Халық жүрегіне жол тапқан басшы

Еліміз үшін аса маңызды тарихи сәтте «Қазіргі заман – өзіне сенетін, арманы мен сол арманын іске асыруға ерік-жігері бар дарынды, қажырлы адамдардың уақыты» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі ойыма оралып отыр. Елбасы іргетасын бекітіп, дамудың даңғыл жолына түскен Қазақстанның болашағы айқын. Тәуелсіз Қазақстан өркениеті дамыған елдермен терезесі тең өмір сүруді көздейді. Ал уақыт талап етіп келе жатқан  дарындылық пен қажырлылық тек білім мен еңбек арқылы іске аспақ.

Мемлекетімізде тыныштықтың орнап, еліміздің жаһандану кезеңінде алға қарай бағыт алуы, өркениетке бет түзеуі – Елбасы іскерлігі мен  тәжірибелілігінің нәтижесі. Басшының дүйім бір елді шебер басқаруына оның елге деген махаббаты, халқының Елбасыға деген қолдауы аса қажет. Бұл ретте Нұрсұлтан Әбішұлының отансүйгіштік рухының мықты екенін айта кеткен абзал. Елбасының тарихи шешімінен кейін қазақ халқының оны қимастықпен, ерекше тебіреніспен ауызға алуы Нұрсұлтан Әбішұлының халық жүрегіне жол тапқандығын көрсетті.

Бүгінде Қазақстан Елбасының сарабдал саясатының арқасында болашаққа нық қадам басып келеді. Сондықтан, Нұрсұлтан Назарбаев  қазақ тарихында есімі алтын әріптермен жазылар Тұңғыш Президент болып қалмақ.

 

Серік НҰРҚАДЫРОВ,

Nur Otan партиясы

Алматы облыстық филиалы

төрағасының орынбасары

Back to top button