БҰҰ Халықаралық соты Украинаның Ресейге шағымын қарай бастады

БҰҰ Халықаралық соты Украинаның Ресейге шағымын қарай бастады

БҰҰ Халықаралық соты Украинаның Ресейге шағымын қарай бастады
ашық дереккөзі
БҰҰ-ның Гаагадағы Халықаралық соты 3 маусымда Украинаның Ресейге қарсы шағымын қарайды. Сот тыңдауы 7 маусымда дейін созылады. Украина Ресейді терроризмді қаржыландырды, терроризммен қаржыландырумен күрес жөніндегі Халықаралық конвенция ережелерін бұзды деп айыптады. Халықаралық сотқа мұндай шағым 2017 жылдың басында Украинаның сол кездегі президенті Петр Порошенко жарлығымен түскен. "Ресей агрессиясы үшін жазасын алуы тиіс. Ресей Федерациясы үш жыл бойы халықаралық құқықтарды өрескел бұзып келеді, үш жыл бойы Қырымды заңсыз аннексиялап отыр, елдің шығысындағы Донецк және Луганск облыстарын заңсыз басып алып, Қырымды жою саясатын жүргізіп отыр", - деп мәлімдеген Порошенко. Украина сыртқы істер министрінің орынбасары Елена Зеркальдің хабарлауынша, әуелі сот Ресейдің шағымға қарсылығын қарайды, бірақ ол Гаага сотының құзыретіне бұл мәселені қарау кірмейді деп есептейді. Оның айтуынша, Украина бір жыл бұрын сотқа 17500 беттік материал өткізген, олардың дені 3 маусымда сот сайтында жарияланды.