Үш жылдық бюджет параметрлерінің болжамы қандай

Үш жылдық бюджет параметрлерінің болжамы қандай

Үш жылдық бюджет параметрлерінің болжамы қандай
ашық дереккөзі
2019-2021 жылдарға арналған бюджет параметрлерінің болжамы қайта қаралды. Оның деректерін бүгін Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Макроэкономикалық түзетілген болжам негізінде 2019-2021 жылдарға арналған бюджет параметрлерінің болжамы қайта қаралды. Республикалық бюджет кірісі 2019 жылы 6 трлн 786  миллиард теңге, 2020 жылы -7 трлн 360 миллиард теңге, 2021 жылы -7 трлн 998 миллиард тенге көлемінде болжануда», - деді министр. Оның айтуынша, республикалық бюджет шығыстарының болжамы 2019 жылы 10 трлн 727 миллиард теңге, 2020 жылы - 11 трлн 59 миллиард теңге, 2021 жылы - 11 трлн 402 миллиард теңге көлемінде айқындалды. «2019 жылы бюджет тапшылығын 2018 жылдың деңгейінде жалпы ішкі өнімге қарағанда 1,5 пайыз жоспарланған, ал 2020 жылы - 1,4  және 2021 жылы - 1,3 пайызғадейін төмендейді. Мұнай емес тапшылық 2019 жылы жалпы ішкі өнімге қарағанда 6,9пайыздан 2021 жылы 5,3пайызға дейін қысқарады. Бұл Ұлттық қордың тұжырымдамасымен белгіленген нысаналы көрсеткіштен аспайды», - деді ол. Тимур Сүлейменовтің дерегінше, Ұлттық қордың валюталық активтері 2019 жылы 63 миллиард АҚШ долларыннан 2021 жылы 67,4  миллиард АҚШ долларына дейін ұлғаяды.