2666
Түрмедегілер тышқанға есірткі тасытқан
Түрмедегілер тышқанға есірткі тасытқан
Естімеген елде көп. Адам баласына титтей де пайдасы жоқ кеміргіш түрмедегілерге қызмет көрсетіп келген. Бразилияда Арагуаина қаласындағы Барра-де-Грота түрмесінде жазасын өтеушілер тышқанды есірткі тасымалы үшін пайдаланған.
Түрме басшылығы қылмыскерлердің өз камераларына тыйым салынған заттарды қандай әдіспен әкелетінін білмей, ұзақ уақыт бас қатырған. Камераларды бақылайтын күзетшілер монитордан қыбырлайтын, бірақ не екені белгісіз күдікті затты ұдайы көреді екен. Бірақ не екенін анықтай алмай дал болған. Олар мұның кәдімгі тышқан екендігін білгенде жағаларын ұстады. Жазасын өтеушілер оның құйрығы мен аяқтарына арнайы жіп байлап, оған кокаин және каннабис (есірткі заты) салынған пакетті бекітетін болған. Есірткі «курьерін» қолға түскен кезде тәртіп сақшылары одан есірткі салынған 50 шағын пакет тәркіледі.