«Арчери – биатлон» жаңа спорт түрін меңгерді

Алматы әскери-патриоттық клубтың тәрбиеленушілері «Арчери – биатлон» жаңа спорт түрін меңгерді. Алматыда Қазақстан Президентінің Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру аясында «Арчери – биатлон» спорт түрі Қазақстанда жаңадан спорттық сабақ ретінде енгізіліп отыр.

f7b68102 fd68 4573 b0e5 bfa64f3ef1c8

Бұл спорт түрі бұрын-соңдя Қазақстанда болмаған. Тұңғыш рет елімізде өткізілуде. Спорттық іс-шарада 1 облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері, 21 мектеп-гимназиясының оқушылары, 8 АКТжФ колледжінің студенттері, жалпы білім беретін 19 және 44 мектеп оқушылары қатысты. Дәстүрлі биатлоннан «Арчери-биатлонының айырмашылығы садақ және жебені қолдану. Осы спорттың түрін өткен ғасырда италиялықтар ойлап тапқан және бұл жарыс түрі бірінші рет Австрия мен Италияда өткізілген.

a08a39e1 0b4f 4f7c 8206 0b69db2e57f1

«Әскери-патриоттық тәрбие жастардың патриоттық сезімін қалыптастыру бойынша ең маңызды тәрбие құралдарының бірі болып табылады. Спорттық жарыстарда командалық жарысқа түсу жаңа жетістіктерге жетуге, достық және бауырмашылдық сезімді оятуға, ұжымдық бірлестікті, жалпы қызығушылықты, бірлікке ұмтылуға шақырады», – деді Алматы қаласы бойынша Әскери-патриоттық клубтың жетекшісі Бақытжан Перимбет.

Back to top button