1078
Кунио Микурияның Қазақстанға сапары
Кунио Микурияның Қазақстанға сапары
Жуырда Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Кунио Микурия Қазақстан Республикасында ресми сапармен болды.
Сапардың негізгі мақсаты халықаралық ұйымының Қазақстан Республикасымен «кеден ісінің күн тәртібін дамыту және транзиттік-көліктік әлеуетті арттыру бойынша бастамаларды қолдау үшін» сүйемелдеу және ынтымақтастықты жандандыру.
Сапар аясында К. Микурия Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминмен кездесті. Үкімет басшысы Микурия мырзаны соңғы сайлаудағы жеңісімен және 2018 жылдың маусым айында ДКедҰ Кеңесінің соңғы отырысында өткен, Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы лауазымына қайта сайлануымен құттықтады және Қазақстан Дүниежүзілік кеден ұйымымен арадағы ынтымақтастыққа айрықша көңіл бөлетіндігін және ұлттық кедендік әкімшілігінің Қазақстанның ДКедҰ жұмыс органдарындағы мүшелігі сияқты техникалық қолдау көрсетуде де қолдауын бағалайтындығын атап өтті.
Кунио Микурия ДКедҰ Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықтың жандануын атап өтті және Қазақстанның бастамаларына өзінің нық қолдауын білдірді. Оның пікірінше, Қазақстан мен ДКедҰ арасындағы өзара қарым-қатынасты мүше мемлекет пен халықаралық ұйымның жемісті ынтымақтастығының "үлгісі" деп атауға болады. К. Микурия, сондай-ақ Хатшылықтың Қазақстанға техникалық көмек көрсетудің қарқыны мен тиімділігін бақылап отырғанын және кеден ісі саласында институционалдық даму миссиясын тағы да жіберуге дайын екендігін атап өтті.
Сапар барысында К. Микурия халықаралық көлік-логистика орталығында кедендік рәсімдеудің аймағынан тұратын жаңа автомобиль өткізу пункті - "Нұр Жолы" өткізу пунктінде болып қайтты, онда бақылау үдерісін автоматтандыру, жолаушыларға арналған сияқты, сондай-ақ көлік құралдары үшін күту аймағында жарақтандырудың болуы бөлігінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (халықаралық тасымалдаушылар) үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалған.
"Нұр Жолы" өткізу пункті "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автожолынның басты қақпасы болып табылады, ең заманауи инспекциялық-жете тексеру кешенімен, радиациялық бақылау жүйесімен, жолаушыларды сканерлеу үшін жабдықтармен, автокөліктің барлық түрлерін ауқымды жүк құрал-жабдығымен жабдықталған.
ДКедҰ Бас хатшысы, сондай-ақ Көлік-логистикалық орталығының және "Астана - Кедендік тазарту орталығы" кеден бекетінің бірқатар инфрақұрылымдық объектілеріне барып қайтты, онда қазіргі уақытта қызмет көрсетулердің барлық кеден жанындағы және логистикалық инфрақұрылым шоғырланған.
Көлік-логистикалық орталық «Нұрлы жол» даму бағдарламасы Қазақстанда мультимодалдік көлік дәлізін және заманауи логистикалық инфрақұрылымды дамытуды топшылайтын «Ұлт жоспары - 100 нақты қадамның» 65-қадамын іске асыру шеңберінде құрылды.
Кедендік операцияларды жасаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында клиенттер үшін күту аймағында жүктерді кедендік жете тексеру процесін онлайн-режимде бақылау жасау мүмкіндігі бар экран орнатылған. Жаңа Кедендік ресімдеу орталығының негізгі басымдылығы бірыңғай тұтас инфрақұрылым болып табылады. Ветеринарлық, карантин, фитосанитарлық қызмет, сертификаттау орталықтары, көліктік бақылау бөлімшесі, Қазшочта, сақтандыру қызметі және кедендік брокерлер сияқты тауарлардың импорты мен экспорты процесіне тартылған барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар осы орталықта орналастырылған.
Кедендік реттеу бөлігінде елдің көліктік инфрақұрылымын жаңғырту мәселелері, сондай-ақ ДКедҰ Бас хатшысы мен ҚР ҚМ МКК Төрағасы
М.Е. Сұлтанғазиевпен әңгімелесу барысында қозғалған болатын. К.Микурия Қазақстанның мемлекеттік кірістер органдарының қызметі саласындағы электрондық декларациялау, кедендік бизнес-үдерістерді автоматтандыру және «бірыңғай терезе» тетігін енгізу сияқты жүргізіліп жатқан реформаларға оң бағасын берді.
К.Микурияның Қазақстанға алдыңғы сапары 2016 жылы мамырда ДКедҰ Европалық өңірінің Кеден қызметі басшыларының Конференцияға қатысуы шеңберінде өтті.