемінде Үкімет тарапынан аса маңызды 5 қаулы қабылданды. Оның ең маңыздысы – «Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары». Сонымен қатар, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында облыста ауқымды жұмыстар ат­қарылуда. Атап айтсақ, көпбалалы аналар­ға атаулы әлеуметтік көмек көрсету мөл­шері орташа есеппен 40 пайызға артып, 2019 жылы 103 464 мыңнан астам отбасы өтініш білдірген, оның 65 946-на атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Түркістан облысы бойынша жыл соңына дейін 1032 көпбалалы отбасы  пәтермен қамтамасыз еті­летін болады. Бұдан бөлек, 2019 жылдың 5 айында Түркістан облысы бойынша  барлығы 1724 пәтер тапсырылды. Жыл қорытын­дысымен 50 тұрғын үй, яғни 2 613 пәтер пайдалануға беріледі.

Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, медицина саласында облыстық бюджет есебінен 2018 жылы шалғай елді мекендерге 62 модульдік медициналық пункт сатып алынса, 2019 жылы 19 модульдік медициналық пункт орнату жоспарланған. «Облыста 2 қалалық, 4 аудандық емхананың құрылысы және Түркістан қаласында №3 облыстық перинаталдық орталығына жапсарлас 150 орындық перзентханасы және 900 орындық 1 білім ұясының құрылысы жүруде.

Биыл мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында 3315 жаңа жұмыс орындары ашылды. Бұл өз кезегінде жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде 24 478 адам жұмыспен қамту шараларына қатысты», – деді облыс бас­шысы.

Өңір тұрғындарының өмір сапасын арттыру мақсатында инженерлік инфрақұрылым, соның ішінде жылу, су тарту жүйесі, газ және электрмен жабдықтау бойынша көптеген мәселелер шешімін тапты. Облыс орталығының дамыту жоспарымен таныстырған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев: «Түркістан қаласындағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін ағымдағы жылдың соңына қарай халықтың 56 пайыз газбен қамтамасыз ету жоспарда бар. Сонымен қатар, Түркістан қаласын 83 пайызға ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар басталды. Бүгінгі таңда құрылысы қарқынды жүріп жатқан Түркістанда 29 нысан бой көтереді. Оның ішінде жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында 17 нысанның құрылысы басталды. Биыл 7 нысан пайдалануға беріледі. Атап айтсақ, облыс әкімдігі, Астана алаңы, Медиа орталық, Олимпиадалық резервтегі спорт мектебі, саябақ, музыкалық мектеп, халыққа қызмет көрсету орталығы», – деді Өмірзақ Естайұлы.

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. На­зар­баевтың тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласында туризм саласы бойынша колледж ашу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ экологиялық, тарихи-мәдени және танымдық бағытта 57 туристік маршрут әзірленді. Соның бірі – Қасқасу туристік-рекреациялық кешені, «Ұлы Жібек – жолы» ұлттық қол өнер шеберлері орталығын» жасақтау, Шығыс базары.

 

