Мақпал Жұмабай: Қазіргі балалар – кішкентай данышпандар

balapan кішкентай көрермендердің сүйікті телеарнасына айналғалы сегіз жыл. Осы уақыт ішінде телеарна биікке қанат сермеп, белгілі бір деңгейде өсті. Талайдың balapan арқылы тілі шығып, таным көкжиегі кеңейді. Біз balapan телеарнасы тізгінін қолына алып, бірталай ұлттық жобаны өмірге әкелуге күш салып жүрген Мақпал Жұмабай ханымды әңгімеге тартқан едік.  

– Мақпал, balapan телеарнасына басшылық қызметке келгеніңе де бір жылға таяп қалыпты. Осы уақыт ішінде біраз жобалардың тұсауы кесілгенінен хабардармыз. Жалпы, алға қойған мақсат пен меже орындалып жатыр ма?

– Биыл balapan телеранасының ашылғанына 8 жыл толды. Бұл телеарна үшін көп уақыт емес. Бірақ 8 жылда тек балаларға өнім жасайтын теленарық қалыптасты. Бұрындары айтылған сын-ескертпелерді ескерсе де, түзей алмайтын кездер болған. Себебі техникалық, кәсіби мүмкіндік жетпейтін. Қазір «мына нәрсені жасай алмаймыз» деп айтуға еш негіз жоқ. Өйткені 8 жыл бойы телеарна толық қалыптасты. Бізге жаңаша жұмыс істеуге мүмкіндік туды. Өзім balapan телеарнасы ашылған кезде үш жыл жұмыс істеген едім. Ол кездегі balapan мен қазіргі balapan-ның мүмкіндіктерін салыстыруға келмейді. Қазір технология да, балалар да сәт сайын дамып жатыр.

Жалпы, телеарнада жаңа маусым күзде ғана жарияланады. Енді біз мұны үш маусымға лайықтадық. Балалардың күн тәртібін, сабағын, жыл мезгілін ескердік. Мысалы, жазда бала миына онша жүк түсірмеу керек. Атап айтқанда, археолог ғалымдар мен балалар «Жұмбақ жер» атты археологиялық-тарихи телеэкспедицияның арқасында бір ай бойы Қазақстанның бүкіл облысындағы ескерткіштерді аралап шықты. Нәтижесінде 20-ға жуық тарихи нысанмен жақыннан танысты. Қазіргідей визуалды уақытта жотаның төбесіне шығып, «Мына жерде Отырар болған» десек, балалар оған онша қызыға қоймайды. Археолог ғалымдар мен қалпына келтірушілердің көмегімен 3D модельдеу арқылы тарихи ескерткіштердің түпнұсқасын жасадық. Және де археологиялық кешен басшылары ниетімізді қолдап, балалардың жәдігерлерді қолмен ұстап, көзбен көруіне мүмкіндік берді. Археологтар Қырым Алтынбеков, Зейнолла Самашев бастамамызға ерекше көңіл аударды. Мысалы, ауылға кіріп келгенде алдымыздан жалаң аяқ жүгірген балалар қуана қарсы алды. Себебі хабар апта сайын беріліп жатты. Ал біз сол уақытта ауылдарды аралап жүрдік. Яғни, біз балалармен бірге жүріп отырдық. Осы жоба арқылы дәл бүгін тарихқа деген жаңаша көзқарасты енгіздік деп ойлаймын. Айтыңызшы, кім бұрын археолог боламын дейтін еді?! Қазір балалар «мен археолог боламын» дейтін деңгейге жетті. Өйткені біз археологияны тылсым мен құпияға толы ерекше ғылым ретінде көрсете алдық.

– Телеарна өз жобаларына сол саланың мүйізі қарағайдай мамандарын тартып келе ме? Бұл да балалардың сенімі мен қызығушылығын арттыруына септігін тигізетін шығар…

