СҰРАҒЫ КӨП КӨЛІК ТҰРАҒЫ

СҰРАҒЫ КӨП КӨЛІК ТҰРАҒЫ

СҰРАҒЫ КӨП КӨЛІК ТҰРАҒЫ
ашық дереккөзі
2353
Бейресми деректерге сүйенсек, жер бетіндегі автокөлік саны 1 миллиардқа жуық. Ширек ғасыр бұрын небәрі 500 миллион болған темір тұлпар ендігі отыз жылда 2 миллиардтан асады дейді мамандар. Автокөлік көбейген тұста экология мен экономика мәселесінен бөлек, көлік тұрағының түйткілі күн тәртібінен түспей келеді. Мегаполистердегі көлік санының жылдан-жылға көбеюі көлік тұрағына деген тапшылықты байқатса, соңғы жылдарда орын алған ақылы тұрақ мәселесі де біраз әңгімеге азық болардай. Алматы қаласында «aparking.kz» ақылы тұрақтары қойылғалы бірнеше жыл өтсе де халық наразылығы сейілмеді. Әуелі көлік қояр тұрақ таппай сенделетін көлік жүргізушілері, енді ақылы тұрақтың ақысын төлейтін паркомат іздеп сарсаңға түсетінді шығарды. Ресми орган өкілдері бұл олқылықтың орны жылдан жылға оңалып келеді деп жауап берді. Алғашында 2 мыңға жуық паркоматтар жұмыс істесе, қазір қала бойынша олардың саны 11 мыңнан асқан. Десек те, ендігі түйткіл тұрақ бағасының тым қымбаттығы болып отыр. Мәселен көлік жүргізуші ақылы тұрақ аймағына кіргеннен кейін 15 минут ішінде алғашқы төлемді жүргізуі керек. Ондай болмаған жағдайда 3 АЕК көлемінде, екінші рет қайталанса 5 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Тұрақ бағасы – 100 теңге. [caption id="attachment_79630" align="alignnone" width="1024"] width= Әр мемлекеттегі ақылы тұрақ бағасы (1 сағатқа)[/caption] Өзін Алтынбек деп таныстырған қала тұрғыны ақылы тұраққа күн сайын орта есеппен 1000 теңге төлеймін дейді. «Таңғы 9 да басталатын жұмысқа сегізден келіп, алдын-ала орын табуға асығамыз. Кешкі алтыға дейін 10 сағат болса, есептей беріңіз. Қала сыртынан қатынап жұмыс істейміз. Жағармайды есепке алыңыз. Сонда жалақының үштен бір бөлігі шығынға кетеді екен», – дейді Алтынбек. Ақылы тұраққа көлігін қойғандарды алаңдататын тағы бір жайт «aparking.kz» өкілдері көлік қауіпсіздігі үшін жауап бермейді. Қапыда біреу көлікті сызып кетер болса, онда кінәліні өзіңіз іздеп табуыңыз керек. Көше бойына көлігін қойып, кәсібін дөңгелететін такси жүргізушілеріне ақылы тұрақтар желісі қол болмай тұр. Әр сағаты үшін 100 теңге төлегісі келмеген олар түрлі құйтұрқылық ойлап тапқан екен. Редакцияға келіп түскен хаттардың бірінде: «Мен көкбазарда жұмыс істеймін. Ақылы паркоматтарға көлік қоюдың өзі мұңға айналды. Көлік те, адам да көп. Оған сай такси жүргізушілері де жеткілікті. Мақатаев пен Пушкин көшелерінің қиылысында тұрғандар сағатына 100 теңге төлегісі келмей, көліктің мемлекеттік нөмірін шешіп алып немесе алдыңғы капотын көтеріп қойып тұратын болған. Бұл қаншалықты әділетті», – дейді хат иесі. Осы тектес мәселелер баршылық. Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында да ақылы көлік тұрағы жүйесі енгізіліп, «Астананың көлік тұрағы кеңістігін басқару» жобасы іске қосылған. Жобаның алғашқы кезеңі «Нұржол» желекжолында жүзеге асырылғаны да белгілі. Автотұрақтардың жұмыс реті, ақы төлеу тәртібі туралы қалалық жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов жоба іске қосылған кезеңде толығырақ айтқан-ды. Ақылы көлік тұрақтары жүйесінің жұмысын үйлестіру және қызмет көрсету сапасына бақылау жүргізуді диспетчерлік орталық жүзеге асырады. Өткен жылдың