Дін бостандығын қамтамасыз ететін негізгі қағидат

Мейрам ИМАНБАЕВ,

Қазақстан дінтанушылары конгресінің сарапшысы,

саясаттану ғылымдарының кандидаты:

Дін бостандығын қамтамасыз ететін негізгі қағидат

 

– Мейрам Өткелбайұлы, осы күнделікті өмірімізде көп айтатын зайырлылық қағидатының маңызы туралы айта кетсеңіз?

– Шынында да, зайырлылық туралы күнделікті өмірде көп айтатынымыз да, оған жиі жүгінетініміз де рас. Неге? Өйткені, зайырлылық – заманауи қоғамда мемлекет пен діннің, дін мен мемлекеттің арасындағы байсалды қатынастарды орната алатындығын дәлелдеген маңызды қағидат.

Егер адамзат тарихына мемлекет пен діннің қарым-қатынасы тұрғысынан қысқа шолу жасар болсақ, осы екі ұғымның үздіксіз тайталасын көрер едік. Осы ретте, зайырлылық қағидатын енгізген Батыс өркениеті тарихында христиан діні бастапқыда қуғындауда жүрген діннен Орта ғасырларда монополиялық сенімге айналған сатыдан өткенін көрер едік. Мұндай үрдісті белгілі бір ерекшеліктерімен мұсылман Шығысына да телуге болады. Бір сөзбен айтқанда, тарихи дамуда мемлекет дінді өзіне толықтай бағындырған кезеңнен де, дін мемлекетті уысында ұстаған дәуірлер де болған. Әрине, бұл жерде мемлекет пен діннің арасындағы үздіксіз тайталастар туралы айтқанда мен бір тарапты ақтап алуды немесе екінші тарапты даттап қаралауды мақсат етіп отырған жоқпын. Менің айтпағым – жаңа заманда Еуропа өркениетінде бастау алған зайырлылық құндылықтары уақыт өте келе мемлекет пен діннің арақатынасына өркениетті межені – яғни мемлекеттің діннің ішкі ісіне араласпайтындығын, ал діннің мемлекет саясатына килікпейтіндігін анықтаған қағидатты белгілеуге алып келді. Зайырлылық қағидатының басты мәні де, маңызы да осында ғой деймін.

– Қазақстанда зайырлы қағидаттарды ілгерілетуде қандай құндылықтар басшылыққа алынады?

– Жалпы, біз зайырлылық қағидатын ілгерілету туралы айтқанда оны қоғамдағы басқа үдерістер мен үрдістерден бөліп қарастыра алмаймыз. Яғни, зайырлылықты ілгерілету қоғамдағы саяси демократияландыру, құқықтық мемлекет оранту тәрізді маңызды құндылықтармен қатар жүреді.

Осы тұрғыдан алғанда, жоғарыда аталған осындай қатынастар мен құндылықтар мемлекет пен қоғам алдында тұрған жаңа межелерді белгілейтін, соған қол жеткізудегі идеялар сабақтастығын қамтамасыз ететін және қоғамды ортақ мұраттарға жұмылдырып отыратын негізгі идеологиялық басымдықтар болып табылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп қазақстандық мемлекеттің қалыптасуы мен қызмет етуінің негізгі қағидасын бекітті.

Қолданыстағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңның кіріспесінде «..Қазақстан Республикасының өзін демократиялық, зайырлы мемлекет ретiнде орнықтыратынын, әркiмнiң ар-ұждан бостандығы құқығын растайтынын, әркiмнiң дiни нанымына қарамастан тең құқылы болуына кепілдік беретінін….негізге алады» деп жазылған.

Еліміздің дін саласын реттейтін заңнамада аталған тезистің көрініс табуы елімізде мемлекеттік діннің жоқ екендігін, ешбір діннің міндетті еместігін және ешбір дінге қандай да бір артықшылық берілмейтінін білдіреді. Мемлекет осы тұрғыдан алғанда барлық конфессияларға теңдей қатынас жасайды.

Атап айтқанда:

– мемлекет дінмен қатынаста бейтараптылық қағидасын сақтай отырып, өз азаматтарының дінге қатынасын қадағаламайтын және заңға қайшы әрекеттер орын алмаған жағдайда діни ілімнің мазмұнына және діни рәсімдерге араласпайтын ұстанымды басшылыққа алады;

– мемлекет толеранттылық қағидасы арқылы діни сенімге құрметпен қарап, өз азаматтарымен қатар ел аумағында заңды түрде тұрып жатқан шетелдік және азаматтығы жоқ адамдардың ар-ұждан және діни сенім еркіндігінің сақталуына кепілдеме береді;

– мемлекет тепе-теңдік қағидасын ұстана отырып, дін ұстанушылар мен діни бірлестіктердің барлығының заң алдында теңдігін кепілдендіреді.

Қазақстан тәуелсіздік жылдары зайырлылық қағидаттарын басшылыққа ала отырып, өзінің дін саласындағы саясатын пәрменді жүзеге асырып келеді. Әрине, біздің елімізде дін саласында бәрі идеалды, ешқандай мәселе жоқ деуден аулақпын.. Десек те, елімізде дін саласындағы саясатты іске асыруда мемлекетіміз «өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай», өз жолымен келе жатыр деп толық сеніммен айтуға болады.

Жалпы, еліміздің Конституциясында көрініс тапқан зайырлы құндылықтарды ілгерілету мемлекеттік органдардың алдында тұрған маңызды міндет болып табылады, өйткені зайырлылық – Қазақстанның заманауи құқықтық мемлекет ретінде өмір сүруінің негізгі өлшемі.