Инвестиция тартуға қолайлы аймақ

Жібек жолы арқылы алыс-жақын елдермен қарым-қатынас жасауға мүмкіндігі мол әрі Еуразиялық кеңістіктің кіндігінде орналасқан Түркістан облысын дамытуға шет мемлекеттер де қолдау көрсетіп, инвестиция салуға қызығушылық танытып отыр. Соның нәтижесінде өңірде шетелдік инвесторлармен бірлескен жобаларды жүзеге асыру көзделген. Бүгінде Түркістан облысы инвестиция тарту бойынша республикада көш басында келеді Мәселен, 2017 жылы 482 млрд теңге қар­жы құйылды. Енді тағы 4,8 млрд АҚШ долларын құрайтын 26 жобаны жүзеге асыру жоспарда бар.  Түркістан облысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға мейлінше жағдай жасалған. Сондай-ақ, 2 млн тұрғыны бар Түркістан өңірі Қазақстандағы халқы ең тығыз орналасқан облысқа жатады. Мұндағы ауылшаруашылық саласы аймақтық экономиканың драйверіне айналған деп айтуға болады. Атап айтсақ, жылына 1 млн тонна бақша өнімдері жи­налады. Респуликадағы жылыжайлардың 90 пайыз үлесі осы облысқа тиесілі. Қазір облыстың инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында аудандарда да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мәселен, Жетісай ауданында 2018 жылдың 11 айында 300 млн теңге инвестиция тартылды. Атап айтсақ, «Khansuar invest» ЖШС және «Тұңғатар» өндірістік кооперативтері ауданға шетелдік мақта теретін комбайндар, жер жыртуға арналған техникалар және басқа да ауыл шаруашылығы техникаларын алып келіп, ауданға қосымша 1 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды. Қазіргі таңда тиісті құжаттар әзірленуде. Сондай-ақ, шетелдік инвесторларына зәйтүн майын шығаратын зауытқа қажетті 20-30 гектар жер учаскесі ұсынылған. Қазір ұсынылған жерлердің топырақ құрамын анықтау үшін тиісті жұмыстар атқарылуда. Одан бөлек, ауданда баламалы энергия көздерін дамыту арқылы тапшылықты жоюға бағытталған «Компания Кади» ЖШС-ның қуаттылығы 4,8 МВт-тық күн электрстансасы жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, аудандағы сүт өңдеу зауыттарының санын арттыру мақсатында желтоқсан айының соңына дейін Қарақай ауылдық округінен сүтті қайта өңдеу цехы ашылмақ. Аталған жобаның құны 100 мың АҚШ долларын құрайды. Нәтижесінде Жетісай ауданында сүт өңдейтін екі кәсіпорын болады. Оның біріншісі Асықата кентінде бұрыннан жұмыс істеп келеді. Аудандағы «Ақ алтын Береке» ЖШС 2008 жылы құрылған. Кәсіпорын жылына 400 тонна сүт өнімдерін өңдейді. 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өнімдері негізінен облыс аумағында саудаланады. Ал Сайрам ауданында 2018 жылдың 10 айында 13,9 млрд теңге инвестиция тартылған. Облыс көлемінде инвестиция бойынша ауданның үлесі 6,5 пайызды құрайды. Аудандағы кәсіпкерлік саласы бойынша белсенді субъектілердің саны 14665 бірлікке жетіп, өсім 12,8 пайызға тұрақтады. Өңірде 324 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, онда 992 жұмыс орны ашылған. 2018 жылы кәсіпкерлік саласында 85,8 млрд теңгенің өнімін өндіру жоспарланып, 10 ай көлемінде 93,7 млрд теңге өнім өндірілген. Нәтижесінде жылдық жоспар 109,2 пайызға орындалған. Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 10 ай көлемінде 5 жобаға 103 млн теңгеге қолдау көрсетілді. Кәсіпкерлікті қаржы институттары арқылы қаржылай қолдау мақсатында аудан көлеміндегі микрокредиттік ұйымдар арқылы 8 мыңға жуық адамға 4 млрд 367 млн теңге несие берілген. Өңірдегі инвестициялық тартымдылықты арттыру мақсатында жұмыс жүргізіп келе жатқан «TURKISTAN INVEST» компаниясы да ауқымды жобаларды қолға алуда. Қазіргі таңда «TURKISTAN INVEST» компаниясында облысқа жалпы құны 507 млрд тенгені құрайтын 19 жаңа ірі жобаны тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде баламалы электр энергиясын өндіру бойынша – 6, ауылшаруашылық саласына қатысты – 5, өңдеу өнеркәсібіне қатысты 8 жоба бар. Өткен жылы 4 кәсіпорынның құрылысы басталды. Барлық жобаларды жүзеге асыру аясында 14 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары пайда болуы тиіс. Олардың қатарында жалпы құны 13 240 млн теңгелік «ЭкоПроТех-Астана» ЖШС күн электростанциясы – 20 адамды, құны 95 000 млн теңгені құрайтын «Standard Petroleum & Co» ЖШС мұнай өңдеу зауыты – 1000 адамды жұмыспен қамтымақ. Сонымен қатар, инвестициялық компания тарапынан әлеуетті инвесторларға ақпараттық қолдау көрсету мақсатында «InvestInTur­kistan.org» инвестициялық порталы әзірленген. Ондағы ақпарат ағылшын, француз, қытай, түрік, араб, орыс және қазақ тілдерінде көрсетілген. Бұл порталдың көмегімен инвестор әлемнің кез келген бұрышынан, кез келген уақытта өзіне қажетті өңірдегі инвестицияға қатысы бар ақпаратты алу мүмкін­дігіне ие болады.

 

Тоғыз жолдың торабын тоғыстырған

Елбасының тікелей ықпалымен 1991 жылы Түркістан­да Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік уни­верситеті құрылды. Бұл бастама қаланың түркі дүниесіндегі орнын тағы бір айшықтай түсті. Сонымен қатар, 1998 жылдан бастап Түркістанның 1500 жылдық мерейтойына арналған дайындық шараларына ұласты.

Атап айтқанда, 2000 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойы әлемдік деңгейде аталып өтуі де тарихи қаланың дамуындағы айтулы кезең болды. 2002 жылы Дүниежүзі қазақтарының ІІ Құрылтайы да осында өтті. Бұл құрылтайда қандастардың елге оралу цмәселесі қаралып, көші-қон квотасының мөлшерін ұлғайту жоспары қарастырылды.

Түркістан еліміздің Қызылорда, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстары үшін сауда орталығы болса, сондай-ақ, қала «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінде орналасқан және бір жағынан Қытайға, екінші жағынан Ресейге қатынайтын темір жол торабы да бар. Тамырын тереңге тартқан құт мекен – Түркістан 2017 жылы ТҮРКСОЙ ұйымының шешімімен түркі әлемі­нің мәдени астанасы атанып, осы жыл көлемінде қалада бауырлас ха­лықтардың бірлігі мен мәдениетін паш ететін түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылды.

Елбасы Түркістан облысын құру туралы арнайы Жарлыққа қол қойғаннан кейін, өңірге алғаш рет сапарлаған ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Түркістан аймағын дамыту перспективалары туралы комиссияның бірінші отырысына қатысып, қаланың даму жоспарымен танысты. Мәселен, жаңадан жасалған бас жоспарға сәйкес қала аумағының көлемі 35 мың гектарға ұлғайған. Ал Түркістан қаласының шығыс бөлігінен жаңа қалашық салу үшін 670 гектар жер бөлініп, оның 170 гектар аумағына әкім­шілік-іскерлік орталық салынса, 300 гектарына көпқабатты тұрғын үйлер тұрғызылатын болады. Аталған қалашықта 65 мыңға жуық тұрғын тұрады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, жаңа жоспарға сәйкес инфрақұрылымдық жүйелерді және көліктік-логистикалық бағытты да­мыту жолдары қарастырылды.