– Әрине, солай. Жазда «Шахмат патшалығы» деген ауқымды жобамыз тұсауын кесті. Бізде халықаралық гроссмейстерлер аз ғой. Соның бірі Дәрмен Сәдуақасовпен бірге шытырман оқиға түрінде мультхикая түсірдік. Жаңа жобалардың ерекшелігі сол, қандай бағдарламаны алсақ та, сол салада жүрген ең мықты мамандарды шақырып, солардың тікелей қатысуымен жүзеге асырдық. Біз ғылыми жобалардың бәріне халықаралық деңгейдегі ғалымдарымызды тартамыз деп өзімізге талап қойғанбыз. Айталық, ғылыми жобаларымызға Назарбаев университетінің докторанттары, оқытушылары қатысты. balapan телеарнасы Сарапшылар кеңесіндегі ғалымдармен бірге қазақ ғылымын қазақ тілінде сөйлетуді мақсат тұтуда. Халық пен ғылым арасындағы байланыс үзіліп қалғаны жасырын емес. Тұлғаларды балаларға үлгі етуіміз керек Осылайша, ғалымдармен ұзақ келісім жүргізіп, эфирге тарта бастадық. Ал күзгі маусымда білім мен ғылымға тереңдей түстік. Ойын-сауық бағдарламаларды да басқа тұрғыдан зерттеп, ұсынуға тырысып жатырмыз. Үш маусымдағы жаңа жобаларға балалар да жылы жауап беріп, телекөрсетілім бойынша белгілі бір деңгейде өсім болғанын байқап отырмыз.

– Жалпы, телеарналар өнімін қайталап беруден жалықпайды. Бұл үрдіс balapan телеарнасында да бар. Бұл жобаның рейтингі жоғары болғандықтан ба?

– Бұл әлемде бар тәжірибе. Мәселе сол бағдарламаларды жоспарлауға байланысты. Балалар телеарнасының ерекшелігі, өз өнімдерін қайталап көрсетуінде, біздің арнамызда да төрт блокты бағдарламалау жүйесі болған. Яғни, эфирлік уақыт төрт бөлікке бөлініп, өнімдер қайталап көрсетілетін. Бірақ қазір төрт блокты бағдарламалау жүйесін екі блокқа ауыстырып, қайталауларды қысқарттық.

– Бұл телеарна балалардың мемлекеттік тілде сөйлеуіне айтарлықтай үлес қосуда. Бүгінгі балалардың біразы телеарнаның стилімен сөйлейтін сияқты…

– balapan мемлекеттік стратегиялық мақсаттан дүниеге келген телеарна. Әу баста, ашылған кезде мемлекеттік тілді дамытуды көздеді. Кез келген жаңа нәрсе балаларға бірден әсер етеді. Мысалы, өзім маман және ата-ана ретінде де balapan телеарнасының ықпалын білемін. Яғни, бүгін телеарнада бір нәрсе айтылса, ертең балалар тура соны айтып жүреді. Бір сөзге дұрыс екпін түсірілмесе болды, Қазақстанның бүкіл балалары солай қабылдап алады. balapan телеарнасын бірнеше миллион бала көреді. Біз соны түсіне отырып, қала мен ауыл баласының арасындағы алшақтықты жояйық деп шештік. Мысалы, қала баласының сапалы білім алуыға мүмкіндігі мол. Оны ата-анасы анда-мұнда үйірмелерге тасиды. Ал ауылдың баласы ше? Біз белгілі бір деңгейде қала және ауыл баласына ұсынылатын мүмкіншіліктер тең болғанын қалаймыз. Сондықтан да бағдарламаларды сапалы жасау үшін мықты мамандарды жұмысқа тарттық. Оның бір дәлелі – белгілі журналист Дархан Әбдік жүргізетін «+Шексіздік» жобасы. Онда біз көрерменімізге «балалар» деп айтпауға келісіп, оларды бір саты жоғары көтеріп, өзімізбен тең ұстауға шешім қабылдадық. Негізі, баламен тең дәрежеде сөйлессеңіз, ол да солай жауап береді. Қазір ашық қоғам. Бүгінгі балалар әлемдегі озық жобаларды ағылшын тілінде түпнұсқадан көре алатын деңгейде. Балаларымыз – ақылды әрі білімді. Балалардың біліміне инвестиция деп қарайтын заман туды. Ал мұндай балаларға сапалы дүние ұсынбасаңыз, қарамайды да. Біз бәсекелестікті ескеріп, жауапкершілікті сезіне отырып, шамамыз, мүмкіндігіміз жеткенше сапалы өнім жасауға тырысудамыз.

– Шетелдік балаларға арналған телеарна басшыларымен әріптестік орната бастағандарың қуантты. Түркия, Жапония елдерімен арадағы келіссөздер нәтижесі қалай өрбіді?

