246
Қазақстанда күнкөрістің ең төменгі деңгейі - 21 226 теңге
Қазақстанда күнкөрістің ең төменгі деңгейі - 21 226 теңге

2015 жылдың қазан айындағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі 21 226 теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетіне хабарлады. «Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларын орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі 2015 жылғы қазанда өткен аймен салыстырғанда 3,8%, ал өткен жылдың қазанмен есептегенде – 4,1%-ға жоғарылады», – делінген хабарламада. Қазақстандықтардың ет пен балықты сатып алуға жұмсаған шығын үлесі 19,6%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқа – 15,5%, жемістер мен көкөністер – 15,2%, нан және жарма өнімдері – 7,5%, қант, шай және дәмдеуіштер – 2,2%-ды құрады.