«Көне Түркістан» тарихи бөлігін жаңғырту жобасы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңындағы қорғандарды реконструкциялауға бағытталған. «Көне Түркістан» жобасының негізгі идеялық мәнін іске асырудың 2 нұсқасы ұсынылды. Оның біріншісі «ТҮРКСОЙ» ұйымына мүше елдер­дің мәдени ошақтарын нақты тарихи сипатта, өзіндік сәулеттік нақыш­та қалыптастыру жөнінде жобалық ұсыныстарын алу және сол елдерге тиісті нысандарды салдыру. Екінші нұсқада түркітілдес елдер тарапынан инвестиция салу мәселесімен қатар отандық немесе басқа да инвесторларды тарту жұмыстары қоса жүргізу қаралған.

 

 Туризмге сұранып тұрған шаһар

Ерекше тарихи-архитектуралық және археологиялық ескерткіштері, айрықша табиғаты бар өңірдің бірінші даму бағыты – туризм. Қазірдің өзінде мұнда келетін туристер саны жыл санап артып келеді. Өңірге былтыр миллионыншы турист келгені салтанатты түрде жария етілген. Ал 2020 жылы 5 млн турист келеді деген болжам бар. Қазір облыс басшылығы осы мақсатқа жетуге жұмыла кіріскен.

ҚР Премьер-министрі А.Маминнің 2019 жылғы 4 наурыздағы тапсырмасы және ҚР-ның туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға сәйкес, туристер көп баратын облыстарда туристік полиция құру жөніндегі жол картасы бекітілген болатын. Осыған орай Қазақстан Республикасының халықаралық имиджін арттыру, өңірге келген шетел азаматтарының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін Түркістан облысында туристік полиция бөлімі құрылған еді. Бүгінгі таңда Түркістан облысы Полиция департаментінің туристік бөлімшесі 10 қызметкерден тұрады, оның бесеуі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде болса, қалған бесеуі Отырар ауданы Полиция бөліміне, яғни Арыстан баб мавзолейіне берілді. Әр обьектіде модульдік түрдегі стационарлық бекеттер орналастырылды. Мамандар бейнетіркегіштермен, планшеттермен, рациялармен жабдықталған. Сонымен қатар, Түркістандық туристік полиция қызметкерлері өздерінің кәсіби және қызметтік қасиеттері жоғары болуымен қатар, туристермен қарым-қатынас жасау үшін бірнеше тілді меңгерген мамандар. Сондай-ақ, туристерге туындаған мәселелерін шешу үшін өзге құрылымдармен өзара іс-қимыл жасауды қамтамыз етуде қызмет жасауға дайын.

Бұдан былай киелі мекен – Түркістанға сапарлайтын туристер мен жолаушылар саны артпаса, кемімейді. Сондықтан да теміржол, авто бекеттерді жарақтандырып, қызмет көрсету сапасын жақсарту маңызды. Ол үшін цифрландыру талабына орай соңғы үлгідегі құралдармен жабдықтау да күн тәртібінен түспек емес. Таяуда ғана қаланы әлеммен байланыстыратын халықаралық әуежайдың іргетасы қаланды. 2020 жылдың аяғында қолданысқа берілетін әуежай Түркістан қаласына жақын орналасқан Шаға ауылынан 3 шақырым қашықтықта салынуда. Бұл – Түркістан облысының даму стратегиясының бір бағыты еді.

Түркістан облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Төлебеков: «Жеке инвестицияның есебінен 19 қызмет көрсету нысандары салынып жатыр. Шетелдік туроператорларды осында әкеліп, туристік нысандарымызды көрсетіп, нақты туристер алып келу бойынша келісімшарт жасастық» деген жаңалығымен бөлісті.

Айта кету керек, Түркістан қаласының идеологиялық негіздемесін қалыптастыру бойынша 4 бағыт айқындалды. Олар: біріншіден, Түркістан – қазақ халқы мен түркітілдес елдердің ең ірі зиярат және туризм орталығы. Екінші, Түркістан – әлемдік деңгейдегі қолөнер және шеберлер орталығы. Үшінші, Түркістан – Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан ірі сауда орталығы. Төртінші, Қожа Ахмет Ясауи – рухани тұлға. Міне, осы 4 бағыт бойынша идеологиялық жұмыстар қолға алына бастады. Оның бірқатары Түркістан облысының 1 жылдығы аясында басталып та кетті.

 

 Түркістан – текті төр

Түркістан облысының құрылуы тек Түркістан қаласы мен шаһар төңірегінде тұратын жұртшылықтың ғана емес, ұлыстың ұйытқысы, алтын құрсақты аймақ, қазақылықтың қаймағы бұзылмаған өлке атанған өңір халқының қала берді тұтас қазақтың, түгел түркінің қуанышы!

Түгел түркі әлеміне қымбат, қасиетті тұлға – Ясауи бабамыз: «Іштүгіне қулық толғандардың, көкіректерінде ар-ұят солғандардың жүректері дірілдемейді, жандары тебіренбейді», – деген.

Түркі дүниесінің текті төрі Түр­кіс­тандағы Әзірет Сұлтан кесенесінде қазақтың 21 ханы, 8 сұлтаны, 19 биі, 52 батыр қолбасшысы жерленген. Текті төрді рухы тербеткен Ахмет Ясауи бабамыз: «Өз дініңдегіні дос тұт, өзге діндегілерді де дұшпан тұтпа», – деген.  Осы тұрғыда белгілі жазушы Мархабат Байғұт: «Бүкіл ел­дің назары ауып, ықыласы түскен шаһарда бәрі болады. Алайда халқының мәдениеті де соған сай биік болуы керек», – дейді. Сол үшін биыл­­дан бастап бүкіл түркі әлемінің көрнекті ақын-жазушылары мен қоғам қайраткерлерінің, спорт және өнер жұлдыздарының басын қосып, пікір алмасатын алаң құрылмақ. Осылайша, ғасырлар бойы Қазақ хан­дығының орталығы болған шаһар енді тұтас түркі жұртының руха­ни һәм мәдени астанасына айналмақ.

