 Материалдарды қандай журналдарға ұсынған жөн?
Журналдың импакт-факторы (IF) қалай анықталады? Журналдың ағымдағы жылғы импакт-факторын анықтау үшін журналда екі-үш жылда жарияланған мақалаларға жасалған сілтемелер санын сол жылдары жарияланған барлық мақалалар санына бөлінеді. Сілтеме көп болса, яғни неғұрлым журналда жарияланған материалдарға көп сілтеме жасалса, журналдың импакт-факторы өседі, ал мақалаларына көп сілтеме жасалған ғылымдардың һ-индексі (хирша-индекс) көтеріледі. Журналдардың импакт-факторын өткен ғасырдың 60-жылдарынан бері Ғылыми ақпарат Институты (ағылш. Institute for Scientific Information, ISI), есептейді. 1992 жылы ол құқықты Thomson корпорациясы (қазір ол «Thomson Scientific (Thomson Reuters) деп аталады) сатып алды. Жыл сайын импакт-факторы есептелген журналдар тізімі «Journal Citation Report» журналында жарияланады.
Импакт-факторлы журналдардың көпшілігі, негізінен, ағылшын тілінде. Ал олардың қатарында бір де бір қазақстандық журнал енбей келеді. (Бұл орайда, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Eurasian Chemico-Technological Journal» атты журналы Scopus халықаралық деректер базасына, ал Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Университет еңбектері», «Автоматика. Информатика» журналдары және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының «Денсаулық сақтауды дамыту» журналы ресейлік ғылыми дәйектілік индексі (РҒДИ) бар журналдар тізіміне енгізілгенін айта кеткен жөн).
Ана бір жылы «қазақстандық ғалымдардың ғылыми еңбектері «Scopus»(Скопус) деректілік базасынан алынып тасталды» деген ақпарат пайда болып, ол біраз алып-қашпа әңгімеге тиек болған-ды. («Scopus», кейінгі ресми атауы – SciVerse Scopus – ғылыми басылымдарда жарияланған материалдарға сілтеме жасалуын бақылайтын деректер базасы. Ол 24 мың техникалық, медициналық және 5 мың гуманитарлық ғылымдар басылымын қадағалап отырады. Scopus-ты құрған және иелік етуші Elsevier баспа корпорациясы). Шындығында, «Scopus»-тан еңбектері алынып тасталуға себеп болған нәрсе, кей журналдардың импакт-факторы статусынан айрылуының себебінен еді. Сондықтан шетелдік ғылыми журналдардың импакт-факторлы екеніне көз жеткізбей тұрып материал ұсынбау қажет.
Ғылыми журналдың халықаралық дәйектілік базаларына нақты кіретін не кірмейтінін қалай білуге болады? Мысалы, ISI Web of Knowledge (Thomson Reuters) дәйектілік базасындағы журналдарды тексеру үшін http://science.thomsonreuters.com/mjl/ сілтемесі арқылы кіріп, журналдың ISSN нөмірін енгізіп, журналдың аталған базада бар, не жоқ екендігіне нақты көзіңізді жеткізуге болады, сондай-ақ, Сhemical Abstracts дәйектілік базасындағы журналдарды тексеру үшін http://cassi.cas.org/search.jsp сілтемесі арқылы кіріп, журналдың ISSN (EISSN) нөмірін енгізесіз. Ал Scopus базасындағы журналдарды тексеру үшін http://www.scopus.com сілтемесі арқылы кіріп, ақылы түрде анықтауға болады.
Болон үдерісі қай саланың бағын ашып, қай саланы тұқыртуда?
Көпшілікке түсінікті болу үшін импакт-факторлы журналдарға шығу мәселесін біраз ежіктеп кеткендейміз, бірақ құбылып тұрған мына заманда әр іске абай болуымыз керек екенін айта отырып, сөзіміздің басында көтерілген мәселеге қайта оралайық.
Рас, кейінгі кезде Болонның қиындығы жиі сөз болып жүр алайда, Болон жүйесі бойынша жетістікке жеткен тұлғалар аз емес. Мәселен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті «Жалпы және теориялық физика» кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Рәтбай Мырзақұлов Орталық Азия бойынша шетелдегі импакт-факторлы журналдарға мақаласы ең көп жарияланған ғалым.

