17 Мамыр 2019, 13:47 615 0 Қауіпсіздік Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Қырғыз бен өзбек шекарасы беки ме?

Қырғыз және өзбек шекараларын бекітіп, нақтылауға қатысты келіссөз өтті. Бішкекте Қырғызстан және Өзбекстанның мемлекеттік шекараларын делимитациялауға байланысты жұмыс тобының кездесуі өтті. Бұл жөнінде қырғыз үкіметінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Жұмыс тобының кездесуі аясында мемлекеттік шекаралардың жекелеген учаскелерін бірлесіп зерттеу жөнінде келісімге келді. Енді кезекті отырыс Өзбекстан өтеді», - делінген хабарламада.

Бүгінгі күні қырғыз және өзбек шекараларын алып жатқан 1378 шақырымның 1170-і бекітілген. Қалғаны әлі даулы болып тұр.

Соңғы жаңалықтар