 

Дайындаған Динара Мыңжасарқызы

Редакция таңдауы

125 жыл бұрын төртем тапқан қазақ әйелі

Адам баласының ең басты парызы − дүниеге ұрпақ әкелу. Өйткені адамзаттың тіршілігі солай жалғасады. Осы орайда, қазақ халқының «Байлық − қолда еріген мұз, бала...

Түрікменстаннан 153 қандасымыз Қазақстанға көшіп келді

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Түрікменстандағы қандастарымыз атамекен Қазақстанға көшіп келді. Мемлекеттік органдар құжат, көлік мәселелір шешіп, барлығы 153 азаматты,...

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...
1d4a5aa18a1545a5bbd507fa16424f2f

21 миллион VPN қолданушысының жеке дерегі сатылымға шықты

Android операциялық жүйесіне арналған тегін VPN қызметтерінің 21 миллион қолданушысының жеке деректері...
773x435 cmsv2 7899d14b c138 5822 b480 a3f31d86f1a3 5420794

Францияның экс-президенті үш жылға бас бостандығынан айырылды

Францияның экс-президенті Николя Саркози үш жылға бас бостандығынан айырылды, оның ішінде бір...
itogi2

Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияны мақұлдады

Еуроодаққа мүше 27 елдің елшілері ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға байланысты Ресейге қарсы...

Жаңалықтар

21 миллион VPN қолданушысының жеке дерегі сатылымға шықты

Android операциялық жүйесіне арналған тегін VPN қызметтерінің 21 миллион қолданушысының жеке деректері Желіде сатылымға шықты, - деп хабарлайды Сyber News сайтына сілтеме жасап. Танымал хакерлік форумның...

Францияның экс-президенті үш жылға бас бостандығынан айырылды

Францияның экс-президенті Николя Саркози үш жылға бас бостандығынан айырылды, оның ішінде бір жыл нақты қамауда болады. Сот оны сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп тапты.

Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияны мақұлдады

Еуроодаққа мүше 27 елдің елшілері ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға байланысты Ресейге қарсы санкцияны мақұлдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. Агенттіктің...

БҒМ 1 наурыздан бастап мектептерде сабақ қалай өтетінін түсіндірді

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова 1 наурыздан бастап мектептердегі рұқсат етілген аралас форматта оқыту барысын түсіндірді. Вице-министр Facebook-тегі парақшасында 1 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының...

Алматыда коронавируспен күрескен дәрігерлердің құрметіне ескерткіш қойылады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында бұл ескерткіш медицина қызметкерлеріне деген алғыстың символына айналатынын атап өтті. «Бүгін Алматының медицина мен жазушылар қауымдастығының өкілдерімен дәрігерлерге арналған...

Пандемия: кәсіпкерлер үшін салықты есептеу жеңілдетілді

Қазақстандық кәсіпкерлер үшін салықты есептеу жеңілдетілді және кейбір төлемдер алынып тасталды. Пандемиядан зардап шеккен секторларда жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін жаңа бөлшек салықтың арнаулы салық режимі...

Түркістан өңірінде 100-ге жуық белсенді «Nur Otan» партиясы қатарына қабылданды

Бүгін Түркістанда 1 наурыз – Партия күніне орай, бірқатар азаматты «Nur Otan» партиясына қабылдау іс-шарасы өтті. Жиында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен...

Алматыда ойын-сауық орталығында ата-аналар төбелесті

Әлеуметтік желіде Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде болған төбелестің видеосы тарады. Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Видео кадрларынан төбелестің балалар ойын алаңында болғанын байқауға болады....

Наурыз айында күн райы қандай болады?

Еліміздің көптеген аймақтарында күнтізбелік көктем белгіленген мерзімде келеді. Бұл туралы «Қазгидромет» орталығы мәлімдеді.  Консультативтік болжамға сәйкес 2021 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының басым бөлігінде циклондардың өтуімен және...

Таразда Алғыс айту күніне орай 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды

Алғыс айту күніне орай былтыр ғана облыс орталығында бой көтерген «Қазақ халқына мың алғыс» монументінің маңында мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Онда қалалық зиялы қауым өкілдері,...

Қызылордада үйі өртеніп, нәрестесі қаза болған отбасыға баспана берілді

Қызылордада үйі өртеніп, нәрестесі қаза болған Текебаевтар отбасына жаңа баспана берілді. Oқиға биыл 18 ақпанында облыс орталығындағы Әл-Фараби мөлтек ауданында орын алды. Оқиға орнына шұғыл жеткен...

Алматыда КамАЗ көлігі жер астына түсіп кетті

Алматыда КамАЗ жүк көлігі жер астына түсіп кетті. Оқиғаның видеосын куәгерлер таратты, ал дәрігерлер көлік жүргізушісі жарақат алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Әлеуметтік желілерде...

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ. Адамға алғыс айтқанымыз – Аллаға шүкір еткеніміз

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Аллаға мадақ, пайғамбарға салауаттар болсын! Елімізде шуақты көктемнің алғашқы күні алғыс айту мерекесімен басталады. Баршаңызды бірлік пен мейірімге...

Асқар Мамин «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесті

Премьер-Министр Асқар Мамин «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинді қабылдады, – деп хабарлады primeminister. Тараптар ғарыш саласындағы Қазақстан – Ресей ынтымақтастығының...

«Nur Otan» партиясының жанынан 9 жаңа қоғамдық кеңес құрылады

Осылайша, олардың жалпы саны 14-ке жетті, – деп хабарлады партияның баспасөз қызметі. «Nur Otan» партиясының Лидері, Елбасы Н.Назарбаевтың партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»...

