ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ
ашық дереккөзі
Алматы қаласында «Халыққа көмек» Бірыңғай әлеуметтік терезе аясында «Заңгер кеңес береді» республикалық акциясы өтті. Акцияның мақсаты – тұрғындарға тегін заңгерлік кеңес көрсету  және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, NurOtan партиясының,  мемлекеттік органдардың тұрғындармен байланысын нығайту және өзара сенімді қалыптастыру. Шараға Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Арман Халбеков, Алмалы ауданы прокуратурасының аға прокуроры Данияр Ахмедиев, Алмалы ауданы әкімдігінің мемлекеттік заң бөлімінің жетекшісі Нұрлан Бөжеев, Алмалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қарлығаш Мұқанова қатысты. Акция барысында 200-ден аса азаматтарға қалалық Әділет департаментінің, Нотариалдық палатаның, Алматы қалалық адвокаттар алқасы мен Құқықтық консультанттар Палатасының заңгерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, еліміздегі құқықтық нормалар мен қолданыстағы заңдарға енгізілген өзгерістер мен түзетулер туралы ақпараттар берілді. Тұрғындардың көпшілігін азаматтарды «7-20-25» бағдарламасы аясында тұрғын үй алу, тіркеуге алу, жоғалған құжаттарды қалпына келтіру, адрестік әлеуметтік көмек алу, мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамту, сондай-ақ кредит алу, ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру туралы сұрақтар қойып, заңдық кеңестер алды. Мысалы, азаматша Нұржамал Ибраимоваға тиісті қызмет құрылымдырының өкілдері несие мәселесі бойынша ипотекалық қарыз шарттарын жаңадан рәсімдеудің жолдарын түсіндіріп, одан кейін қандай мекемелерге жолығатынын анықтап көрсетті.