ОҚО әкімі жерді бөліске салған бұрынғы басшыларды сөкті

ОҚО әкімі жерді бөліске салған бұрынғы басшыларды сөкті

ОҚО әкімі жерді бөліске салған бұрынғы басшыларды сөкті
ашық дереккөзі
146

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі жер телімдерін бөліске салған бұрынғы басшыларды сынға алды, деп хабарлайды rgmedia.kz. Облыс орталығы Шымкент қаласында 1 652 га ауыл шаруашылығы жері бөлініске түсіп, оның 30 пайызына жеке үйлер салыныпты. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қаланың алдағы бес жылдық даму тұжырымдамасын баяндау барысында атап өтті. Бұл дерек облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтың ашуын тудырды: – Бұрынғы басшылар қазіргі басшыларға «бас ауруын» тастап кетті… Жердің бәрін таратты да қалталарын толтырып алып, жер теліміне берілетін актілерге “на лево, на право” қол қойып, «елки-палки»… бізге бүгін проблема туындатып отыр. Жерге ие болған халық үй салып, енді келіп «газ жоқ», «су жоқ» деп шағымданып жүр. Сол жерлерді бөліп бергендер біздің арамызда жүр», – деді облыс әкімі. Қала басшысының баяндамасындағы тағы бір маңызды мәлімдемелердің бірі – шаһар алдағы 5 жылда адам танымастай өзгермек. Шымкенттің 2020 жылға дейінгі даму концепциясын ұсынған әкімнің айтуынша, жоспарды жүзеге асыруға 600 млрд. теңгеге жуық қаржы керек екен. Қажетті қомақты ақша тек қазынадан бөлінбейді. Бұл жұмыстарға инвесторларды да тарту көзделіп отыр. Қаржы табылса, Шымкенттте ойын-сауықтыру саябағы мен әлемдік стандарттарға сай түрлі сауда орындары мен орталықтары бой көтереді. Қала әкімшілігі дайындаған тұжырымда облыс әкімінің көңілінен шықты.

Серіктес жаңалықтары