Талдықорған қаласына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Жасыбаев Ержан Бәкірбайұлы Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Ержан Бәкірбайұлы Жасыбаев 1965 жылы...

Белгілі әнші Индира Еділбаева «Nur Otan» партиясын таңдады

«Nur Otan»-ның құрылғанына 22 жыл толуына орай, партияның Алматы қалалық филиалы белсенді және жігерлі алматылықтармен толықты. Партияның жаңа өкілдері қатарында денсаулық сақтау, мәдениет және...

Әуе компанияларының табысы 41% азайды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әуе компанияларының жылдық табысы 41% төмендегенін, ал жолаушылар тасымалы қызметі 6 пайызға арзандағанын хабарлады. Биыл қаңтарда еліміздің әуе компанияларының кірісі...

Белгілі журналистің еміне қаржы жиналуда

Бүгін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді. Шараның негізгі мақсаты – көмекке мұқтаж жандарға көпшіліктің атсалысуымен қолұшын созу, мейірімділікті, қайырымдылықты насихаттау, қайырымды жандарға алғыс...

Атырау дәрігерлері Алғыс айту күніне орай челлендж бастады

«Мерекелік шараға өңірдегі 35 медициналық ұйымның қызметкерлері қатысты»,-деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. «Туған елге мың алғыс!» челленджі өңірде бір апта бұрын...

Дәрігерлердің жалақысы 561 мың теңгеге жетеді – министр

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2023 жылы дәрігерлердің жалақысы 561 мың теңгеге жететінін айтты. Ведомство басшысы Президенттің биылдан бастап дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңімен көтеру міндетін қойғанын...

Әлем тұрғындарының қанша пайызында коронавирусқа қарсы антидене бар екені анықталды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас ғылыми қызметкері Сумия Сваминатан Жер бетіндегі тұрғындардың қанша пайызында коронавирусқа қарсы антидене бар екенін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.  Ұйым...

Әлемдік ақпарат кеңістігіндегі Қазақстан имиджі

Ақпарат кеңістігінде мемлекеттің имиджі мен медиаобразын жасау – дамушы елдердің алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі. Қазақстан тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде дүние жүзінің алпауыт...

Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды

Осы көктемде 13 500-ден астам 18-27 жас аралығындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметші ел Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарын толықтырады. Қорғаныс ведомствосы...

ҚазҰУ ректоры француз ғалымдарына бірлескен археологиялық зерттеулер жасауды ұсынды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейт Түймебаев Қазақстандағы Франция Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Дидье Канеспен кездесіп, ғылым-білім  және мәдени бағыттар бойынша өзара ынтымақтастықты тереңдету...

Ресейдің ең бай депутаты қамауға алынды

Ресейдің Сахалин облыстық Думасының миллиардер депутаты Дмитрий Пашов қамауға алынды, деп хабарлайды РИА Новости.  Сот оған екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану...

«Борат 2» ең үздік комедия ретінде «Алтын глобус» лауреаты атанды

Лос-Анджелес пен Нью-Йоркте кино және теледидар саласындағы "Алтын глобус" сыйлығының 78-ші марапаттау рәсімі өтті. Коронавирус пандемиясына байланысты марапаттау тарихта алғаш рет виртуалды форматта өтті.  Ең...

Түркістандағы қайғылы оқиғаға қатысты алғашқы мәліметтер жарияланды

Түркістан қаласында орын алған қайғылы жағдайдың себебін анықтау үшін құзырлы органдардан құрылған топ болған жайтты жан-жақты тексеріп жатыр. Орын алған оқиғаның мән-жайын анықтаумен айналысатын...

15 жыл бойы қос азаматтығын жасырып келген павлодарлық жазаланды

Қос азаматтығын жасырып келген Павлодар облысы Железинка ауданының тұрғыны айыппұл арқалады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Аудандық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Железинка аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметінің...

Бұл – қазақ халқының шексіз дархандығының жарқын үлгісі.

Джамалайл ЭЛИМХАНОВ, «Емир-Ойл» ЖШС басқарма басшысы: Қазақстан Тәуелсіздік алған сәттен бастап Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев әрбір азаматтың өз Отанында қауіпсіз және жарқын өмір сүруі үшін және...

COVID-19: Елорда «сары» аймаққа енді

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2021 жылдың 1 наурызы күнгі қазақстан амақтарындағы эпидемиялық жағдайды бағалау матрициасын жариялады. Бұл туралы...

Бүгін «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл толды

Бүгін «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл толды. Партияның құрылуы мен қалыптасу тарихы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. 1998 жылғы 21 қазанда Қазақстан...

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ержан Ерікұлы Біржанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады. Ержан Біржанов 1979 жылы Солтүстік...

Алматы түрмесінен қашқан сотталушы Ақтөбеде ұсталды

Алматыдағы бас бостандығынан айыру орындарының бірінен қашып шыққан адам Ақтөбеде қолға түсті, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі. «Алматы...

«Nur Otan» қатары жаңа мүшелермен толықты

Партияның 22 жылдық мерейтойы қарсаңында «Nur Otan» облыстық филиалында салтанатты түрде партия билеттері табыс етілді. Партияның аймақтық филиалының төрағасы, облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов партия...

«Тұмар-2021» ұлттық телевизиялық байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Бүгіннен бастап tvtumar.kz сайтында «Тұмар-2021» ұлттық сыйлығын алуға өтінімдер қабылдау басталды. Сыйлыққа 2020 жылы қазақстандық телеарналардың эфиріне шыққан телевизиялық жобалар қатыса алады. Өтінімдерді республикалық және...

