«Сиқырлы SMM»  әлеуметтік  желіге терең үңіледі

«Сиқырлы SMM»  әлеуметтік  желіге терең үңіледі

«Сиқырлы SMM»  әлеуметтік  желіге терең үңіледі
ашық дереккөзі
Бүгінгі қоғамды интернетсіз елестету әсте мүмкін емес. Тіпті, әлеуметтік желіге тіркеліп, қоғамда болып жатқан оқиғалар мен жаңалықтарды жұрттан бұрын білуге асығамыз. Енді біреулер сол желі арқылы кәсібін жүргізіп, нәсібін табудың жолын тапқан. Әлеуметтік желідегі онлайн өмір де шынайы тіршіліктегі ғұмыр сияқты. Кез келген адам белгілі бір оқиға турасында өз ойын білдіруге мүмкіндігі мол. Әркімнің қалам тербейтін өз тақырыбы бар. Мысалы, біреу футбол туралы, енді біреу саясат туралы айтқанды жақсы көреді. Егер сізге сол мәселе қызықты болса, әлгі автордың парақшасына жазылып, үнемі оқып тұра аласыз. Соған қарамастан, әлеуметтік желіні тұтынудың да өз әдебі бар. Компьютердің арғы жағында адам отырғанын ұмытып кетпей басқаның уақытын қадірлеуге тырысыңыз. Яғни, кикілжіңге енбей, пікіріңізді орынсыз тықпалай бермеңіз. Сондай-ақ, ақпараттың растығына көз жеткізіп алмай, оны парақшаңызда бөлісуге асықпаңыз. Міне, осы сияқты қарапайым ережелерден бастау алатын желіні пайдалану тәртібі мен сан түрлі құпияларын «Сиқырлы SMM» кітабының авторлары Нұрлан Жанай мен Абзал Досым жан-жақты баяндап берген. Қазақ тілінде жарық көрген кітап SMM мамандығын меңгергісі келетін азаматтарға арналған. Соңғы 7 жылда онлайн әлемді барынша зерттеп, ұғынықты тілмен жеткізген авторлар әлеуметтік желіні бизнес жасау мақсатында тиімді қолдануды; әлеуметтік желі психологиясы, маркетингі, ақпараттық қауіпсіздігі мен нетикеті (әдеп) туралы тәжірибеден өткен мәліметті ұсынады. Себебі қазір қолында смартфоны бар адамның бәрі интернетке тәуелді. Ақпарат та, күнделікті тұрмысқа қажетті дүниенің бәрі де сонда. Тіпті, маркетингті жолға қойған кейбір саудагерлердің саудасын жүргізуге де ынталысыз. Мұның бәрі – жарнама. Жарнаманы дұрыс жолға қойған кез келген қарапайым адам әлеуметтік желі арқылы ақша табады. Ал оны қалай жүргізу керек? Қандай ережелерді білу қажет? Оның бәрі  «Сиқырлы SMM» кітабында тәптіштеп жазылған. Демек, әлеуметтік желінің қыр-сырын меңгергіңіз келсе, осы кітапты парақтап шыққаныңыз абзал болар.