– Бүкіл әлемде балалар телеарнасы телекеңістіктің үлкен ауқымын алады. Ал анимация нарығы әлемдегі өте салмақты сала. balapan телеарнасы да халықаралық деңгейдегі байланыстарын бастады. Түркияның мемлекеттік ТРТ медиакорпорациясымен әріптестік орнатудың нәтижесінде бес маман тәжірибе алмасуға барып келді. Енді бірлескен жоба жасау турасында келіссөздер жүргізуге кірістік. Түбі бір түркі халқы болған соң, тәжірибеміз бен мүмкіндігімізді біріктіріп, сапалы дүние жасамақпыз. Сонымен қатар Қытай мемлекетінің CCTV телеарнасы түсіретін мультхикаяны елімізде көрсету мүмкіндігіне ие болуға күш салудамыз. Мұнымен қоса, Жапонияның ірі медиакорпорациясы NHK арнасы мамандары balapan телеарнасымен ынтымақтастықта болу үшін арнайы келді. Бірнеше сағатқа созылған келіссөздердің нәтижесінде бірқатар жобаны жүзеге асыру жөнінде келісім басталды.

– Анимациялық фильмдерді сатып алуға қыруар ақша жұмсалатыны белгілі. Телеарна өнімдерінің қанша пайызын шетелден сатып алады?

– balapan телеарнасы өнімдерінің 40 пайызға жуығын сатып алады. Бүгінде «Қазақстан» телерадиокорпорациясы әлемдегі ірі анимациялық компаниялармен жұмыс істеп, өнімді тікелей сатып алуына мүмкіндігі бар. Мысалы, сапалы өнім шығаратын The Walt Disney компаниясымен байланыс орнатылған. Бұл компания өз өнімдерін дубляждау құқығын бәріне бере бермейді. Бұл құқық біздің корпорацияда бар. Яғни, олардың даусын компанияда негізгі кейіпкерлерді ойнайтын актерлердің өздері бекітеді. Талаптары өте жоғары. Олар оған рөл сияқты қарайды. Осы байланыстың нәтижесінде корпорация, соның ішінде balapan телеарнасы дубляж деңгейін бірнеше сатыға көтерді. Әрине, көрерменнің талғамын ескеріп және бізде жоқ өнімдерді әкелуге тырысамыз. Телеарнамызда жарық көрген жобалар әлем бойынша өте өзекті дүниелер. Мультхикаялардың да өз рейтингі бар. Яғни, дүниежүзінде анимациялық нарық бірдей жүреді. Біз содан қалмауға тырысамыз. Біздің балалар құрылғанына 70-80 жыл толған алып анимациялық корпорациялардың өнімін көргеннен ештеңе жоғалтпайды. Өйткені Қазақстанның анимациялық нарығын шетелдікімен салыстыруға келмейді. Соған қарамастан отандық анимацияны дамыту үшін үлкен күш салып жатырмыз.

– Бұл салада ауыз толтырып айтар жетістіктеріміз бар ма өзі?

– Қазір анимациялық нарыққа тапсырыс беруші екі-ақ компания бар. Оның бірі «Қазақфильм» киностудиясы, ол толықметражды кинолар түсіреді. Алайда ол жылына бір немесе екі картинаны жарыққа шығаруы мүмкін. Осы ретте негізгі тапсырыс беруші – balapan телеарнасы. Бүгінгі анимацияны барынша дамытып, отандық мультипликаторларды жұмыспен қамтып отырған да біздің телеарна. Осы жауапкершілікті жақсы сезінеміз. Мысалы, balapan телеарнасында осы жылға дейін 25 анимациялық жоба түсірілген. Бұрын жылына орташа есеппен 3 мультхикая жасалған. Басқарма төрағасы Ерлан Тынымбайұлымен ақылдаса отырып, анимациялық өнімдердің санын көбейтіп, биыл бірден 10 ірі жобаны қолға алдық. Және оларды жүзеге асырып та үлгердік. Осы орайда бастамаларымызға қолдау танытқан, сенім білдірген Ерлан Қарин мырзаға алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

– Бүгінгі телекеңістікте ән мен биге арналған, яғни шоу бағдарлама көп. Соңғы кезде balapan мұндай жобаларды азайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге көңіл бөле бастапты. Осы тұрғыда кішкентай көрермендерге жол тартқан жобалар жайында айтып өтсең…

