Галышева Канадада өткен әлем кубогында бірінші болды

Галышева Канадада өткен әлем кубогында бірінші болды

Галышева Канадада өткен әлем кубогында бірінші болды
ашық дереккөзі
Канаданың Калгари қаласында өткен фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Юлия Галышева бірінші болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім еткендей, финалда жерлесіміз 79,10 ұпаймен бірінші орын иеленді. Екінші орында франциялық Перрин Лаффон. Ол 77,96 ұпай жинады. Үздік үштікті америкалық Джейлин Кауф қорытындылады. Еске сала кетейік, Юлия Галышева өткен жылы желтоқсанда Финляндияның Рука қаласында өткен фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңінде  күміс медаль алған болатын.