Шымкенттегі дендросаябақтың атауы өзгерді

Шымкенттегі дендросаябақтың атауы өзгерді

Шымкенттегі дендросаябақтың атауы өзгерді
ашық дереккөзі
Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағына Асанбай Асқаровтың есімі берілді, – деп хабарлайды "Отырар".  Саябақтың жаңа атауы Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітілді. Аталған саябақ 1979 жылы Асанбай Асқаровтың бастауымен құрылған. 28 мамырда жаңа атауы Әділет департаментінде тіркелген дендропарктің қасбетіндегі жазуы да ауыстырылмақ. "Қала әкімінің өзінің келісімдеуімен А.Асқаров атындағы дендросаябақ деп атауын өзгертуге нұсқама беріліп, тиісті жұмыстар басталды. 1,5-2 ай көлемінде қаржы бөлініп, атауы өзгеретін болады", – дейді Асанбай Асқаров атындағы дендросаябақ директоры Бейбіт Мошқалов.