соңында елордадағы Есіл, Сарыарқа және Алматы аудандарының аумағында 9 мыңнан астам көлікке арналған тұрақ құрылды. Бекмырза Игенбердиновтің айтуынша, ҚР Президентінің қатысуымен 2016 жылғы 27 сәуірде өткен кеңесте Елбасы ақылы көлік тұрағы жүйесін ұйымдастыру бойынша нақты міндет қойған. Елорда әкімдігі осы тапсырманы орындау үшін жүйелі дайындық жұмыстарын жүргізіп, сынақ жобаларды тексеруден өткізіп, барлық артық жақтары мен кемшін тұстарын саралаған. «Автокөлік иелеріне тұрақ ақысын төлеудің баламалы нұсқаларының мол мүмкіндіктері ұсынылып отыр. Атап айтқанда, паркомат арқылы қолма-қол ақша немесе банк картасымен төлеу, SMS жолдау немесе жеке кабинет арқылы төлеу, «Касса 24» терминалдары және арнайы мобильдік қосымша көмегімен төлеу мүмкіндіктері қарастырылған. Тұрақ ақысы таңғы 8-ден кешкі 20:00-ге дейін сағатына – 100 теңге. Төлемақы тұрақ сессиясы басталған сәттен бастап, алғашқы отыз минут ішінде жүзеге асырылуы тиіс. Демалыс және мереке күндерінде тұраққа көлікті қалдыру тегін», – дейді Бекмырза Игенбердинов. Басқарма басшысының айтуынша, тұрақ қызметін тегін пайдалану құқығына ҰОС ардагерлері, көліктерін арнайы бөлінген орындарға қоятын бірінші және екінші топ мүгедектері, «Алтын Қыран» және «Халық қаһарманы» ордендерінің иегерлері, «Алтын Алқа» және «Күміс Алқа» тағынған көп балалы аналар, Семей ядролық полигонында жүргізілген сынақтардан зардап шеккендер, сондай-ақ, Ауғанстандағы және басқа да елдердегі әскери қимылдарға қатысқан ардагерлер мен мүгедектер ие. Ал Алматыда мұндай мүмкіндікті тек қана мүмкіндігі шектеулі жандар ғана иелене алады. ТҮЙІТКІЛДІҢ ШЕШУІН ТАПҚАНДАР Жер бетіндегі көлік тұрағы мәселесі әлем елдерін әуел бастан алаңдатқан. Өйткені қала ішінде жүріп тұру қиындап, көлік тұрмақ адам қозғалысына айтарлықтай әсер еткен. Қазір жаһанда жер асты тұрағы қарқынды дамып келеді. Оның қауіпсіздік деңгейі көпті алаңдатса керек. Бұл ретте еуропалықтар мен америкалықтар көлік тұрағының ыңғайлы түрлі нұсқасын ұсынуда.  width= Соның бірі механикаландырылған ықшам тұрақ. [caption id="attachment_79632" align="alignnone" width="966"] width= механикаландырылған ықшам тұрақ[/caption] Ол өз кезегінде көтергіш көмегімен бір тұраққа екі көлік сыйымдылығын береді. Тағы бір ерекше тұрақты өндірушілер роторлы деп атапты. [caption id="attachment_79633" align="alignnone" width="350"] width= роторлы автотұрақ[/caption]   3 тұраққа 16 көлікті сыйдыратын бұл нұсқа әлемде кеңінен қолданысқа еніп келеді. Кезекті керемет көлік тұрағының халықаралық атауы – «Tower Parking».  width= Мұнаралы бұл тұрақ көлікке арналған лифтімен жабдықталған. Автоматтандырылған жүйеде жұмыс істейтін механизм көлікті бос орынға өзі қойып, мінер кезде алаңқайға шығарып береді. Осы тектес көлік тұрағының пазлды және стиллажды түрлері қолданыста.  width= Халық арасында кеңінен қолданысқа ие болмаса да, аталған нұсқалар қымбат тұрақтар мен тұрақ жетіспеушілігінің алдын-алу үшін ұсыналған айтулы өнер туындылары ретінде көпті мойындатып отыр. Қызық дерек: Гиннес рекордтар кітабына енген әлемдегі сыйымдылығы жағынан ең үлкен көлік тұрағы Канадада орналасқан. «West Edmonton Mall» ірі сауда орталығының маңынан орын тепкен тұраққа бір мезетте 20 мың көлік сияды.

Арман  ҚҰДАЙБЕРГЕН

Серіктес жаңалықтары