Америкалық телеарна Трамптың саяси жоспарларын ашты

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп елде жаңа партия құру мүмкіндігін қарастырмайтынын жариялайды. Оның саяси жоспарларын американдық Fox News телеарнасы ашты. "Біз жаңа партиялар құрмаймыз және...

Президент: Біртұтас және еңбекқор ұлт болсақ, көздеген мақсаттарымызға жетеміз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады. «Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елбасы 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында жариялаған осы...

Ақтауда жәндіктерді уламақ болған әйел көршісі мен оның 10 айлық сәбиін өлтірді

Пәтердегі жәндіктерді уламақ болған Ақтау тұрғыны көршісі мен оның 10 айлық сәбиін өлтіріп қойды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникациялар орталығына сілтеме жасап Lada.kz хабарлады.  Зарарсыздандыру құралынан...

Елбасы қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды Elbasy.kz. Қымбатты отандастар! Алғыс айту күні Қазақстан халқының бірлігін паш етеді,...

2020 жылдың ең танымал құпиясөздері анықталды

2020 жылы қандай құпиясөздер жиі қолданылды? Бұл сауалға DLBI деректер ағынын барлау қызметін жасаған зерттеуге сілтеме жасай отырып "Известия" басылымы жауап берді.  Рейтинг көшбасшысы тағы...

Жел, көктайғақ: Еліміздің 9 өңірінде ескерту жарияланды

1 наурызда елорда мен 8 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет". 1 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында жел, көктайғақ болады. Оңтүстік - батыстан соққан...

1 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

Бүгін – елімізде Алғыс айту күні. Бұл мереке  ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен бекітілген. 1995 жылдың 1 наурызында елімізде...

125 жыл бұрын төртем тапқан қазақ әйелі

Адам баласының ең басты парызы − дүниеге ұрпақ әкелу. Өйткені адамзаттың тіршілігі солай жалғасады. Осы орайда, қазақ халқының «Байлық − қолда еріген мұз, бала...

Бүгін – Жамбыл Жабаев дүниеге келген күн

Бұдан 175 жыл бұрын 99 жасына дейін жүрегінен жыр төгілген ақын,  дүлдүл жырау, жүйрік жыршы, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жамбыл ЖАБАЕВ (1846-1945)  дүниеге келді. Ол...

NASA Марстың алғашқы панорамасын жариялады

АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы (NASA) Ровер Perseverance түсірген Марстың алғашқы панорамалық суреттерін жариялады. NASA алдағы апталарда көптеген қызықты суреттері жариялайтынын мәлімдеді.  

Қожа Ахмет Ясауидің мөрі мен шежіресі табылды

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған «Ясауи ізімен» ғылыми-экспедициясы аясында Өзбекстан Республикасының Наманган қаласынан Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір...

Түрікменстаннан 153 қандасымыз Қазақстанға көшіп келді

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Түрікменстандағы қандастарымыз атамекен Қазақстанға көшіп келді. Мемлекеттік органдар құжат, көлік мәселелір шешіп, барлығы 153 азаматты,...

«Наконец-то» Бекшин алматылықтарға үндеу жасады

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин наурыздағы мерекелер алдында қала тұрғындарына үндеу жасады, - деп хабарлайды өңірлік СЭБД баспасөз қызметі. Бекшин үндеуінде алматылықтардан...

Армениядан жеткізілген көліктердің тіркеу мерзімі ұзартыла ма?

Қазақстанға Армениядан жеткізілген көліктерді тіркеу мерзімі 1 наурызға дейін ұзарды, - деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. ІІМ мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 1 ақпанына...

Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту туралы жоспарын айтты

Еліміздің жоғары оқу орындарындағы журналистика факультеттерінің оқу бағдарламалары зерделенеді. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева inbusiness.kz сайтына берген сұхбатында айтты. Министрдің айтуынша, қоғамдық...

Қытай келісімдерді елемей, қазақ пойыздары қараусыз қалып жатыр

"Жүк жөнелтушілердің бастамасымен Қытайға тауарларды қабылдауға уақытша тыйым салу енгізілді", – деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы (ҰК)»АҚ баспасөз қызметі. «ҚХР-мен шекарадағы бекеттерде жағдай...

Ресейде тіркелген көліктер Қазақстанда жүре алмай ма?

  Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстанның Бас прокуратурасы атынан жалған бұйрық таратылған деп хабарлайды  тengrinews.kz сайты. Аталған «құжатта» Ресейде тіркелген автокөлік иелеріне Қазақстан аумағында жалпы сенімхатсыз...

ЕСКІ ЖАРАНЫҢ АУЗЫН ТЫРНАУ ЕСТІНІҢ ІСІ МЕ…

Адам баласы туғанда бір-бірінен артық-кемі жоқ қызыл шақа болса да, өсе келе олардың бәрі өз бетінше өзгеріп, даралана бастайды. Өйткені уақыт ағымындағы түрлі әсерлер...

Елімізге Түрікменстаннан 153 қандасымыз көшіп келді

Бүгін Түрікменстан Республикасынан 153 қандасымыз тарихи Отанына көшіп келді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. 2020 жылы әлемде орын алған пандемияға байланысты елімізде көшіп–қонушылар ағыны кейінге қалдырылған болатын....

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип...

Мәди Манатбек жаңа қызметке тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы міндетін атқарушы болып Мәди Манатбекұлы тағайындалды. Мәди Манатбекұлы 1978 жылы 25 мамырда дүниеге...