 Оның айтуынша, соңғы дәуірде әлем кеңейіп бара жатыр екен. Оны бұдан 10-15 жыл бұрын тәжірибе жасаған америкалық ғалымдар байқаған. Бірақ соның теориясы жасалмаған. Соның теориясымен Р.Мырзақұлов бастаған физик ғалымдар айналысып, теория жүзінде дәлелдеген. Оның еңбектеріне шетелдің ғалымдары көп сілтеме жасайды екен. Айта кетерлік бір жай, Р.Мырзақұлов хирша-индексі жөнінен аймақта бірінші орында. Оның импакт-факторлы журналдарда жарияланған ғылыми еңбектерінен 5 мың аса сілтеме жасалған.
Бұл енді, еліміздің Болон жүйесінде жаратылыстану ғылымдары арқылы жеткен жетістігі. Бірақ гуманитарлық саладағы ғалымдарымыз мұндай жетістікке жеткенде өте аз көрінеді. Неге? Себебі жазған еңбектерінен сілтеме алыну арқылы ғалымдық дәрежесін анықтайтын болондық жүйеде біздің гуманитарлық бағыттағы ғылымымыз әлемге танылуы қиын деген пікірлер бар. Расында солай ма?
Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Намазалы Омашев:

 – Жалпы бұл мәселе біраздан бері сөз болып келе жатыр ғой. Гуманитарлық салада ұлттық мәнге ие ғылымдар бар, мәселен қазақ филологиясы, қазақ тарихы, журналистикасы. Бұларда ұлттық әдебиет пен тіл, қазақ тарихы, журналистикасы зерттеледі. Ал енді бұлар туралы зерттеулерді шетелдік импакт-факторлы журналдарға жариялаудың қажеті жоқ қой. Өйткені шетелдерде қазақ тарихы мен тілі, әдебиеті туралы сараптама жасайтын мамандар жоқ, сондықтан олар біздің ғалымдардың жазғанының сапасын қалай бағалайды?
Болон жүйесіне өткеннен кейін ғылыми зерттеу жүргізу, ғылыми дәреже алу шарттары да өзгерді. Сол кезден бастап-ақ бірталай белгілі ғалымдар қазақ гуманитарлық ғылым салаларының тағдырын импакт-факторлы журналдарға тәуелді етуге болмайтыны жайында пікірін айтты. Солардың ішінде өзім де бармын. Тіпті парламент депутаты Сауытбек Әбдірахманов арқылы үкіметке ойымызды жеткіздік. Бірақ Білім және ғылым министрлігі пікірімізді ескеріп, аталған мәселеге тиісті құжатты өзгерткен жоқ.
Жасыратын несі бар, гуманитарлық ғылым салаларында ғылыми зерттеу жүргізіп жүрген жас мамандардың талайы әлі күнге докторлығын қорғай алмай жүр. Оған кедергі – әлгі импакт-факторлы журналдарға мақалаларын жариялаудың қиындығы. Сондықтан гуманитарлық салада ғылыми диссертация қорғаудың кейбір шарттарын өзгерту керек, атап айтқанда, шетелдік журналдарға тәуелділіктен құтылу керек. Онсыз тарих, тіл-әдебиет, журналистика саласына ғалымдардың келуі азайып, ғылымның дамуы тоқырауы мүмкін. Сондықтан ҚР Білім және ғылым министрі болып жақында сайланған Күләш Шәмшидинова бұл мәселеге назар аударып, дұрыс шешім қабылдайтын шығар деп ойлаймын, – деп пікір білдірді.
Әрине қазақ ғылымына зор үлес қосқан көрнекті ғалым бекер шырылдамаса керек. Қолдан жасаған кедергімізбен ұлттық мәні бар ғылым саласын әлсіретіп алмаймыз ба?
Тағы бір айта кетерлігі, Намазалы Омашев ақсақалдың пікірін қолдаушылардың қатары кейінгі кезде көбейіп келе келеді. Олардың көпшілігі газет-журнал беттерінде, теледидарда, әлеуметтік желілерде пікірілерін ашық айтып жатыр. Мәселен, біраз уақыттан бері Болон жүйесінің қазақ гуманитар ғылымдарының дамуына қиындық туғызып жатқаны жайында назар аударарлық пікір айтып жүрген Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Мырзантай Жақып өзінің фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында (19.02.2019 жыл.) былай деп жазды:

 «Үкіметтен және Білім және ғылым министрлігінен шетелдік базалардағы журналдарға мақала жариялау талабын қоғамдық-гуманитарлық ғылым саласы бойынша алып тастауды талап етейік!
Шетелдік базалардағы журналдарға мақала жариялау талабын қоғамдық-гуманитарлық ғылым саласы бойынша алып тастау қажеттігі – өздерінің ұлттық негіздегі еңбектерін қазақ тілінде жазатын ғалымдарды көптен бері толғандырып жүрген мәселе екені құпия емес.
Ғылыми еңбектер бойынша мақалаларды шетелдік беделді басылымдарда жариялауды гуманитарлық ғылымның ұлттық мазмұны басым салаларынан талап ету еліміздегі гуманитарлық бағыттағы ғылымның дамуын кенжелетуге алып келіп отыр. Атап айтсақ, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, Отан тарихы, ұлт этнологиясы, қазақ журналистикасы, түркітану, тағы басқа тақырыптар бойынша жазылған PhD докторының диссертацияларын қорғау және профессор, қауымдастырылған профессор ғылыми атақтарын алу үшін шетелдік базаларға кіретін журналдарға ғылыми мақала шығаруды міндеттеу мүлдем орынсыз.
Шетелдік журналдар таза ұлттық сипаттағы ғылыми ізденістерге қызықпайды, ондай мақалаларды жариялауға құлықсыз, бұл тақырыптардағы мақалаларды бағалауға біліксіз.
Шетелдік ғалымдардың қазақтың әдебиетін, тіл өнерін, мәдениетін, тарихын, этнологиясын, басқа да салаларды жеткілікті дәрежеде білуі өте қиын. Сол себепті гуманитарлық ғылымның ұлттық мазмұны басым салалары бойынша профессор және қауымдастырылған профессор ғылыми атақтарын алуға үміткер ғалымдардан өздерінің ғылыми еңбектерін шетелдік беделді басылымдарда жариялау талабын алып тастау керек».
Ал енді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдарының докторы Гүлмира Сұлтанбаева мәселеге басқаша қарайды:

 «Жалпы Болон жүйесінің гуманитарлық ғылым саласының дамуына қиындық тигізіп жатыр деп ойламаймын. Докторант мемлекеттің грантына үш жыл оқып, тақырыбын зерттеп, жазып, қорғап үлгіреді. Ғылыми жұмысын қорғай алмай жүргендер болса, оған Болон жүйесінің кінәсі жоқ. Біздегі РһD докторантура бағдарламасының мақсаты – қазақстандық ғылымды барлық бағытта озық ойлы зерттеулердің қатарына қосу.
Оқуға түскен докторант бір семестр оқиды, қалған екі жарым жылы зерттеуге кетеді. Соның ішінде үш ай шетелде тағылымдамада болады. Бір жыл зерттеу жүргізіп, соның нәтижесін Scopus базасындағы журналдарға шығару мүмкіндігі бар. Егер материалда жаңа методология, қолданбалы нәтижелер болса, адамдардың пікірінен бөлек – әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері, медиа саласындағы көптеген сараптамалар (соның ішінде, әлеуметтік метрикалық анализдер) болса назардан тыс қалмайды. Қазір зерттеудің түрлері, методологиясы дамыған заман ғой, сол үшін зерттеуші өзінің жетекшісімен ақылдасып отырып, өз тақырыбы аясындағы зерттеудің нәтижесіне жете алады. Ол үшін тілді (шет тілін) жақсы білуі керек.
Мемлекет оқытқасын оның қайырымы болуы керек қой! Бізде бағдарламаны аяқтап, бірақ қорғай алмаған адам – коммерцияға кетіп қалса, ғылыми орталықта жұмыс істемесе, жоғары оқу орындарында дәріс беріп, ғылыммен айналыспаса – үш жылдық гранттың ақшасын сот арқылы мемлекетке қайтарады. Өйткені докторант оқу бітіріп жатқанда мемлекет жасаған шартқа қол қояды. Шетелдік жетекші де оған жайдан-жай тағайындалмайды. Оқу бағдарламасының шарты бойынша жоғары оқу орнына келіп, студенттерге дәріс оқиды, бірлесіп мақала дайындайды.
Ғылымға кездейсоқ келуге болмайды. Ал бізде қоғамға белгілі тұлғалар да, шоу-бизнес жұлдыздары да, танымал БАҚ өкілдері де PhD докторы атанғысы келеді. Сөйтіп орта жолда делдалдар пайда болады. Осыдан келіп «Болон жүйесі қиын, ғылыми материалдарды жариялау үшін көп ақша керек» деген әңгімелер шықпай қайтеді? Ғалымдық қабілеті мықты адамға Болон талаптарының қиындығы жоқ», – дейді ол.
PS: «Жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды» дегендей, қазақ гуманитарлық ғылымының өсіп-өркендеуіне еңбегін сіңірген ғалымдарымыз бекерге мәселе көтеріп жүрмеген болар. Ендеше ұлттық сананы тәрбиелейтін ғылым саласын дамыту үшін неге өзгеге күнімізді түсіріп, жалынышты болуымыз керек? Болон жүйесі туралы ғалымдар арасында пікір қайшылықтарының көрінуі – біз назар аудармай жүрген кейбір жайлардан хабар беретіндей. Сондықтан ҚР Білім және ғылым министрлігі кеткен қателік пен келген қиындықтың себеп-салдарына үңіліп, болашақта отандық ғылымды дамытуды оңтайландыра түссе, ғылымымыз да, ғалымымыз да өсіп-өркендейтіні анық.

Ахмет ӨМІРЗАҚ