– Елімізде зайырлылық қағидатын орнықтыру мен ілгерілетудің заңнамалық тұғыры қалыптасқанына қанықтық. Ал бізде зайырлы құндылықтарды ұстанудың қалыптасқан дәстүрі бар ма?

– Қазіргі күнде қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлі сенімін насихаттау ісінде мемлекетіміздің зайырлы құрылысынан бастау алатын құндылықтар мен өмір сүру үлгісінің лайықты деңгейде насихатталуы әртүрлі деструктивті діни идеялардың таралуының алдын алуда және оларға қарсы тұруда пәрменді әдістердің бірі екенін тәжірибе көрсетіп отыр. Меніңше, халқымыздың даму тарихымен етене қалыптасқан салт-дәстүрлер мен діннің қарым-қатынасы және арақатынасы туралы айтқанда біржақтылыққа салынбай, шамамен соңғы бір ғасыр ішінде қалыптасқан зайырлы қағидаттарға негізделген өмір сүру ортасы мен құндылықтарын да дәстүрлі салт-дәстүрлеріміз ретінде қарастыруымыз тиіс деп есептеймін.

Бұл жерде зайырлы өмір сүру үлгісін мәдениетіміз бен салт-дәстүрлеріміздің бір бөлігі ретінде қарастырудың өзектілігі неде деген сауал туындайтыны анық. Мен ондай сұрақтарға былай жауап берген болар едім: халықтың күнделікті өмірімен біте қайнасып, өз өміршеңдігін танытқан кез-келген оңды құндылықтар уақыт өте келе сол халықтың салт-дәстүрінде берік орын алады немесе, керісінше, уақыт көшінен қалып қойған салт-дәстүрлер қатарынан орын алады. Бұл өмір заңдылығы.

Осы тұрғыдан алғанда, зайырлылық қарапайым тұрғыдан алғанда соңғы бір ғасыр ішінде біздің күнделікті өмірімізге еніп кеткен және үйреншікті өмір сүру үлгісіне айналған ұлдар мен қыз балалардың теңдей және қатар білім алуынан бастап, олардың қоғамдағы барлық салада бірдей еңбек ете алаулары мен өздерін жүзеге асыра алу мүмкіндіктерін қамтиды.Осы құндылықтар бүгінгі күнде біз үшін үйреншікті әрі қол жетімді қағидалар болғанымен, мұның артында өткен ғасырдың басында жаңашылдыққа ұмтылған қазақ қоғамының заманауи жетістіктерге жетемін деген үлкен үміті жатқанын да білгеніміз абзал.

Осы шынайылықты түсіну бүгінгі көтеріліп отырған мәселе желісіндегі тағы бір ойға түрткі болады: кез-келген мәдениет және соған негізделген салт-дәстүрлер мен нормалар қатып қалған ұғым емес, керісінше ол замана дамуымен өзгеріске түсіп, өзара байытылып отыратын категория. Осы жерде халқымызда бар «дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деген тәмсіл осыны меңзесе керек.

– Ал зайырлылық қағидаттарын ұстану шегінде қандай да бір туындап отырған мәселелер бар ма?

– Жалпы, еліміздің тұрғындарының мемлекеттің дін саласында жүргізіп отырған саясатын қолдау деңгейінің жоғары екенін өткен сұхбатымда айтып кеткен болатынмын. Осы тұрғыдан қарасақ, елімізде зайырлылық қағидаттарының сақталуына алаңдайтындай негіз жоқ.

Десек те, жекелеген діни ұйымдар мен діндарлардың ұстанымдарының зайырлылық қағидаттарына қайшы келіп жататындығын айта кеткен жөн. Ондай мәселелер қатарында орта мектептерде білім алып жүрген жекелеген оқушылардың діни себептерді алға тартып сенбі күндері мектепке барудан, еліміздің Әнұранын орындаудан, жекелеген пәндер мен сабақтарға қатысудан бас тартуы тәрізді жайттарды айта кетуге болады.

Соңғы жылдары жекелеген азаматтардың діни себептерді алға тартып, заңды некеге тұруға немқұрайдылық таныту жайттары да жиі кездесіп отыратынын айта кету керек.

Осы орайда, еліміздің азаматтары біздің мемлекетімізде әлеуметтік қатынастар, соның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, отбасы және неке институттары діни нормалармен емес, зайырлы заңнамалармен реттелетіндігін түсінуі керек. Мәселен, еліміздің заңына сәйкес некеге тұру міндетті түрде мемлекетпен тіркеледі. Бұл некеге тұрған азаматтардың құқықтары заңды түрде қорғалады деген сөз. Ал, некелерін діни жолмен қидырып, оны заңдастырмаған қыз балалар мен әйел адамдардың құқықтарын мемлекет жеткілікті деңгейде қорғай алмайды.

Жалпы, мемлекеттің бұл мәселелердегі ұстанымы айқын – дін бұл салаларға араласа алмайды және араласпауы тиіс.

Осы орайда, мемлекеттің зайырлы қағидаттарды ілгерілетуге бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының арқасында мұндай келеңсіздіктерге дер уақытында лайықты жауаптар беріліп отырғанын айта кету керек.

Мен осы жерде мынаны баса айта кеткім келеді: мемлекеттің жоғарыда айтқан білім беру, денсаулық сақтау, отбасы және неке институттарына қатысты талабы еліміздегі жалпыға ортақ адам құқығын сақтау және қамтамасыз ету мақсатынан туындайды. Сондықтан еліміздің азаматтары мемлекетіміздің конституциялық құрылысына және мемлекеттік органдар мен мекемелердің талаптарына мойынсұнулары қажет.