– Телеарна эстрадалық бағыттағы бағдарламаларды толық жапты. Бұл тұрғыда телеарна балалар шығармашылығын, соның ішінде эстрада жанрын дамытуға елеулі үлес қосты. Бұл өз уақытында керек болды да. Биылдан бастап классикалық жанрға, ұлттық бағыттағы дүниелерге саналы түрде ден қойдық. Мысалы, Ерлан Қарин мырзаның бастамасымен жүзеге асқан «Мен қазақпын» жобасының балаларға арналған нұсқасы жоспарланып жатыр. Ал эфирімізге төрт ұлттық жоба жол тартты. «Алтын қазық» жобасы арқылы Астананың сыртына киіз үйлер тігіп, этноауыл жасадық. Оған қалада өскен 10-12 жастағы 16 бала іріктеліп алынды. Олар ауыл өмірін көріп, көшпелі өмір сүрді. Атқа отырды, жүн түтті, кесте тікті, сиыр сауды, құрт жасады. Нәтижесінде, балалардың бойындағы оң өзгерістерді байқадық. Көшпелі өмірден жеріне ме деп қауіптеніп едік, керісінше болып шықты. Балаларымыз кешке қарай оттың айналасында отырып, табиғатты жұлдыздар арқылы бақылап, ұлттық қарулар туралы әңгімеледі. Бұл жоба қаралым жағынан жақсы көрсеткіш беріп отыр. Демек, біз бұл бағытты әрі қарай да жалғастыра береміз. Тағы бір айта кетерлігі, бүкіл дәстүрді тамаша етіп көрсетуді, киіз үйдің жабдықтарын сәнді етуді қадағаладық. Сол саланың мамандары мен шеберлерін шақырып, этнограф-тарихшылармен тығыз жұмыс істедік. Сол сияқты ұлттық би туралы «Қосалқа» жобасы қазақтың би тарихына шолу жасайды. Әрбір қимыл-қозғалыстың қандай мағына беретінін түсіндірдік. Сол жоба арқылы қыздарымыз би үйреніп, тіпті, ол биге қандай киім кию керектігін, оны тігуді де меңгереді. Одан бөлек, ұлттық қолөнер туралы «Үйрен де жирен» жобасы бар. balapan телеарнасының кішкентай жүргізушілері еліміздегі танымал шеберлердің шеберханасына барып, текемет басады, алаша тоқиды, домбыра жасайды.

Ұлттық жобаларымыздың ішіндегі сүйектісі – «Қоңыр қаз» жобасы. Мультфильмдеріміз көрермен мен музыка мамандарының жоғары бағасына ие болды. Зира Наурызбаева бастаған мамандармен бірге 20 күйге екінші өмір сыйладық. Бәріміздің есімізде «Ақсақ құлан» күйінің аңызы сайрап жатыр. Бұл жобамыз осы аты аңызға айналған мультфильмнің заңды жалғасындай. Кей күйлердің аңызын тірілтсек, кей күйлерге жаңаша мағына беріп, сценарий жаздық. Бұл жоба қазір эфирде жүруде. Меніңше, бұл balapan телеарнасының руханиятымызға қосқан үлесі. Кішкентай балақайлар күй ойнай бастағаннан-ақ теледидар алдына отыра қалады екен. Себебі ұлттық код, ұлттық музыка қазақ балаларының қанында бар.

