Испандар Құрманғазы оркестрін күтуде

Испандар Құрманғазы оркестрін күтуде

Испандар Құрманғазы оркестрін күтуде
ашық дереккөзі
Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі «Ұлы дала әуендері» атты концерттік бағдарламамен Испанияның Мадрид қаласына барады. 2018 жылдың 7 желтоқсаны күні өтетін концерт ҚР Тәуелсіздік мерекесіне арналмақ. 2017 жылы оркестр ұжымы «Ұлы дала әуендері» атты концерттік бағдарламамен Парижде ЮНЕСКО штаб-пәтерінің Үлкен залында, Болгария Республикасының Варна, Пловдив, София қалаларында, Өзбекстан Республикасының Ташкент, Самарқанд қалаларында өнер көрсеткен болатын. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отырған гастрольдік сапардың мақсаты – екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықты жандандыру, мемлекеттер арасындағы мәдени өзара байланысты нығайту. Қазақ өнерінің төл мәдениетін кеңінен насихаттау. Оркестрдің бас дирижері «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты – Абылай Тілепберген. «Ұлы дала әуендері» деп аталатын концерттің бағдарламасы халық күйлері мен қатар Құрманғазы, Түркеш, Шәмші Қалдаяқов, Ахмет Жұбанов, Нұрғиса Тілендиев сынды қазақ композиторларының және әлемнің классик композиторлары Жорж Бизе, Антонио Вивальди, Имре Кальман, Иоганн Штраустың шығармаларынан құралып отыр.