Осы ретте, мемлекетке қатынаста талаптардың негізсіз өсе беруі ақыр соңында жағдайдың мемлекетке де, діни салаға да, азаматтарға да жағымсыз бағытта өрбуіне алып баруы мүмкін екенін естен шығармаған абзал. Адамзат тарихына оған мысал боларлық жағдайлар мен оқиғалар жетіп артылады. Сондықтан, діни бірлестіктер мен діндар азаматтарымыздың мемлекеттің зайырлылық қағидаттарына құрметпен қарап, елімізде орныққан діни бостандықты лайықты бағалай алғандары жөн ғой деймін..

Азаматтар зайырлы мемлекеттің талабы мен өздерінің діни ұстанымдарының арқатынасын сақтауға баса мән беруі қажет. Олардың мемлекетіміздің зайырлы құрылысы азаматтарға діни бостандықпен қатар бірқатар міндеттер мен жауапкершіліктер жүктейтіндігін ұмытпағаны абзал.

– Соңғы сауал – діннің қоғамдағы орнын қалай көрер едіңіз және осы тұрғыда мемлекет нені басшылыққа алуы керек деп санайсыз ?

– Дін – ол сенім. Әлемдік және дәстүрді діндердің барлығы жалпыадамгершілік құндылықтарды басшылыққа алатындықтан кез келген елге тән дәстүрлі діннің сол қоғамның рухани тұрақтылығын сақтау мен нығайтудағы орны мен атқаратын функциясы аса маңызды. Сондықтан қазіргі күндегі заманауи қоғамдағы дін ұстанатын азаматтар тарихи қалыптасқан мәдениетіміз мен салт-дәстүрлерімізді ұлықтайтын, адам мен қоғамның заманауи дамуы мен прогресін басты орынға қоятын, демократиялық принциптерге негізделген адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуына мүдделі болуы тиіс.

Ал, мемлекет қоғамдағы діннің орны мен рөлін орынды бағалай отырып, өзінің зайырлылық принципіне беріктігін ұдайы көрсетіп отыру тиіс деп есептеймін. Өйткені зайырлы мемлекет жағдайында ғана дін мен діндарлардың құқықтары мен бостандықтары шынайы қамтамасыз етіліп, олар өз сенімдеріне сәйкес еркін өмір сүре алады.

– Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Динара Мыңжасарқызы

Редакция таңдауы

Желіде Тоқаевтың тазымен серуендеп жүрген суреттері жарияланды

Желіде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тазымен серуендеп жүрген сәтінің фотосы пайда болды. Суретті Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жариялады. "Тамаша күн. Таңғы серуен....

Қазақстандық Жаннұр Ниязбекова Қытайдың үздік студенті атанды

Қазақстандық Жаннұр Ниязбекова Қытайдың үздік студенті атанды. Бұл туралы студенттің өзі Instagram парақшасында жазды. Жаннұр Ниязбекова – Қызылорда қаласының тумасы. Осыдан 3 ай бұрын 17...

Президент әйелдер қауымын мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша әйелдер қауымын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Құрметті ханымдар! Баршаңызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Көктемнің шуақты мерекесі қашанда жүрегімізді сүйіспеншілік пен...

Римдегі турнирден қазақ балуандары 11 медаль алды

Италия астанасы Рим қаласында Маттео Пелликонаны еске алуға арналған күрес түрлері бойынша халықаралық рейтингтік турнир басталды. Оған 32 елден 350-ден астам спортшылар қатысуда. Қазақстан...
20171123013834

Қостанайда полиция сыныптасын атып өлтірді

Қостанайда 8-наурызда таңғы 3-те екі сыныптастың арасында шыққан жанжал кісі өлімімен аяқталды. Аталмыш қылмыс туралы...
2021 03 08 crop 6 30 671x1257 9c8b6cf0 c8e1 4063 8bdc 96e9aa4587bc

Атырауда базарлар мен сауда үйлері күн сайын жұмыс істейді

Атырау облысында базарлар мен сауда үйлерінің күн сайын жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Бұл туралы...
210308091522220e

Аршалы маңында 600 көлік 4 шақырымдық кептелісте қалды

Аршалы ауданы маңында автомагистральдің ортасын жүк көлігі жауып қалып, 600 автокөліктен тұратын...

Жаңалықтар

Қостанайда полиция сыныптасын атып өлтірді

Қостанайда 8-наурызда таңғы 3-те екі сыныптастың арасында шыққан жанжал кісі өлімімен аяқталды. Аталмыш қылмыс туралы облыстық Полиция департаментінің басшысы Бекет Аймағамбетов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды. «Бүгін Қостанайда қатардағы...

Атырауда базарлар мен сауда үйлері күн сайын жұмыс істейді

Атырау облысында базарлар мен сауда үйлерінің күн сайын жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігері Мәдениет Танауовтың жаңа қаулысында айтылған. «Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, бетперде кию режимін,...

Аршалы маңында 600 көлік 4 шақырымдық кептелісте қалды

Аршалы ауданы маңында автомагистральдің ортасын жүк көлігі жауып қалып, 600 автокөліктен тұратын 4 шақырымдық кептеліс пайда болған, деп хабарлайды Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз...

Қазгидромет алдағы үш күнге жасалған ауа райы болжамын жариялады

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі алдағы үш күнге жасалған ауа райы болжамын жариялады. «Екатеринбург жақтан көшкен циклон Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр жаудырады. 10 наурыз...