Бас прокуратура үндеу жариялады

Әлеуметтік желіде жекелеген тұлғалар елдің әртүрлі аймақтарында заңсыз митингіге   шақырып жатыр. Осыған байланысты ҚР Бас прокурорының орысбасары Б.Б. Дембаев үндеу жариялады. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының...

Вице-министрдің не үшін қамалғаны белгілі болды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтің ұсталуына қатысты түсінік берді. «Мәдениет және спорт вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу...

Елбасы Түркия президентін құттықтады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Elbasy.kz.  Әңгіме барысында Елбасы Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтап, зор...

Полиция қызметкерлері жүкті әйелді автокөлікте босандырып алды

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері келіншекті автокөлікте босандырып алды. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 26 ақпанға қараған түні Самара-Шымкент автожолы...

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды

Бүгін жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын республика көлемінде ресми түрде мерекелеу басталды. ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев елордадағы Жамбыл ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Қ.Қуанышбаев атындағы...

COVID-19: Әлемде екпе салдырғандар саны індет жұқтырғандардан екі есе көп

Әлемде коронавирусқа қарсы екпе алған адамдардың саны пандемия басталғалы індет жұқтырғандардың жалпы санынан екі есе көп, деп хабарлайды ТАСС.  Қазіргі уақытта шамамен 227 миллион адам...

Әзірбайжан Таулы Қарабақта әуежай құрылысын бастады

Әзірбайжан билігі Таулы Қарабақта халықаралық әуежай құрылысы басталатынын мәлімдеді. Нысан Иранның шекарасына жақын жерде, Шуша қаласынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан Физулиде бой көтереді. Ел президенті...

Алғыс айту күні: Елордада мерекеге орай қандай шаралар өтетіні белгілі болды

Елімізде 1 наурызда Алғыс айту күні атап өтіледі. Бұл мерекеде елордалық театрлар медицина қызметкерлерін, эпидемиологтарды, педагогтарды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін спектакль көруге шақырады, деп...

Жол карталарын іске асыруға мониторинг жүргізу үшін цифрлық платформа әзірленеді – Б.Байбек

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында партияның алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті. Оның айтуынша, 1 наурызда «Nur Otan» партиясының құрылғанына...

Ақтөбе облысында 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті

Бүгін, 26 ақпанда сағат 11:55-те Шалқар ауданының Ұлпан теміржол станциясында 43 вагон құрамының 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті. Оның ішінде 13 цистерна аударылып, ұзындығы...

Винсент Ван Гогтың «Монмартрдағы көше көрінісі» картинасы сатылымға шығарылды

Винсент Ван Гогтың әйгілі картинасы – "Монмартрдағы көше көрінісі" саудаға шығарылды. Сурет бұрын-соңды көпшілік назарына ұсынылмаған, картина қайтадан сатылғанға дейін, Қытайда содан кейін Голландияда...

Қызылордада сауна әкімшісі жеңгетайлықпен айналысқан

Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан азаматша ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. "Қызылорда қаласында жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлықпен айналысып жүрген азаматша анықталды. Облыс орталығындағы сауналардың...

Білікті хирург қандасымыз: Орыс тілін білмегендіктен базар жағалап кеттім

https://youtu.be/zzD6QU3BF6M Сюжет авторы Нұржан ТҰРҒЫМБАЙ Тілші Ділда Уәлибек

1 наурызда әскерге шақыру басталады: Қорғаныс министрлігі негізгі өзгерістерді атады

13 мыңнан астам 18-27 жас аралығындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметші көктемгі шақыру кезінде еліміздің Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарын толықтырады....

Қырымбек Көшербаев Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды

Елордада Ж.Тәшенов және Амман көшелерінің қиылысында Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті. ҚазАқпараттың хабарлауынша, шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Мәдениет және спорт...

Қырғызстан президенті Путинге не сыйлағанын айтты

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ресейге жұмыс сапары кезінде Владимир Путинге қылыш сыйлады. Бұл туралы ол "Россияская газетаға" берген сұхбатында айтты. "Бұл қылышты Қырғызстанның ең мықты...

Елімізде азық-түлік жеткізу нарығы 75 пайызға өскен

2020 жылы Қазақстанда азық-түлік жеткізу нарығы 75% - ға өсті. Бұл туралы Chocofood қызметінің директоры Николай Щербак хабарлады, деп хабарлайды LS. Карантинге байланысты Қазақстанда азық-түлік...

Әлемде коронавирус құрбандарының саны 2,5 миллионнан асып жығылды

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 113,5 млн-ға жетті.  Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, індет жұқтырғандардың 89 миллионы емделіп шықса, 2 507 624-і қайтыс болды. COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша...

Семейде 1879 жылы салынған тарихи ғимарат өртенді

Ғимараттағы өрт тек таң ата ауыздықталған. https://youtu.be/AwAQx5E_MLA Өрт 26 ақпанда Абай даңғылында 00 сағат 46 минут шамасында басталған. Өртті сөндіруге барлығы 19 техника, 55 адам жұмылдырылды....

Алматы облысында Ан-2 ұшағы мәжбүрлі түрде қонды

"Азия Континенталь" әуе компаниясының Ан-2 әуе кемесі Боралдай - Кеген бағыты бойынша РРК5481 санитарлық рейсін орындау кезінде Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай 1,5 км...

Омбыда Халықаралық ана тілі күні атап өтілді

2021 жылғы 24 ақпанда халықаралық ана тілі күніне орай Қазақстанның Омбыдағы Консулдығының басшысы Ырысқали Дәуренбек «Омбы қазақтары» аумақтық қоғамдық ұйымының басшылығы, жергілікті қазақ тілі...

