Алматыда 1931-1933 жылғы ашаршылық құрбандарын еске алды

Алматыда 1931-1933 жылғы ашаршылық құрбандарын еске алды

Алматыда 1931-1933 жылғы ашаршылық құрбандарын еске алды
ашық дереккөзі
Екі жыл бұрын Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Алматының орталығында ашаршылық құрбандарына ескерткіш ашылып, онда қазақ халқының ауыр қайғысы әбден әлсіреген баласын кеудесіне қысқан ана бейнесі арқылы көрсетілген еді.  width=Бүгін алматылықтар Қарағайлы скверіне келіп, 1931-1933 жылғы ашаршылық құрбандарына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.  Алматы әкімі Бауыржан Байбек ел тарихына көз жүгіртсек, ұлт басына күн туған ауыр да алмағайып кезеңдердің аз болмағанын, бірақ қазақ халқының болашаққа деген үміті мен сенімін ешқашан жоғалтпағанын атап өтті. "Біз Елбасы айтқандай, тарихқа жіті көзбен қарап, өткенді ұмытпауымыз осындай нәубеттің қайталанбауы үшін қажет. Халықтың қасіретті кезеңдері əрдайым елдің жадында болуы тиіс. Бұл ретте тұтас ұлтты жойып жібере жаздаған ашаршылық ешқашан ұмытылмақ емес. Бүгінгі Қазақстан - халықтың бірлігі мен келісімін және бейбіт өмірді баға жетпес құндылыққа бағалаған ел. Халық айтпақшы, "жұмыла көтерген жүк жеңіл". Мұндай нәубет ешқашан қайталанбасын. Қашанда еліміздің іргесі берік, болашағы жарқын болсын", - деп атап өтті Бауыржан Байбек. Қазақстанда 1918-1933 жылдар аралығында түрлі мәліметтер бойынша үш миллионнан аса адам қаза тапқан, оның ішінде 1931-1933 жылдары 1,7 миллион адам көз жұмған. 100 мыңнан астам қазақстандық 1937-1938 жылдарғы репрессия құрбаны болған. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Жарлығымен 31 мамыр Саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды.