11 Желтоқсан 2018, 16:38 662 0 Жаһан Назым Тойлыбаева

Дональд Трамп қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

АҚШ-тың Орталық Азия мәселесі бойынша мемхатшысының көмекшісі Элис Уэллс Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамптың келе жатқан Тәуелсіздік күнімен қазақстандықтарды құттықтауын табыс етті,  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен Трамп мырзаның сіздердің келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтауын жеткізгім келеді. Біз сіздің елге жан-жақты қолдау білдіруге дайынбыз. Таңертеңнен бері Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше болғанына екі жыл толуын және Нью-Йоркте жүргізген саясатыңызды талқыладық.

Біз Орталық Азиядағы бейбіт бастамаларға қатысқан тұңғыш ел екенін көрдік. Бұл Ливандағы бастамаға қатысты. Бұл Қазақстан тарапынан жасалған маңызды шара, бұл дегеніміз сіздің елдің көшбасшылық рөл атқарып жатқанын көрсетеді", - деді Уэллс Астанада өткен брифингте.

Ол Қазақстандағы қауіпсіздік саласы бойынша тұрақты саясат пен Ауғанстанға көрсетіліп жатқан көмектің ерекше екенін атап өтті.

"Бұл Ауғанстаннан келген студенттерді оқытуға да және сол елдегі әйелдердің құқығы мен мүмкіндігінің кеңеюі жайында екіжақты деңгейлі конференцияларды өткізу қатысты. (...) Сонымен қатар, біз Қазақстанның одақтастық географиясының кеңейіп жатқанын көріп отырмыз. Терроризммен күрес және ол туралы ескерту жайында жақсы диалог өтті", - деді ол.

Уэллс АҚШ-тың екі ел арасындағы одақтастықты нығайтуғы қызығушылық танытып отырғанын растады.

"Біз Қазақстанда үш тілде білім алу және ағылшын тілін сіздердің тілмен қатар үйрену жобасы туралы әлі де келіссөздер жүргізетін боламыз. Одақтастығымызды нысғайту мақсатында жұмыстар жүргізілетіні туралы тағы да айтқым келеді", - деді ол.

Соңғы жаңалықтар