20 Мамыр, 12:50 473 0 Жаһан Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Путин егіз ұлды болды

Russian President Vladimir Putin, left, hands over a state award to olympic games and world champinships winner rhytmic gymnast Alina Kabaeva
Russian President Vladimir Putin, left, hands over a state award to olympic games and world champinships winner rhytmic gymnast Alina Kabaeva

РФ президенті Владимир Путин ұлды болды. Оған нақсүйері Алина Кабаева егіз ұл туып берген. Бұл туралы украиналық УНIAН ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Украиналық басылымның жазуынша, Афина-2004 олимпиада ойындарының чемпионы Алина Кабаева 7-мамыр күні босанған. 36 жастағы гимнаст Мәскеудегі Кулакова атындағы гинекология орталығында сәбилерін дүниеге әкелген.

Алина Кабаева емхананың төртінші қабатында өзі жалғыз жатқан. Дәліз толы күзетшілер жас босанған ананың бөлмесіне бөгде жандарды жолатпапты. Тамақты Мәскеудегі ең қымбат мейрамханалар арнайы әзірлеген.

2008 жылы «Московский корреспондет» газеті Путин мен Кабаеваның құпия тойынан сенсациялық репортаж жариялаған еді. Артынша басылым жабылып қалды.

Ресей президенті 2013 жылы отыз жыл бірге тұрған жары Людмила Путинамен ажырасып кеткен. Олардың ортақ екі қызы бар. Мария және Екатерина Путина.

Айтпақшы, Владимир Путин мен Алина Кабаева арасныдағы қарым-қатынас туралы New York Post және Paris Match сынды шетелдік басылымдарда да жазылған.

Соңғы жаңалықтар