Сондай-ақ, алғаш рет супер қаһармандарды шығаруды қолға алдық. Өз супер батыры болмаса, балалар басқа елдің кейіпкерлерін батыр етеді. Біз «қазақтың супер қаһарманы қандай болу керек?» деген сауалнама жүргізіп, сурет көрмесін ұйымдастырдық. Содан ұққанымыз, қаһарман ұша алатын, қаруларды қолдана алатын, жақсылық жасайтын, адамдарды зұлымдықтан құтқаратын болуы керек. Балалардың қиялына жүгінсек, басы Бэтмандыкі, сауыты қазақтікі, қаруы аралас. Қысқасы, балалар қазақтың супер қаһарманын елестете алмайды екен. Осы тұрғыда көп уақытты жоғалтып алғанымызды білдік. Сөйтіп, тәуекелге бел буып, Сарапшылар кеңесімен ақылдаса отырып, үш жобаны өндіріске жібердік. Соның бірі – мифке құрылған «Айдар» жобасы. Ол қаруларды еркін қолданатын, ұшатын, бір әлемнен екінші әлемге еркін өтетін кейіпкер. Біз қазақтың мифтік еңбектерін қаза отырып, Ескілік деген жағымсыз кейіпкерді де тірілттік. Сондай-ақ, «Дала ойындары» атты супер қаһармандар мультфильмі түсіріліп жатыр. 2050 жыл. Қазақстанда технологияның дамыған кезі, айналаның бәрі шыны. Сондай заманда балалар табиғат аясына барады, сонда жүріп адамнан, табиғаттан алыстап кеткенін біліп, ұлттық рухы оянады. Алдағы уақытта болуы мүмкін қауіп-қатерлерді сол мультфильмде көрсетіп, балаларды табиғатқа, достыққа қайта оралттық. Үшінші үлкен жоба – «Ертемір». Темір деген бала қауіп төнгенде Ертемірге айналып, айналасына көмектесіп, Қазақстанды құтқара бастайды. Осы жобалар үшін қатты толқып, толғатып жүрміз. Балалар қабылдай ма, жоқ па? Қазір бәрі дайын. Тәуелсіздік күніне орай Астана мен Алматы қалаларында тұсауын кесіп, кішкентай көрерменге ұсынамыз. Біз барымызды салып, супер қаһарманды жасадық, ендігі жауап балаларда. Егер сәтті боп жатса, қуанамыз. Ал сәтсіз болса, осы тұрғыда әрі қарай жұмыс істеуді жалғастырамыз. Ең бастысы, тәуекелге барып, алғашқы баспалдақтан өттік.

– Демек, телеарна 12 жасқа дейінгі көрерменді толығымен қамтып отыр ма?

– balapan телеарнасының көрермен ауқымы өте үлкен. Тіпті, 1 жасқа дейінгі баланың ай сайынғы өсуінде ерекшелік бар. Ал 12 жасқа дейін аудитория кең болса да, бәрін игеруге тырысамыз. Кейде ата-аналар «Менің балам ересек еді, сендер бөпеге айтатын әңгіме айтып кеттіңдер! Немесе балам кішкентай, жобаларыңыз неге ересектерге арналып кетті?» деп ренішін білдіреді. Ата-ана бізге түсіністікпен қарауы керек. Соңғы зерттеулерге сүйенсек, біздің аудитория көрерменінің жартысынан көбі – ата-аналар. Таңертең балалар мектепке кеткенде бөбектер үшін, түсте сабақтан оралған балалар үшін, ал кешкі сағат 9-10 арасында жасөспірімдер үшін жұмыс істейміз. Әрине, шетелде әр жасқа арналған телеарна бар. Біздің елімізде де болашақта солай болары анық. Тіпті, кейін бірнеше телеарна болуы да ғажап емес. balapan алғашқы ашылған кезде бәрі тақыр жерден басталды. Ал қазір ол жылына 10 анимациялық жобаны, 40 шақты тележобаны еркін өндіретін арнаға айналды.

– Бір жылға 50 жоба жоспарланғанын айтып едің. Неше жоба эфирге жол тартты?

– 50 жобаның 40 шақтысы эфирде көрсетіліп жүр. Жаңа жылға дейін қалғанының тұсауын кесеміз. Телеарна биыл үш телехикая ұсынады. Қазір «Ақ құс» көрерменге жол тартты. «Тентек» және «Теңбіл доп» таяу уақытта көрсетіле бастайды. Balapan телеарнасы ашылғалы екі маусымнан тұратын 3 телехикая түсірілсе, биыл біз бірден үш телехикаяны түсіруге мүмкіндік алдық. Нәтиже қуантарлық. «Ақ құстың» бір сериясының интернеттегі қаралымы 200 мыңға жетті. Сонымен қатар, «Сынық сынып», «Көке», «А 4» ситкомның екеуі эфирде. Мұның да қаралымы жоғары.

– Өзіңнің балаларың balapan телеарнасын көре ме, әлде…

– Балалардың эфирді көру тәртібіне байланысты айтқан көзқарасым бүгін туған байлам емес. Мұны үйде де ұстанамын, тыйым саламын. Балаларым гаджеттерді қолданбайды. Белгілі бір деңгейде көштен қалмау үшін шекті уақытқа қана беремін. Телеарнадан да өздеріне қатысты дүниені тамашалайды. Үлкенім 8 жаста, кішкентайым 3 жаста. Үлкен баламның туған күніне телефон сыйлап едім, бес күн ғана ұстады. Сосын: «Анашым, мен әлі дайын емес екенмін. Ойымның бәрінде телефон тұрады. Сабақ оқуға кедергі келтіреді», – деп қайтарып берді.

