16 Сәуір 2019, 13:24 719 0 Жаңалықтар Túrkistan Gazeti

Мамыр айында 11 күн демалыс

16 cәуір – «TÚRKISTAN» weekly. Жыл сайын мерекелі ай саналатын мамыр әдеттегідей демалысқа толы.

Биыл Қазақстандықтар мамыр айында 11 күн демалады.

1 мамырда Бірлік күнін, 7 мамырда Отан қорғаушылар және 9 мамырда Жеңіс күнін атап өтетіні белгілі.

Мамыр айында 20 жұмыс күні бар.

Ел тұрғындары мерекелі күндерге байланысты 1 , 7, 9 және 10-шы мамырда демалады. Қалған жұмыс күндері қалыпты тәртіпте қалады.

Жалпы ҚР «Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасында ұлттық және мемлекеттік мереке атап өтілетін күндер елдің еңбек заңнамасына сәйкес мерекелік күндер болып саналады.

Еске сала кетсек,  биыл қазақстандықтар 119 күн демалады. Көктемнің көркі болған мамыр айында демалыстарыңыз көңілді өтсін.

                                                                                                  Аида Сеит   

 

Тэгтер демалыс мамыр

Соңғы жаңалықтар