ТӨРТ ҚАҚПАЛЫ ТҮРКІСТАН

ТӨРТ ҚАҚПАЛЫ ТҮРКІСТАН

ТӨРТ ҚАҚПАЛЫ ТҮРКІСТАН
ашық дереккөзі

Ежелгі Иасы, бүгінгі Түркістан қазақ ұлтының ғана қалыптасуына ұйытқы болған жоқ. Сонымен бірге күллі Түркі дүниесінің тарихтағы орнын еншілеп берген тарихи қала.

Патшалық Ресей мен кешегі Кеңес үкіметі Түркістанның тарихи рөлін қасақана кемітіп, сырт көзден жасырын ұстап келгені мәлім.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз Жарлығымен Түркістан қаласын облыс орталығы етіп жариялағанда қуанбаған халық кем болды. Тек қазақ халқы емес, түбі бір түркі жұрты жақсылыққа балаған тарихи шешім жыл өтпей жатып жемісін бере бастады. Түркістанның келбеті күн сайын шырайланып, көне шаһар жаңарып, жасарып келеді.

Бүгін облыстық мәслихаттың сессиясында облыс әкімі Ө.Шөкеев ҚР Үкіметі бір жыл мерзім ішінде Түркістан қаласын жедел дамыту мақсатында бес бірдей қаулы қабылдағанын атап өтті.

Осы жиында облыс мәслихатының депутаты С.Қуашбай туризм саласын дамытуда атқарып жатқан Отырар ауданы әкімдігінің жұмысына оң бағасын берді. Оған себеп С.Қуашбай бастаған  облыстық мәслихаттың әлеуметтік- мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның мүшелері бір ай бұрын Отырар ауданында туризмді дамыту барысымен терең танысқан болатын. Түркістанмен бірге аудан, қалаларда ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

[gallery ids="eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wNlwvSU1HLTIwMTkwNjEzLVdBMDEwMi5qcGciLCJ0aXRsZSI6IklNRy0yMDE5MDYxMy1XQTAxMDIiLCJjYXB0aW9uIjoiIiwiYWx0IjoiIiwiZGVzY3JpcHRpb24iOiIifQ==,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wNlwvSU1HLTIwMTkwNjEzLVdBMDA5OS5qcGciLCJ0aXRsZSI6IklNRy0yMDE5MDYxMy1XQTAwOTkiLCJjYXB0aW9uIjoiIiwiYWx0IjoiIiwiZGVzY3JpcHRpb24iOiIifQ==,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wNlwvSU1HLTIwMTkwNjEzLVdBMDEwMS5qcGciLCJ0aXRsZSI6IklNRy0yMDE5MDYxMy1XQTAxMDEiLCJjYXB0aW9uIjoiIiwiYWx0IjoiIiwiZGVzY3JpcHRpb24iOiIifQ=="]

Қазақтың тамыры ауылда десек, ауылды көркейту перзенттерінің басты міндеті болмақ. Отырар ауданында тұрғындарға жайлы жағдай жасайтын  «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы қолға алынды.  Мәселен, Мәдениет сарайының ғимаратына, Шәуілдір ауылындағы ұзындығы 4 шақырым болатын 5 көшені күрделі жөндеуден өткізу үшін 630 млн. теңге қаржы қаралған.

Облыс әкімі Ө.Шөкеевтің бастамасымен  Отырар ауданында 3 жобаны жүзеге  асыру жоспарлануда. Аудан орталығынан басталатын Арыстанбаб кесенесі мен Отырартөбеге апаратын туристік жолдың 3,6 шақырымын жарықтандыру, абаттандыру, аяқжол салу мақсатында  жалпы сметалық құны 789 млн  теңге қаржы қаралды. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.

Сондай-ақ, облыс әкімдігінің бастамасымен  және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Арыстанбаб кесенесінің ішкі аумағын абаттандыру жұмыстары да жүргізілетін болады.

Жыл өткен сайын ауданымызға алыс – жақын шетелдерден келетін туристер саны артуда. Жоғарыда аталған қаржылар игеріліп, нысандарда жөндеу жұмыстары сапалы біткен кезде туристермен қатар отырарлықтарға да қызмет ететін болады.

Алмас Ақылбек, журналист