17 Мамыр 2019, 12:59 888 0 Ішкі саясат Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Елорда 2050 жылға қарай қалай дамиды?

Биыл Нұр-Сұлтан қаласын 2050 жылға дейін дамыту стратегиясы әзірленеді. Бұл туралы бүгін ХІІ Астана экономикалық форумы барысында елорда әкімі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл елорданың қарқынды өсуімен байланысты сын-тегеуріндерді, қала аумағының әркелкі дамуын және бүкіл әлемнен таланттарды тартуды ескеретін 2050 жылға дейінгі  Нұр-Сұлтан қаласын дамыту стратегиясын әзірлейміз. Стратегиясы мақсаты – тіршілік тартымдылығы мен барлығына арналған жұмыс, жаһандық бәсекеге сай әрі тұрақты экономика сынды сипаттамаларды қамтитын жаһандық деңгейдегі қала құру. Және түптеп келгенде ең алдымен саяси Еуразиялық жаһандық хабқа айналады», –  деді елорда әкімі «Жаһандық жібек жолы – қала мэрлерінің форумы» сессиясы барысында. Сонымен қатар, Бақыт Сұлтанов Нұр-Сұлтан қаласы  бүкіл әлемдегі ниеттестерімен өңіраралық өзара іс-қимылды кеңейту және нығайту саясатын жалғастыратындығын айтты. «Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанның 32 елде 47 бауырлас және серіктес қаласы бар. Олардың 29-ы астаналар.  Біз олардың әрқайсысымен екіжақты, сондай-ақ көпжақты қарым-қатынас аясында өзара тиімді кооперацияны дамытуға тырысамыз», –  деді ол.

Соңғы жаңалықтар