Жапонияда әйелдер биік өкшелі туфли киюге қарсы шықты

Жапонияда әйелдер биік өкшелі туфли киюге қарсы шықты

Жапонияда әйелдер биік өкшелі туфли киюге қарсы шықты
ашық дереккөзі
Жапонияда әйелдер жұмыс уақытында арнайы дресс-кодпен биік өкшелі туфли киюді міндеттейтін ережеге қарсы шықты. Бұл бастаманы актриса әрі жазушы Юми Исикава көтерді деп хабарлайды The Guardian. Кампанияға қатысушылар әлеуметтік желіде #KuToo флешмобын бастады. Kutsu (туфли) және kutsuu (ауыру) сөздері #MeToo хештегіне жалғанды. Белсенділер үкіметтен әйелдерге биік өкшелі аяқ-киім киюге ресми тыйым салуды талап етті. Петицияға кемінде 19 мың әйел қол қойған. Бұл бастаманы көтерген актриса іскер әйелдердің дресс-код талабын гендерлік кемсітушілік және сексуалдық алымсақтық деп атады. 2017 жылы бірқатар канадалық компаниялар әйелдерге биік өкшелі туфли киюге тыйым салған. Осы жылы дәл осындай талап Филиппинде қабылданған.