Эйфельдің баспалдағы да бағалы

Эйфельдің баспалдағы да бағалы

Эйфельдің баспалдағы да бағалы
ашық дереккөзі
Эйфель мұнарасы баспалдағының бір бөлігі Париждегі аукционда 169 мың еуроға сатылды. Баспалдақты Таяу Шығыстан келген белгісіз коллекционер иеленді. Сауда-саттық сейсенбі күні, 27 қарашада Париждегі Artcurial аукцион үйінде өткен. Сатылған фрагменттің биіктігі 4,3 метрді, салмағы 900 келіні құрайды. Шиыршықты баспалдақтың бұл бөлігі 1889 жылы Эйфель мұнарасының екінші және үшінші қабатын жалғастырып тұрған көрінеді. Баспалдақтың бастапқы құны 40-50 мың еуроны құраған. Таяу Шығыстан келген коллекционер оны сауда басталған соң бірнеше минут өткенде сатып алыпты. 1889 жылы Густав Эйфель жасаған баспалдақ 1983 жылы демонтаждалған.