Жеңімпаздар марапатталған кеш

Жеңімпаздар марапатталған кеш

Жеңімпаздар марапатталған кеш
ашық дереккөзі
345
«Балаларға арналған тегін IT-сыныптар» партиялық жобасы бойынша биылғы жылдың 10 қарашасында робототехника, 3D модельдеу және бағдарламалау бойынша бірінші республикалық IT- олимпиада өтті. Бұл олимпиадаға еліміздің түкпір-түкпірінен 5009 бала қатысты. Партияның Орталық аппаратында партия Хатшылары Тамара Дүйсенова және Илья Теренченконың қатысуымен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Партиялық «Балаларға арналған тегін IT-сыныптар» жобасы осы жылдың жазында өз жұмысын бастаған. Сол уақыттан бері еліміздің 17 аймағында 776 IT-сынып ашылды. Олардың әрбір екіншісі – ауыл балаларына арналған. Партиялық жоба балаларға арналған үздік IT-компаниялардың заманауи оқыту бағдарламаларына, сандық икемділікті және STEM ойлауын дамытуға мол мүмкіндік берді. Қазіргі әлемді сандық технологияларсыз елестету мүмкін емес, әрі олар өте жылдам дамып келеді, ондағы өзгерістер өте қарқынды жүріп жатыр. Цифрлық қоғамда бірінші кезектегі міндеттердің бірі – ерте бастан балалардың IT-дағдыларын және сандық икемділігін дамыту. Осыған байланысты IT-партиялық жобаны іске асыру үшін ерте жастан бастап балаларды тәрбиелеу, олардың қызығушылықтарын арттырып, цифрлық ортаны қалыптастыру, адам капиталын дамыту және сандық сауаттылықты арттыру өте қажет. Олимпиада нәтижесінде робототехника және 3D модельдеу саласында 1612 жоба қарастырылды. Ең көп 385 жоба Шығыс Қазақстан облысынан келіп түскен. Бұл жалпы келіп түскен жобалардың 23,9 пайызын құрайды. Жалпы, олимпиадаға бағдарламалау бойынша – 938, робототехника бойынша – 409, 3D модельдеу бойынша – 295 өтінім түскен. 17 аймақтың қатысушылары арасында бағдарламалау, робототехника және 3D моделдеу саласындағы үш номинация бойынша жеңімпаздар анықталды. «Нұр Отан» партиясы жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттап, бірінші орын иегеріне – ноутбук, 2-орын иегеріне – планшет, 3-орын иегеріне – «Лего» берілді. Сондай-ақ, робот және бағдарламалау, робототехника және 3D-модельдеу бойынша жыл сайынғы ақысыз онлайн білім беру туралы сертификаттармен марапаттады. Бұдан басқа, қызығушылық тудырған тағы 20 қатысушыға СТЭМ Академиясының ынталандыру сыйлықтары берілді. «Балаларға арналған тегін IT сыныбы» атты партиялық жобаны іске асырудың бір нәтижесі – балаларды ұлттық және халықаралық жарыстарға, чемпионаттарға ұйымдастыру және қатыстыру.

Серіктес жаңалықтары