Елімізде полиция қатарында 11 мың қыз-келіншек қызмет етеді

Полиция қатарында ер-жігіттермен бір сапта күндіз-түні аянбай 11 мың қыз-келіншек қызмет етеді. Бұл туралы Қазақстан Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Халықаралық әйелдер күнімен құттықтау...

Әнші Диляра Дидарқызы «Украина дауысы» байқауына қатысады

Қазақстандық Диляра Дидарқызы «Украина дауысы-11» жобасындағы сынақтан өтіп, Олег Винниктің командасына қабылданды, деп хабарлайды украиналық ТСН арнасы. Диляра әлемдік жұлдыз Мэрайя Кэридің «My All»...

Желіде Тоқаевтың тазымен серуендеп жүрген суреттері жарияланды

Желіде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тазымен серуендеп жүрген сәтінің фотосы пайда болды. Суретті Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жариялады. "Тамаша күн. Таңғы серуен....

Головкиннің келесі қарсыласы

Бірінші орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Хайме Мунгия (36-0, 29 КО) келесі жекпе-жегін орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинге (41-1-1,...

Құрмаш Маханов аэропортта аруларға арнап ән шырқады (видео)

8-наурыз мерекесін «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының әртістері әйелдер қауымын ерекше форматта құттықтады. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайымен бірлесіп өткізілген іс-шара аясында елорда тұрғындары мен қонақтары Қазақконцерт...

Қазақстандық Жаннұр Ниязбекова Қытайдың үздік студенті атанды

Қазақстандық Жаннұр Ниязбекова Қытайдың үздік студенті атанды. Бұл туралы студенттің өзі Instagram парақшасында жазды. Жаннұр Ниязбекова – Қызылорда қаласының тумасы. Осыдан 3 ай бұрын 17...

Алғашқы ҰБТ 10-наурызда басталады

Жоғары оқу орнының ақылы бөліміне түсуді жоспарлаған талапкерлер үшін ұйымдастырылатын наурыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу компьютерлік форматта өтеді. Егер бұған дейін көктем айындағы тестілеу...

Қазақстанның кей аймақтарында жол ашылды

Ауа райының жақсаруына байланысты еліміздің кей өңірлерінде жолдар ашылып, көлік қозғалысы қалпына келтірілді.  07.03.2021 күні 08.00-ден бастап Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Алтай-Рахман шоқысы» тасжолының 7-66 шақырымы,...

Жандолла Мандатұлы: Кореяда стипендия арқылы білім алуға болады

Жандолла Мандатұлы – Баян-Өлгий аймағында туған. Авиация инженері мамандығы бойынша Оңтүстік Корея елінің Пусан Ұлттық университетінің студенті. Ол Кореяда қалай стипендия арқылы білім алуға...

Пеле: Мбаппе ізбасарым болады

Әлем футболының королі атанған Пеле болашақта өз ізін «ПСЖ» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе басады деп болжайды. - Мбаппе менің ізбасарым бола алады және мен бұны...

Киік мүйізін Қытайға сатқандар ұсталды

Атырауда киіктің мүйізін Қазақстаннан Қытайға сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың 12 мүшесіне қатысты сот үкімі шықты. Топты басқарған бұрын ҚХР азаматы болған қазақ, -...

Бітімгер әйел

Елімізде әскери салада әйелдер қауымы елеулі еңбек етіп келеді. Тіптен олардың саны жыл сайын артуда. Заңгер, қаржыгер, телефонист  секілді мамандықтарды игерген. Олар ұшақты басқарып,...

Елімізде 480 адам коронавирустан жазылды

Қазақстанда бір тәулікте 480 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 68, Алматы қаласы - 54, Шымкент қаласы...

Темекіні оңай тастаудың 5 тәсілі

Дүниежүзінде коронавирусқа қатысты шындыққа сай келмейтін түрлі ақпарат тарады. Осындай мифтің бірі - темекі шегетіндер COVID-19 инфекциясын сирек жұқтырады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше жағдайлар...

Президент әйелдер қауымын мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша әйелдер қауымын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Құрметті ханымдар! Баршаңызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Көктемнің шуақты мерекесі қашанда жүрегімізді сүйіспеншілік пен...

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

Бүгін Қазақстанда «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесі аталып өтеді. Биылғы мереке алғаш рет коронавирусқа қарсы карантин шектеулерімен тұспа-тұс келіп отыр. Атаулы күннің тарихы әйелдер...

«Маттео Пеликоне»: Қазақстан спортшылары үш алтын медаль алды

Римде күрес түрлерінен "Маттео Пелликоне" рейтингтік турнирі мәресіне жетті. Еркін күрестен Қазақстан құрамасы соңғы жарыс күнінде үш алтын, екі күміс және үш қола медаль...

Жансай Смағұлов: қолда тұрған алтыннан айырылып қалдым

Ташкентте дзюдодан әлемдік "Grand Slam" жарысында 73 келі салмақ дәрежесінде күресіп, күміс жүлдегер атанған Жансай Смағұлов алтыннан қалай айырылып қалғаны туралы айтып берді.  "Жарыс...

Дабылды ескерту жарияланды

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Қазгидромет синоптиктері Нұр-Сұлтан қаласы мен еліміздің 9 облысында дабылды ескерту жариялады. 8 наурызда Нұр-Сұлтанда көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады деп...

Алматы облысының дәрігер қыз-келіншектері марапатталды

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорған көп салалы ауруханасына барып, облыстағы денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүрген, індетпен күресте алдыңғы шепте болған бірқатар нәзік...

Дзюдодан париждегі Grand Slam турнирі Қазан қаласына ауыстырылды

Дзюдодан 5-7 мамыр күндері Парижде өтуі тиіс Grand Slam турнирі Қазан қаласына ауыстырылды. Бұл туралы Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) баспасөз қызметі хабарлайды.  Франция тарапының...

Жансай Смағұлов Grand Slam турнирінің күміс медалын иеленді

Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінің финалында бақ сынаған Қазақстан балуаны Жансай Смағұлов турнирдің күміс жүлдегері атанды деп хабарлайды Olympic.kz. 73 келіде сынға түскен...

Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды. Қаулы бойынша, 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында мыналарға рұқсат етіледі: оқушылар саны 300-ге дейін контингенті...

Қарағандыда көлікте отырған арыстан туралы Экология министрлігі не дейді?

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қарағандыда арыстанды көлігімен тасымалдағандардың оқиғасына пікір білдірді - деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Облыстық жануарлар дүниесі инспекциясының мамандары бұл мәселені талқылады....

Римдегі турнирден қазақ балуандары 11 медаль алды

Италия астанасы Рим қаласында Маттео Пелликонаны еске алуға арналған күрес түрлері бойынша халықаралық рейтингтік турнир басталды. Оған 32 елден 350-ден астам спортшылар қатысуда. Қазақстан...

Қазақстанда апта ішінде болған тағайындауларға шолу

Осы аптада еліміздің орталық және жергілікті атқарушы органдарында бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды. Президенттік жастар кадр резервінің төрт өкілі басшылық лауазымға тағайындалды. 1-7 наурыз аралығында...

Ақмола облысының қыздары 4 алтын медаль иеленді

ШҚО Өскемен қаласында жалауын көтерген әйелдер арасындағы еркін күрестен Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Бәсекеде Ақмола облысының төрт қызы төрт алтын медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық...

Қарағандыда көлік ішіндегі арыстан жұртты таңдандырды

Қарағандыда көлік терезесінен қарап тұрған арыстанның суреті БАҚ пен әлеуметтік желілерде резонанс тудырды, деп хабарлайды NewTimes.kz. Экология министрлігі бұл оқиғаның мән-жайын анықтап, арыстан Қарағанды хайуанаттар...

Индонезияда сегіз жасар бала қолтырауынның асқазанынан шығарылды

Индонезияда сегіз жасар баланың денесі қолтырауынның асқазанынан алынды, деп жазады The Sun. Берілген ақпаратқа сәйкес, баланың еш жеріне зақым келмесе де, аман қалмады. Бала әкесімен бірге...

Женевада адам құқығы туралы ең жақсы фильмдер іріктелмек

Биыл 19-шы Халықаралық кинофестиваль және Женевадағы адам құқықтары жөніндегі форум виртуалды форматта өтеді. Жыл сайын іс-шараға 40 мың көрермен қатысатын. Онымен қоса 25 елден 300-ге...

Атырауда автотұрақтағы 5 автобус өртеніп кетті

Оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Атырау облысындағы Теңіз кенішінде 5 автобус өртеніп кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz Оқиға 5 наурызда сағат 19:30-да Жылыой...

Елімізде 2021 жылғы алғашқы екі айда 120 адам жемқорлыққа қатысты сотты болған

2021 жыл басталғалы бері  шамамен 120 адам жемқорлық ісіне қатысты сотты болған. Бұл жөнінде ҚР сыбайлас жемқорлыққар қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram каналында хабарланды. Cотталғандардың ішінде 28...

Экстремистік идеология жақтастарын райынан қайтару – басты міндет

Қазақстанда  жат діни ағымдарды түбегейлі ауыздықтау мүмкін болмай отыр. Діни ахуалдың тереңдеуіне қауіптің  алдын алу жұмыстарының жеткіліксіздігі себеп болуда. Бұл туралы Алматыда Абай атындағы...

Әлемде адам тіршілігі үшін қажетті негізгі тауарлардың бірі таусылуға жақын

Дүние жүзінде адам тіршілігі үшін маңызды тауарлардың бірі — құмның тапшылығы сезіле бастады. Құм судан кейінгі ең көп сұранысқа ие ресурс болып саналады, деп...

Бас санитардың жаңа қаулысы шықты

ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды.  Жаңа қаулыға сәйкес, қылмыстық-атқару мекемелерінде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау алгоритмі» атты 24-қосымшада 4-тармақ өзгертілді. «4. Маскаларды...

Дәрігер әйел адамның денсаулығына қауіп төндіретін ең зиянды өнімдерді атады

Ресейлік диетолог Наталья Круглова әйел адамның денсаулығы мен сұлулығы үшін ең қауіпті тағам түрлерін атады, деп хабарлайды Lenta.ru. Дәрігердің сөзінше, әйелдер жейтін тағамының калориясына мән...

Елорда асханаларының бірінде өрт шықты (видео)

"5 наурыз күні сағат 11.48-де өрт сөндіру бөлімнің қызметкерлері шұғыл түрде Достық көшесінде орналасқан "Избушка" дәмханасына аттанды", – делінген астаналық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында. Тұрғын...

«Қазақалтын» кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны қолды болды

Ақмола облысында «Қазақалтын» кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны ұрланды, деп хабарлады zakon.kz. «Ақмола облыстық полиция қызметкерлері 2 наурызға қараған түні «Қазақалтын» АҚ-қа тиесілі катодты алтынды ұрлау...