– Қазір балалар ерекше ақылды, жаңа технологияның құлағында ойнайды. Оларды анау-мынау дүниемен алдай да, сендіре де алмайсың. Балаларға арналған телеарна басшысы ретінде бүгінгі балаларға қандай мінездеме берер едің?

– Бүгінгі балалар сіз бен біз ойлағаннан да ақылды, білімді. Телеарна басшысы ретінде ата-ана, бағдарлама жасаушылармен сөйлескенде: «Бізге балаларға бала деп қарауды, оларды бағаламауды қою керек. Қазіргі балалар – кішкентай данышпандар. Олар жыл сайын дами түсуде», – деймін. Мысалы, «I balapan» жобасы арқылы IT саласындағы мықты қазақтілді мамандарды шақырып, жаңа трендтерді, яғни сайт, бағдарлама жасау, кодтауды эфир арқылы үйрете бастадық. Сол жоба физика-математика мектептерінде сабақ барысында қолданылады екен. Бұл біз үшін үлкен мәртебе.

– «Қазір сынақты көтере алмайтын балалардың армиясы келе жатыр» деген едің бір пікіріңде. Мұны неге сүйеніп айтқаныңды білуге бола ма?

– Өмір жеңіс пен жеңілістен тұратынын түсіну керек. Қазір кейбір балалар байқаудан жеңіліп қалса немесе кастингтен өтпей жатса, өмірден түңіліп кетеді. Оған ата-ана да өз тарапынан үлес қосуда. Бұл жолы болмаса, келер жолы жеңетінін баласына айтып түсіндіруі керек. Balapan телеарнасында «Бала time» деген ата-аналардың уақыты бар. Аптасына жарты сағаттан екі күн тікелей эфирден көрсетіледі. Мұнда дәл қазір бізді толғандыратын мәселелер сөз болады. Айталық, «баланы үйірмелерге апара беру дұрыс па, бұрыс па?», «Бала психологиялық өзгеріске ұшырағанда ұрсуға бола ма, жоқ па?», т.б. жайттарды мамандар талқыға салады. Алайда «Балалар арнасынан неге үлкендердің әңгімесін бересіздер?», – деп сынағандар да болды. Бұл үлкендердің балалар туралы әңгімесі ғой. Мұндай әңгіме тек ас үй мен баласын мектеп алдында күтіп отырған ата-ана ортасында ғана айтылады. Бұл мәселені айтпасақ, түйткілмен қалай күресеміз? Бізге бір күнде еліміздің шалғайдағы елді мекендерінен 40-тан астам қоңырау түседі. Бәрі де сұрағына жауап алуға тырысады. Сол сияқты елімізде үйден шықпай отырған қаншама мүгедек бала бар. Соған орай ерекше балаларға арналған «Дос болайық» хабары көрсетіліп жүр. Оған жүргізуші болуға осы саланы жақсы білетін маман Аружан Саинға ұсыныс жасадық. Мұндағы мақсат – кемістігі бар адамды мүсіркеуді доғару. Оның солай болып туылғанын және мұның қалыпты екенін көрсету. «Дос болайық» дей отырып, ол балалардың еш айырмашылығы жоқ екенін және солай болғанына кінәлі емес екенін айтқымыз келді. Тіпті, бағдарламада баланың мүгедектігі туралы бірде бір сөз айтылмайды. Керісінше, басқа балалар оның өнеріне қызығады. Мүгедек балалар үйде отыра бермей, қоғамға араласуы керек. Оларға қалыпты қарап, қолұшын созуымыз қажет. Qareket бағдарламасына қатысқан сал ауруына шалдыққан 12 жасар Назерке Аймұратова balapan телеарнасына жүргізуші болғысы келетінін айтыпты. Сол күні продюсері хабарласып еді, ертесіне «Қаламгер кітапханасы» бағдарламасына жүргізушілікке алдық. Біздің ұстаным – барлық бала бірдей. Кішкентай қыздың арманын орындау арқылы қаншама балаға үміт сыйладық. Осындай көзге көрінбейтін, өзіміз ғана сезетін «ерліктеріміз» бар. Кейде қуанып, жылап та аламыз. Әлгіндей сәл нәрсеге морт сынатын балалар өмірге құштар осындай жандардан үлгі алса деймін.