Елімізде сүт өндірісі бойынша қай өңір көш бастап тұр?

Шығыс Қазақстан облысы сүт өндірісі бойынша республикада көш басында тұр. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов халыққа есеп беру барысында айтты. «Соңғы бес жылда...

Ең сұлу волейболшылар рейтингі: Ресейлік спортшы Сабина Алтынбекованы басып озды

Грек басылымы Gazzetta планетаның ең сұлу волейболшы аруларының рейтингін жариялады. Рейтингте 25 жастағы ресейлік Алиса Маненок көш бастады, деп хабарлайды Politic. Бұған дейін аталған рейтингте...

Теміртау қаласының әкімі тұрғындардан кешірім сұрады

Теміртау қаласын жылумен қамтамасыз ететін ЖЭО-2 жұмысында ақау болып, тұрғындар аязда жылусыз қалды. Келтірілген қолайсыздық үшін Теміртау қаласының әкімі Қайрат Бегімов өңір халқынан кешірім сұрады. Мамандар...

2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді

2021 жылы Қазақстанда Көші-қон саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленеді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы...

Әлемдік ТОП-50 қатарына енген Қазақстан дзюдошылары

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Тель-Авивте өткен әлемдік «Үлкен шлем» турнирінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Olympic.kz. Жаңартылған рейтинг бойынша ТОП-50 қатарына енген қазақстандық дзюдошылар...

Президент Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады, – деп хабарлады Ақорда. Кездесу барысында Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның қазіргі...

Жамбыл Жабаев – 175: Киевте поэзия кеші өтті

Бұл жайында Қазақстанның Украинадағы елшілігі Facebook парақшасында мәлім етті. Қазақтың көрнекті суырып салма ақыны Жамбыл Жабаевтың туған күні қарсаңында Киевтегі қазақ диаспорасы мен Қазақстанның Украинадағы...

«Nur Otan» Партиялық бақылау комитетін Артур Платонов басқарады

Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып Артур Платонов тағайындалды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді. «Артур...

Нұр-Сұлтанда банк тонамақ болған күдіктілер ұсталды

Түн ішінде елордадағы банктердің бірінің ғимаратына есігін сындырып кірген екі күдікті ұсталды. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, түнгі сағат 02:30-да ішімдікке еліткен 2 жігіт шыны...

Қарағандылық судьяның ісін Жоғарғы сот қарайды

Қарағанды облыстық сотының судьясы Естай Исабековтің ісі Жоғарғы сотта қаралады. Судьяның әріптестері оның әрекеті судья әдебі кодексіне қайшы келетінін айтады. Алайда оған қатысты шешім...

Бүгін елорда мен Ақмола облысының оқушылары қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысында ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды. «26 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9...

Өткен тәулікте 855 адамда коронавирус расталды

Қазақстанда өткен тәулікте 855 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 135, Алматы қаласы - 110, Шымкент қаласы -...

COVID-19: АҚШ-та вакцинаның күшін әлсірететін вирустың жаңа түрі пайда болды

Калифорния технологиялық институты мен Колумбия университеті ғалымдарының пікірінше, коронавирус инфекциясының жаңа нұсқасында кездесетін мутация оған иммундық жүйенің әсерін сезінуге кедергі келтіреді, – деп жазды...

«Ұлы дала таңы» фильмінің түсірілім жұмысы басталды

Алматы облысы Панфилов ауданы Көктал ауылының маңында режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» толықметражды тарихи көркем фильмінің түсірілімі басталды, – деп хабарлады «Қазақфильм» киностудиясының...

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады – Қазгидромет

«Қазгидромет» мамандары 26 ақпанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады. Қазақстан аумағының басым бөлігінде фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей уақытта қар жауады....

Марсқа қонған Perseverance тіршілік іздейді

Бейсенбі күні кешке NASA ғарыш агенттігі Марсқа жаңа Perseverance (Персеверанс) роверін қондырды (ағыл. – табанды, қайсар), - деп хабарлайды ВВС. Ровердің Қызыл ғаламшардағы басты міндеті...

Армения Қарулы күштері Пашинянның отставкаға кетуін талап етті

Армения әскері елдің премьер-министрі Никол Пашинян мен оның үкіметінің отставкаға кетуін талап етті, - деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігі.  Бас штаб басшысы Оник Гаспарян қол...

Доллар бағасы тағы да арзандады

Теңгеге қатысты доллардың ресми бағамы төмендеді. Ұлттық банк 26 ақпандағы америкалық валюта бағамын атады. Жұмада теңгеге шаққандағы доллардың ресми бағамы 414,77 теңге болады. Бұл ретте...

Қазақстанда аяз 40 градусқа дейін көтеріледі

26 ақпанда Қазақстанның 11 өңірінде ауа райы нашарлап, 35-40 градус аяз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет". Жамбыл облысында, Тараз, Жезқазған, Қарағанды ​​облыстарында, Қарағанды, Жезқазған, Солтүстік Қазақстан,...

YouTube видеохостингі ата-ана бақылауы режимін енгізеді

Youtube платформасы ата-ана бақылауын орнатуға мүмкіндік беретін жаңа опцияны ойлап тапты. Бастапқыда YouTube видеохостингін жасаушылар 13+ жастағы бейнеге кіруді шектеді, сонымен қатар ата-аналарға балаларын...

Артур Төлепов әкімнің кеңесшісі болып тағайындалды

Актер Артур Төлепов Алматы қаласы ”Алатау” ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалғанын айтып, халықтан қолдау сұрады. Ол өзінің әкімнің кеңесшісі болып тағайындалғаны жөнінде Instagram...