Астанада студенттер қалашығы салынады

Астанада студенттер қалашығы салынады

Астанада студенттер қалашығы салынады
ашық дереккөзі
Жаңа қалашықтың құрылысы үстіміздегі жылы басталады, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Студенттер қалашығының құрылысы осы жылы басталады. Онда 3 мың студентке арналған жатақхана, кампус және заманауи денешынықтыру-сауықтыру кешені болады», - деді Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ректоры Ерлан Сыдықов «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының XXVIII кезектен тыс мәслихатында. Оның айтуынша, жаңа нысан Еуразиялық ұлттық университеті студенттерінің жатақхана мәселесін толығымен шешетін болады. «Осы тұрғыда біз Қазақстандағы ЖОО-ы студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету проблемасын алғаш болып толығымен шешеміз.Біз қашанда университеттің әлеуметтік проблемасының шешімін іздеуде оқу мен тәрбие мәселесін тең қарастырамыз. Біздің мақсат - тек қана білікті маман әзірлеу ғана емес, сондай-ақ кемелденген азаматты қалыптастыру», - деді университет ректоры. Айта кетсек, үстіміздегі оқу жылы аталған университет 7 мыңнан аса 1 курс студентін қабылдады, бұл оның алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда 2,5 есе көп.