дүйсенбі, 7 сәуір, 2025

Студенттердің ең үздік жобалары анықталды

/
ашық дереккөзі
Студенттердің ең үздік жобалары анықталды Астанада ҚР Білім және ғылым министрлігінің тікелей бастамасымен –өкізілген «Студенттердің 100 үздік идеясы» атты республикалық конкурстың жеңімпаздары анықталды. Атап айтсақ, Әл-Фараби атындағы ҚҰУ Филология және әлем тілдері факультетінің 2-курс студенттері Қаратаева Балжан Мұратқызы мен Емангалиева Камила Аскаровна ұсынған «Alshy» - ұлттық брэнд» жобасы конкурстың жүлделі I-орынды иеленіп, ноутбук ұтса, ал Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Экономика және басқару факультетінің 3-курс студенті Жолдыбай Алтынай Ерболқызы ұсынған «Digital University» жобасы конкурстың жүлделі II-орынға шығып заманауи планшет ұтып алды. Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің Филология және тарих факультетінің 3-курс студенті Оразбек Айгерім Тәнірбергенқызы ұсынған «Тіл туризмі» жобасы конкурстың жүлделі III-орнына өтіп, ұялы телефонға ие болды. Конкурстың жеңімпаздары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің «Отырар» кітапханасында марапатталды. Іс-шараға шығармашылық зиялы қауым өкілдері, БАҚ басшылары, ұстаздар мен студент жастар қатысты. Еске салсақ, «Студенттердің 100 үздік идеясы» конкурсы Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі ережелерін жүзеге асыру жөніндегі жалпы республикалық «100 идея» жобасын іске асыру щеңберінде өткізілді. Іс-шара ұйымдастырушылары ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Ел-шежіре» қоғамдық қоры. Конкурс инновациялық қызметті белсендіруге, тәжірибелік мүдде мен қоғамдық маңыздылықты білдіретін инновациялық идеялар мен жобаларды анықтауға және енгізуге бағытталған болатын. Конкурс мақсаты – үздік идеялар мен жастар бастамаларын жинақтау. Конкурс материалдары төмендегі бағытта өтті:
  1. Қазақстанның қасиетті жерлерін бренділеу және оларды әрі қарай дамыту;
  2. қолайлы қала ортасын қалыптастыру;
  3. ауылдық жердің тұрмысын жақсарту;
  4. «табыс тарихы» мен селф-брендингты көпшілікке тарату саласындағы бастамалар
  5. бизнес-жобалар мен стартаптар;
  6. әлеуметтік саладағы жаңа цифрлық шешімдер;
  7. латын әліпбиінге көшу;
  8. алғаш қазақ тіліне аударылған кітаптарды оқуға және көпшілікке таратуға қызығушылықты арттыру;
  9. өлкетану;
  10. Қазақстанның мәдениетін шетелге таныту және елдің халықаралық қоғамдық-мәдени ұстанымы.
Биылғы жылы жоғары аталған кокурске 100-ден аса өтінім қабылданды.
Бөлісу: