Білім гранты  - жарқын болашақ кепілі

Білім гранты  - жарқын болашақ кепілі

Білім гранты  - жарқын болашақ кепілі
ашық дереккөзі
Елбасының жастарды қолдау бойынша тапсырмасын жүзеге асырыру мақсатында Сулейман Демирел университеті жыл сайын бірегей SPT олимпиадасын өткізіп келеді.  SDU Proficiency Test -  бұл ағымдағы жылдың мектеп және колледж түлектеріне арналған СДУ-дың ішкі олимпиадасы. Олимпиаданың негізгі мақсаты - талапкерлерге болашақта мамандық таңдауға көмектесу және түрлі деңгейдегі грант пен жеңілдік беру арқылы қолдау көрсету. Олимпиадада әрбір оқушы таңдаған бағыты бойынша өз білімін көрсете отырып, СДУ-дың  ішкі грантына немесе жеңілдігіне ие бола алады. Айта кеткен жөн, мектеп бітірушілердің жобаға деген қызығушылығы жылдан жылға артып келеді. Статистикалық мәлімет бойынша олимпиадаға 2015 жылы 80 грант бөлінген, 2016  жылы -  200 грант, 2017 жылы –  250 грант пен жеңілдік берілген, ал 2018 жылы  300 грант пен жеңілдіктер бөлінген. Биылғы жылы олимпиада 3-наурызда бір уақытта еліміздің 22 қаласында: Астана, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Жезқазған, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Семей, Өскемен, Қарағанды, Жаңаөзен, Құлсары, Екібастұз қалаларында өтеді. Үздік нәтиже көрсеткен 300 талапкер 4 жылға жарамды 100% грант пен арнайы жеңілдіктерге ие болады. Олимпиадаға тіркелу ресми сайттың http://sdu.edu.kz/kk/spt/ бөлімінде онлайн түрде қолжетімді. Байқау ережелері мен талаптары айқын көрсетіліп, тіркелу рәсімі ашық форматта жүргізіледі. Тіркелген талапкерлер автоматты түрде электрондық пошта арқылы жеке ID CARD-қа ие болып, бұл құжат олимпиаға қатысуына кепілдік береді. Олимпиада тестілеу форматында 6 кластерде: Физика, География, Химия-Биология, Ағылшын тілі, Әдебиет, Тарих пәндері бойынша өтеді. Тестілеу сұрақты белді зияткерлік мектептердің ұстаздарымен құрастырылып, қоғамдық кеңесте мақұлданады. Оқу орны мамандарының сараптамасына сәйкес қазіргі уақытта аймақтар аралығында ең көп сұраныс физика-математикалық кластерге, яғни IT-мамандықтарына,  екінші орында шет тілі болса, үшінші орында химия-биология кластерлеріне таңдау басым. Сонымен қатар, осы көрсеткіштер негізенде сапапшылар алдағы 5-10 жыл ішінде IT- технологиялары саласында, шет тілінің кәсіби мамандары және ағылшын тілінде дәріс беретін педагогикалық  мамандықтаркеңінен таралады деген болжам жасауда. Бүгінгі таңда SPT олимпиадасы ең ауқымды әрі жоғары сұранысқа ие, Елбасының қойған заманауи бағыттарына сай жоба болып табылады. SPT олимпиадасы туралы Онлайн тіркелу:  19 ақпанға дейін (sdu.edu.kz/spt ресми сайтында) Қатысушы: мектеп (11 сынып) және колледж (соңғы курс) 2019 жылғы түлектері Кластерлер: Физика, География, Химия-Биология, Ағылшын тілі, Әдебиет, Тарих Экзамен түрі: Тест Cұрақ саны: 100 сұрақ / 100 ұпай Ұзақтығы: 150 минут (2,5 сағат) Тілі: қазақ / орыс Уақыты: 3 наурыз 2019 жыл, сағат 11:00 Қажетті құжаттар: Оқу орнынан берілетін анықтама және жеке басын растайтын құжат Қатысу: ТЕГІН Қосымша сұрақ бар болса: Тел: 87020001133 (whats app) / 87273079565 (231) Email: spt@sdu.edu.kz Ұйымдастыру комитеті.