Орыс тілінде сөйлеген депутат партия қатарынан қуылды

Украинада Харьков облыстық кеңесінің депутаты Александр Дорошенко орыс тілінде сөз сөйлегені үшін  партия қатарынан шығарылды, деп хабарлайды РИА Новости. "Еуропалық ынтымақтастық" партиясы баспасөз қызметінің мәліметінше, ...

Жамбылда 38 елді мекенді қызыл су басуы мүмкін

Жамбыл облысында 38 елді мекен су астында қалуы мүмкін. Олардың басым көпшілігі су қоймаларының маңайында орналасқан. Егер көктемде күн күрт жылып, таудағы қар ерісе...

Елімізде жаңа мереке пайда болды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізетін бұйрыққа...

«Алаяқтардың қолына түсуі мүмкін»: Маман телефоннан қандай хабарламаларды жойып отыру керегін айтты

"Цифрлық платформалар" автономды коммерциялық емес ұйымының бас директоры Арсений Щельцин смартфоннан қандай хабарламаларды өшіріп отыру керегін айтты, деп хабарлады РИА Новости.     Маманның айтуынша, телефоннан...

Алматылық оқушы халықаралық математика лигасында топ жарды

Алматы қаласындағы «Білім-Инновация» мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы Нұрасыл Бейсенбай  The Math League – Халықаралық математика лигасында топ жарды, деп хабарлайды Алматы арнасы.  Олимпиадаға әлем бойынша...

Өр тұлғалы өңір басшысы

Күрделі кезеңдерде республикамыздың бес облысының әкімі болған, Елбасының сенімді сардарына айналған Бердібек Сапарбаевтың атқарған еңбегін, көзбен көріп, көңілге түйген сол облыстардың халқы әлі күнге...

Қасым-Жомарт Тоқаев түрік халқына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кугар» әскери тікұшағының апатқа ұшырап, бірнеше адамның қаза болуына байланысты Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанға Қазақстан халқының және жеке өзінің...

8 наурызға 18 кітап

Көктемнің алғашқы шуақты мерекесі жақындаған сайын көпшілігімізді, әсіресе ер-азаматтарды жақындарыма «не сыйласам?» деген сауал мазалайтыны белгілі. Кітап сыйлаңыз. Жақсы таңдалған құнды кітап басқа жанның...

Елімізде мұнай және газ-химия саласында 5 зауыт салынады – министр

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев 2025 жылға дейін елімізде мұнай және газ-химия саласында 5 зауыттың құрылысы аяқталатынын айтты. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында мұнай және газ-химия...

Қазақстанда әйелдер мемлекеттік қызметтерді алуға аз жүгінеді

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтерге қанша әйел жүгінетінін есептеп көрді. Белгілі болғандай, 2020 жылы мемлекеттік корпорацияға түрлі қызметтерді алу үшін 6,2...

8 наурыздан бастап Өзбекстанға жаңа әуе рейсі ашылады

2021 жылғы 8 наурыздан бастап «SCAT» әуе компаниясы Ақтау және Үргеніш қалалары арасында аптасына 2 рейс орындай бастайды, – деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз...

АҚШ ғалымдары коронавирус инфекциясын қоздыратын қан тобын анықтады

АҚШ ғалымдарының зерттеуі бойынша, ІІ қан тобының иелері коронавирус инфекциясының жұқтыруға «бейім» келеді. Гаврард медициналық мектебінің «Бригэм энд уименз» клиникасында қызмет ететін ғалымдардың бұл...

Коронавирус: 226 адамның жағдайы ауыр

5 наурыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 18 882 адам короновирус инфекциясынан (13 236 КВИ+ және 5 646 КВИ-) емделіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында олардың...

Ауа райының бұзылуына байланысты 7 өңірде көлік қозғалысы шектелді

ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, республикалық маңызы бар жолдардың төмендегідей учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Ақмола облысында: 1. 03.03.2021 ж. сағат 16.00 «Жезқазған-Петропавл» автожолының 377-536 шақырымында,...

Ақылы автожолдарда көлігі бұзылған жүргізушілерге тегін көмек көрсетіледі

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы ақылы автожолдарда жанармайы таусылған немесе автокөлігі бұзылған жүргізушілерге көмек тегін көрсетілетінін мәлімдеді. Павлодар облысының Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Аққулы, Железин және Тереңкөл аудандарында...

5 наурыз: еліміздің тарихында қандай айтулы оқиғалар болды

Осыдан 25 жыл бұрын, яғни 1996 жылы 5 наурызда Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры «Ақан сері-Ақтоқты» пьесасының (режиссер Ж. Омаров) қойылымымен ашылды. Сол жылы...

Елордада ауа райының бұзылуына байланысты оқушылар қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы бүгін ауа райының күрт бұзылуына байланысты мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқыту форматына көшірілгенін хабарлады. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы хабарлайды:...

ШҚО-да дүкенге маскасыз кірген адамға айыппұл салынды

Шығыс Қазақстан облысының 5 ауданында карантиндік шектеуді бұзғандар тіркелді. ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, мониторингілік топтар Шемонаиха ауданында 74 нысанға тексеру жүргізіп, ереже бұзудың 1...

Өткен тәулікте 857 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 132, Алматы қаласы - 134, Шымкент қаласы - 27,...

Еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады – Қазгидромет

5 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігіне әлі де Солтүстік-Батыс циклонның әсері сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Республиканың оңтүстік...

