Жаңа Заң, жаңа бағыт

Жаңа Заң, жаңа бағыт

Жаңа Заң, жаңа бағыт
ашық дереккөзі
 Ұлттық Жоспардың 33-қадамында «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалту жүйесін тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ осы азаматтар үшін әлеуметтік оңалтудың кешендістратигиясын әзірлеу» көзделген. Осы Ұлттық Жоспардың 33-қадамын іске асыру мақсатында 30.12.2016 жылы №38-VI Қазақстан Республикасының «Пробация туралы» Заңы және соған қатысты 30.12.2016 жылғы №39-VIҚазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының пробация сұрақтарына қатысты кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдар қабылданды. Пробацияның мақсаты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын түзету, сотталғаның әлеуметтік жағдайын оңалту, қылмыстық-атқару жүйесінен босап шыққан тұлғаларды қоғамға бейімдеу болып табылады. Пробацияның түрлері: Сотқа дейінгі пробация –күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын түзетуге бағытталған әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудегі қызмет және іс-шаралар жиынтығы. Сотқа дейінгі пробация үй қамақ және қамауда ұстау шарасы тағайындалған тұлғаларға қолданылмайды; Пенитенциарлық пробация – қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан тұлғаларды оңалтуға қатысты қызмет және іс-шаралар жиынтығы; Постпенитенциарлық пробация – қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босап шыққан тұлғалардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру және оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсете отырып, қоғамға қайта бейімдеуге қатысты қызмет және іс-шаралар жиынтығы. Үкімдік пробация – бас бостандығын шектеуге және шартты түрде сотталған тұлғаларға пробациялық бақылау бекітіп, егер сотпен және Қазақстан Республикасының Заңдарымен жүктелген міндеттерді орындамаған жағдайда, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырып, жазасын өтеуге жолдау мүмкіндігін сақтай отырып, атқарылатын іс-шаралар жиынтығы. Қазіргі уақытта Алматы қаласы Наурызбай аудандық пробация қызметі бөлімімен шартты сотталғандар, бас бостандығын шектеу, сондай-ақ, мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілуде. Үстіміздегі жылдың 5 айының қорытындысы бойынша әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету үшін жұмыспен қамту және денсаулық сақтау органдарына 189 сотталғанның жеке бағдарламалары жолданды. Оның 121 адамына тегін медициналық көмек көрсетілді.  А. Накыпбеков, Алматы қаласы Наурызбай ауданы пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет майоры