«SMART ALMATY» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖЕМІСІ

«SMART ALMATY» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖЕМІСІ

«SMART ALMATY» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖЕМІСІ
ашық дереккөзі
Қаланың кәріз жүйесі үздіксіз жұмыс істейтін, электр қуатын молынан қажет ететін тұрмыстық және шаруашылық қалдық суларды жинайтын кешен. Коммуналдық төлемдерді жасағанда кәріз сулары қайда кететіні туралы ойланбаймыз. Қаланың қалдық сулары қала маңындағы кәріз суларын тазарту бекетіне жөнелтіледі. Ол жер – Аэрация станциясы деп аталады. Сол бекетте механикалық және биологиялық тазартудан өтіп, стандарттарға сәйкес су каналдармен Сорбулакка ағып кетеді. Кәріз сулары да ауыз су секілді бірнеше тазарту сатысынан өтеді. Және кешенде арнайы су құрамындағы майларды, металлдарды тексеретін зертхана бар. Зертхана тәулік бойы қызмет етеді. Әр сағат сайын су құрамын тексеруден өткізеді. Көптеген мемлекеттерде қалдық суды тазалау ауыз суды тазартудан да көп қаржыны қажет  етеді. Ал Алматы қаласында кәріз су тарифы ауыз судан төмен. Аэрация станциясында жасалған жаңарту жұмыстарының арқасында электрқуаты үнемделіп, тазартылған қалдық сулардың сапасы артты. Сонымен бірге  жүйенің қызмет ету сенімділігі артып, кәріз қызметінің үздіксіз қызмет етуіне ықпалын тигізді. Аэрация станциясындағы зертханада жасалған сынамалардың көрсеткіштері бойынша қалдық сулардың халықаралық стандарттарға сәйкестігі анықталды. Алматы қаласының кәріз қызметі екі түрлі жүйеден тұрады. Біреуі нөсер  сулары, екіншісі шаруашылық – өндірістік қалдық сулары. Кәріз желілері қаланың барлық көшелерінде бар. Желілердің ұзындығы 1 мың 608 км құрайды. 300 ден 1200 мм құрайтын құбырлар арқылы қалдық сулары жиналып, қала сыртындағы орналасқан Аэрация станциясына жөнелтіледі. Және де қала маңындағы Қаскелен, Талғар, Боралдай, Өтеген батыр ауылдарының да қалдық сулары станцияға жіберіледі. 1990 жылы қалдық суларды тазарту станциясында көп жылдардан бері бірінші рет кәріз су көлемі ұлғайған. Оның белгісі 218 млн м3 құрады. Ал соңғы жылдары жаңа технологиялармен, жүргізілген қайта жөндеу жұмыстарының арқасында су көлемі көтерілген емес. 2005-2014 жылдары шамамен күніне 380 мың м3, жылына 138 млн. м3 құраған. 2017 жылы  көрсеткіштер бойынша  126,7 млн. м3 су өткізілді. Алматы қаласының ұлғаюына байланысты, қала маңындағы ауылдардың қалаға қосылуының әсерінен қалдық сулардың мөлшері ұлғаяды деген болжамдар бар. Шамамен 640 мың текше метрге дейін қалдық суларын қабылдауы мүмкін. Аэрация станциясына келетін қалдық сулар ең бірінші ірі қоқыстарды жинайтын торларға жиналады. Ондай торлар саны 9 дана. Барлығы кезекпен жұмыс істейді. Тордан жиналған қалдық қоқыстар бекітілген  контейнерлерге жіберіледі. Сол жерде хлормен залалсыздандырылып, арнайы алаңға жоюға жөнелділеді. Одан кейін қалдық су құм тұнбаға жиналады, атыда айтып тұрғандай ауыр минералды заттар сол жерде қалады, кейін тұндырмаға жіберіліп, ол жерде судағы майлар іріктеледі. Сол сулар жиналып, дюкер арқылы  биологиялық тазарту бекетіне ағып барады, бұл жерде арнайы бассейндерге белсенді ил косылады. Белсенді ил судағы заттармен қоректенеді,демек белсенді ил суды тазартып отырады. Кәріз сулары тазарғаннан кейін тағы бір тұндырмаға жіберіліп, сол жерден тікелей өздігінен 49 км құрайтын канал  арқылы Сорбулакка барады да, ауаға айналады. Мұндай ауқымды және көп еңбекті қажет ететін кешенде 200 ге жуық адам тәулік бойы қызмет етеді. «Smart Almaty» бағдарламасының аясында кәсіпорында барлық жүйені автоматтандыру көзделген. Қазіргі таңда су құбырлары туралы толық мәліметтер бар арнайы элетрондық карта бар, есептеуіш құралдары қашықтықтан бақылауға арналған құрылғылар енгізілді. Ендігі кезекте  кәсіпорын кәріз жүйесінде толығымен автоматты жүйеге ауыстырмақ.