УНИВЕРСИТЕТ ҚОНАҚТАРЫ – ЖУРНАЛИСТЕР

УНИВЕРСИТЕТ ҚОНАҚТАРЫ – ЖУРНАЛИСТЕР

УНИВЕРСИТЕТ ҚОНАҚТАРЫ – ЖУРНАЛИСТЕР
ашық дереккөзі
296
«Түркістан» газетінің бас редакторы, қарымды қаламгер Жаңабек Шағатай, бас редактордың орынбасары Динара Мыңжасарқызы, журналист-тілшілер Таңсұлу Алдабергенқызы, Ахмет Өмірзақов, Мақсат Құсайыновты студенттер өздерінің театрландырылған сахнасында қарсы алды. Еліміз Тәуелсіздігін алып, ұлттығын ұлықтап, жоғын түгендеп, жоғалтқанын қайта таба бастаған жылдары елдік мақсаттарды жүзеге асыратын ұлттық басылымдар жарық көре бастады. Халықтық мүдде мен елдік мұратты ту етіп ұстаған басылымның бірі – «Түркістан» газеті. Халықаралық басылым ұжымы түркі тілдес халықтардың тарихынан, мәдениеті, тілі мен ділінен толықтай хабар беріп, журналистика, әдебиет-мәдениет саласы, қоғамдағы жаңашыл өзгерістер жайында өз ойларын ортаға салды. Университет проректоры Гүлнәр Сәрсенбекова жүргізіп отырған кездесуде студенттер де өз өнерлерін көрсетіп, жырдан шашу шашты. Қонақтар өздерінің студенттік жылдарынан естеліктер айтса, проректор университет өмірімен таныстырды. – Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті 2001 жылы жоғары технологиялар, өңдеу, тамақ өнеркәсібі салаларында, бағдарламалық қамтамасыз етуді жасау, IT, экономика, ауыл шаруашылығы салаларында біліктілігі жоғары мамандар даярлау мақсатында құрылған. Университетте педагогикалық және ғылыми жұмыста бай тәжірибе жинақтаған, кәсіпқойлығы жоғары профессор-оқытушылар жұмыс істейді, – деді Гүлнәр Әлібекқызы. Сондай-ақ, университеттің материалдық базасы жыл сайын жаңартылып, толықтырылып отырады. Оқу ғимаратының жатақханаларға жақын жерде орналасқандығы студенттер үшін қолайлы жағдай туғызған. Аудиториялар интернетке кіру мүмкіндігі бар компьютерлер, проекторлар, кондиционерлермен жабдықталса, студенттердің ғылыми жұмыстармен айналысуына мүмкіндік жасайтын зертханалары тағы бар. Әсіресе, қалалық студенттерді ең жақын метро станциясына тегін жеткізетін көлік те бөлінген. «Түркістан» газетінің ұжымы студенттерге жаңа оқу жылында ғана пайдалануға берілген «Студенттер үйімен» танысыпшықты. Бұл – Елбасымыздың 5 әлеуметтік бастамасы бойынша қаладағы 37 жоғары оқу орындары арасынан бірінші қолға алынған шара. Мұнда «Университет аруы», «Күзгі бал», «Студенттік клубтар», «Студенттік көктем» сынды жастардың шығармашылық әлеуетін арттыратын үйірмелер және мәдени-танымдық, көңілді тапқырлар клубы жұмыс істейді. Ұстаз-педагогтар мен студент-жастар атынан журналистерге, газет ұжымына алғысымызды білдіреміз.  

Жанаргүл Молдахметова,

«Студенттер үйінің» директоры

Алматы қаласы

Серіктес жаңалықтары