Абай атындағы университет үздіктер қатарына енді

Абай университеті екі бағдарлама бойынша QS World University Ranking by Subject-2021 рейтингінде топ-250 үздіктер қатарына енді. Абай атындағы ҚазҰПУ алғаш рет «QS World University Ranking...

Кремль: «Cанкцияның әсері де, мағынасы да жоқ»

АҚШ-тың "Навальныйдың ісі" бойынша жаңа санкциялары екіжақты қатынастарға "қатты әсер етеді", қазірдің өзінде "жағдай нашар". Бұл туралы Кремльде айтылды. АҚШ-та Ресейдің жаппай қырып-жоятын қару бағдарламасын...

«Құтадғу біліктің» жаңа аудармасы оқырманға тарту етілді

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Отырар» кітапханасында Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегінің жаңа аудармасының таныстырылымы өтті. Қарахандар дәуірінде 1069 жылы жазылған құнды жәдігер...

Министрлік коронавирус «гүл арқылы жұғады» деген ақпаратқа түсінік берді

Коронавирус инфекциясы гүл арқылы жұғады деген ақпарат жалған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Департамент мәліметіне қарағанда, Желіде...

Балалар әдебиеті: есейген қаламгер ме, балалар ма?

Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Халқымызда ежелден балалар әдебиетінің бай фольклорлық үлгісі болды. Ертегі, жаңылтпаш, мазақтама, жұмбақ, т.б. Мұндай қызықты нәрселердің...

Бішкекте қандасымызға арналған музыкалық кеш өтті

1 наурызда  Бішкектегі К.Молдобасанов атындағы Қырғыз ұлттық консерва­тория­сында Қыр­ғыз Республикасындағы қазақтардың арасынан шық­қан талантты әнші, қырғыз елінің  мә­дениетіне еңбек сіңірген қайраткер Ержан Му­синді еске...

Енді WhatsApp-тың компьютерлік нұсқасында бірнеше адаммен видео арқылы сөйлесуге болады

WhatsApp мессенджерінің компьютер арқылы қосылатын нұсқасында бірнеше адам видео және аудио байланыс арқылы сөйлесе алады, - деп хабарлайды Tech Crunch. Аудио және видео қоңыраулар шифрлау арқылы...

Ауылдағы іскер әйелдерге 4000 доллар қайтарымсыз грант беріледі

Ауылды жерлерде кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдердің 4000 доллар қайтарымсыз грант ұтып алу мүмкіндіктері бар, деп хабарлайды Аtameken Business.     https://youtu.be/rIWRXS-QT2Q Ол үшін өз ісіңізді ашуға деген...

2020 жылы Қазақстанда 48 ірі сүт фермасы іске қосылған

Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында импорттық өнімдерді алмастыру жоспары бойынша Қазақстанда 48 тауарлы сүт фермасы, 3 ет комбинаты іске қосылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы...

Пандемия кезінде гендерлік теңсіздік күшейді – ДДСҰ

Пандемия Еуропадағы гендерлік теңсіздікті күшейтті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге бейсенбі күні Facebook-те жарияланған Копенгагенде өткен...

Украина коронавирустың үшінші толқынына дайындалуда – Премьер-министр

Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль елде COVID-19 үшінші толқынының басталғанын мәлімдеп, келесі локдаунның мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтты.  Укринформ сайтының мәліметінше, Денис Шмыгаль жағдайды бейімделген карантин құралдарымен...

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі мүмкін деген болжам жасады. Сарапшылар 2020 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы тұрғындары...

Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы керек – Бас мүфти

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Қазақы стильдегі мешіт құрылысы бойынша жұмыс тобының алғашқы мәжілісі өтті, –...

«Nur Otan»: Түркістанның тазалығына жауапты көпбалалы аналар ардақталды

Бүгін «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалында 8 Наурыз – әйелдердің халықаралық мерекесіне орай, бір топ көпбалалы анаға құрмет көрсетілді. Партияның «Бақытты отбасы» жобасы...

Жаңа орда құратын ұрпақ тәрбиелегіміз келеді

Парасат ТАНЕН, Orda Gen жобасының директоры: Тәуелсіздіктің ақ таңында дүниеге келген сәбилердің емін-еркін ойланып, жан-жақты дамып, қазақы мінез қалыптастыруына ертегі арқылы жол ашу – Orda...

Жасотандықтар мереке қарсаңында жас аналарға құрмет көрсетті

8 наурыз қарсаңында жасотандықтар Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді орталық аурухананың акушерлік бөлімнің нәзік жанды қызметкерлері мен аналарын құттықтады. «Jas Otan» ЖҚ жетекшісі Нұржан Жетпісбаев: «Әйелдер күнімен...

Өскеменде баланы еденге лақтырған тәрбиешіге іс қозғалды (видео)

Өскемен қаласындағы «Арман» балабақшасының тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 3 наурызда облыстық білім басқармасына хабарласқан ата-ана «Арман» балабақшасындағы «Еркетай» тобы...

Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар

2019 жылғы қазанда Ұлттық кеңес­тің кезекті отырысында Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қ.Тоқаев ғалым­дар­ға жаңа қазақ ұлт­тық латынграфикалы әліпбиін же­тілдіруді тап­сыр­ған болатын. Ал 2021 жылғы 28...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы арасында дипломатиялық қаты­нас орнады. 1993 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Прези­дентінің «Мемлекеттік холдингтік компаниялар туралы»...

Алма ҚҰНАНБАЕВА, Стэнфорд университетінің профессоры: Америкалықтар қазақтың киіз үйіне келіп, күйін тыңдауға құмар

АҚШ-тағы әлемге әйгілі Стэнфорд университетінің профессоры Алма Құнанбаева көп жыл бойы америкалық студенттерге қазақ мәдениеті туралы лекция оқыған. Сонымен қатар ол Беркли қаласында Орта...

Ақмола облысында шахтада топырақ басып қалған жұмысшылар құтқарылды

Ақмола облысында шахтада топырақ үйіндісінің астында қалған екі жұмысшы құтқарылды. Oблыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 4 ақпан күні Астрахан ауданындағы «Айна – ресурс» ЖШС...

Сарқылмас сезім бұлағы

Өнер атаулы сұлулықты дәріптеуден тұрады десек, сол дәріптеудің таусылмас кені, сар­қыл­­мас шабыт көзі – әйелдер. Және бұл өнер­­дің барлық түріне тән. Ежелгі дәуірден бері...

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА: Ақынның мақсаты – әлдекіммен қылыштасу емес, ақиқатқа көз жеткізу

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Túrkistan басы­лымы арқылы қазақ қыздарына өз ақыл-кеңесімді айтқым келеді. Басылымдарыңызды замандастарыммен қатар оқитын жас қыз-келіншектер пайдалысын көңіліне тоқып,...

Рухани жаңғыру − рух тазалығына ұмтылу

Әр дәуір өз жаңалығымен келеді десек те, ұлт ретінде қалып­тас­қан халықтың өзгермейтін бір талабы болады, ол − ру­хани тұрғыдағы біртектіліктен ажырамау. Елді ел ететін...

Енді педагогтер жұмысқа конкурс арқылы қабылданады – министр

Бүгін Парламент Сенатында депутаттар білім саласына қатысты бірнеше маңызды жаңа нормаларды қамтитын заң жобасын қарастырып, мақұлдады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осы құжатта...

Қазынаның шығыны көп, кірісі аз

2020 жыл әлем экономикасы үшін сынақ жылы болды. Көрсеткіштердің бәрі кері кетті. Алыс-беріс азайып, барыс-келістің тоқтауы көп елдің қазынасын ортайтып, қарызын еселеді. Пандемия  Қазақстан...

Тәж-Махалдан мыңнан астам турист эвакуацияланды

Бейсенбі күні таңертең Үндістанның Агра қаласындағы Тәж-Махал кесенесі аумағынан кем дегенде мыңнан астам турист эвакуацияланды, – деп жазды Hindustan Times газеті. Басылымның мәліметінше, жергілікті полицияға...

Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьялары қызметінен босатылды. «Сіздердің қарауыңызға Анатолий Сергеевич Смолинді және Серік Қазбекұлы Әбнәсіровті Жоғарғы Сот судьясының қызметінен босату туралы...

Қаржы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Абзал Бейсенбекұлы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі. Абзал Бейсенбекұлы 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге...

Австралияда «жұмбақ рейстерге» билет сатыла бастады

Австралиялық Qantas әуе компаниясы бағыты беймәлім рейстердің ашылғаны туралы хабарлады. Компания "жұмбақ рейстер" деп атаған тасымалдың бұл түрі – шекаралар жабық кезде ішкі рейстерді...

Шетелден 500 млн доллардан астам қаржыға сатып алған малдың пайдасы болды ма?

Қазақстан соңғы жылдары шетелден 153 мыңнан астам асыл тұқымды мал сатып алған. Оған барлығы 500 миллионнан астам доллор жұмсалған. Бірақ сатып алып келген малдан...

Оралда көпірдің астынан жас жігіттің мәйіті табылды

Азиат пішіндес жас жігіттің мәйіті бүгін сағат 07.01-де Орал қаласына қарасты Деркөл кентіндегі көпірдің астынан табылған. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау департаменті хабарлады.  Жасы шамамен...

Терезеден құлап кеткен баланы құтқарған павлодарлық 1 млн теңге сыйақы алды

Павлодар қаласының тұрғыны Александр Жұмабаевқа терезеден құлаған баланы құтқарғаны үшін миллион теңге берілді. Ер адам биіктен құлап кеткен қызды қағып алуға үлгермей қалды, алайда...

Туысының үйінен соғым етін ұрлаған жамбылдық бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Соғым етін ұрлаған жамбылдық тұрғын бас бостандығынан айрылуы мүмкін,  деп хабарлайды Polisia.kz. Ағымдағы жылдың 1 наурызында Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көгершін ауылының тұрғыны xабарласып, үйінің...

Қазақстанда төлқұжаты жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды

Қазақстанда жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған. «2020 жылғы қыркүйек...

Apple саңылаусыз iPhone шығарады

Apple физикалық порттарсыз жұмыс істейтін смартфон өндірісін қолға алды. Бұл туралы Appleosophy басылымы хабарлады. Дереккөздердің хабарлауынша, америкалық компанияның инженерлері iPhone-ды компьютермен синхрондаудың жаңа әдістерін жасауда....

Алматыда «Рахат» базарының 300-ге жуық саудагері наразылыққа шықты

Алматыда "Рахат" базарының 300-ге жуық саудагері өздері жан бағып отырған сауда орнының жабылуына қарсылық білдіріп, наразылыққа шықты. Айтуларынша, орнына жиһаз фабрикасын салуға рұқсат беріпті,...

Жұмыс істеуге ең қолайлы мемлекет анықталды

Әлемдегі еңбек мигранттарының ширек бөлігіне жуығы жұмыс істеу үшін Канадаға қоныс аударуды құп көреді екен. Бұл туралы BCG және The Network-тің бірлескен зерттеуінде айтылған,...