– Әңгімеңнен ұққаным, телеарнаға ата-ана тарапынан ескертпе, уәждер көп айтылатын сияқты. Ал оларға өз тарапыңнан айтатын ұсынысың бар ма?

– Бүгінде Қазақстандағы ата-анамен тығыз жұмыс істейтін мекеменің бірі – balapan телеарнасы. Айта кететін мәселе, balapan телеарнасын балаларға үздіксіз көрсетуге болмайды. Маман ретінде байқағаным, таңертең қосылған телеарна әнұран аяқталғанда өшеді. Бұл баланың денсаулығы үшін аса қауіпті. ДСҰ-ның зерттеу нәтижесі бойынша, балаға телеарна көру уақыты белгіленген. Бұл баланың психологиялық әлеміне, жан дүниесіне әсер етеді. Сіздердің «Turkistan» газеті арқылы ата-аналардан балалардың телеарнаны көру уақытын қатты қадағалауын сұраймын. Өйткені қауіпті, емі жоқ кей аурулардың дені балаларды телеарнаға біржола тапсырып тастаудан туындайды. Бүгінде осы мәселені қоғамдағы кез келген отбасынан байқауға болады. Себебі ата-ана баланы жұмсаса, орнынан көтерілмейді, теледидарды өшір десе, өшірмейді. Бұл қауіптің алғашқы белгілері. Мысалы, 3 жасқа дейінгі бала теледидарды 15-20 минут қана қарауы керек. Ал 8 жастан асқан бала 30-50 минут көруі тиіс. Ал бізде, өзімнің пайымым бойынша, әр бала кем дегенде 4-5 сағат тапжылмай қарайды. Мұның зиянын қазір болмаса да, кейін байқаймыз. Сол кезде ата-ана өкінетін болады. Сол үшін balapan телеарнасына белгілі бір деңгейде тәрбие, білім беретін және ата-анаға қосымша құрал ретінде қарауын сұраймын. Себебі ондағы көрсетілетін бағдарлама әр жасқа арналған. Баланың санасы сан-саққа шашырап, тұлға ретінде өзін жоғалтуы мүмкін. Әрине, біз үшін балалардың телеарнаны көргені әлдеқайда жақсы, бірақ баланың болашағын ойлауымыз керек емес пе? Біз осындай әңгімені айту арқылы ата-ананы да тәрбиелеуге тырысамыз. «Иә, заман қиын. Жұмыс істейсіз, түсінеміз. Баланы қадағалау керек. Сіз тиісті жобаны ғана көрсетуіңіз керек» дейміз. Телеарнаны қарау мәдениеті қалыптасуы қажет. Біз бүгінде ата-ана, ұстаз, ақыл айтушы функциясын мойнымызға алып отырмыз. Әрине, бұл өкінішті жағдай.

– Мақпал, сені көпшілік журналист, ақын ретінде біледі. Қым-қуыт тірлік арасында жеке шығармашылығыңа уақыт таба алып жүрсің бе?

– balapan телеарнасына келгенім – шығармашылығым үшін жаңа тыныс ашты. Бүгінге дейін шешімін таппаған дүниелер осы жерде көріне бастады. Кей мәселені басқа қырынан, кей кезде ауқымдырақ көруге мүмкіндік алдым. Осыған дейін медианың барлық саласында жұмыс істедім. Соның бәрін шығармашылығыма қолданып келемін. Сондықтан шығармашылық мен үшін бірінші орында. Алайда шығармашылыққа жұмысты, жұмысқа шығармашылықты араластырмаймын. Жұмысқа барыңды салу керек, сәт сайын үйрену керек. Неге десеңіз, бүгінгі білгенің ертең маңызды болмай қалуы мүмкін. Ал шығармашылық басқа, ол жерде толық еркінмін, азатпын. Бұл жердегі ережені өзім жазамын.

– Әңгімеңе рахмет! Шығармашалық табыс тілеймін!

Сұхбаттасқан  Динара Мыңжасарқызы 

Редакция таңдауы

Балалар әдебиеті: есейген қаламгер ме, балалар ма?

Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Халқымызда ежелден балалар әдебиетінің бай фольклорлық үлгісі болды. Ертегі, жаңылтпаш, мазақтама, жұмбақ, т.б. Мұндай қызықты нәрселердің...

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі мүмкін деген болжам жасады. Сарапшылар 2020 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы тұрғындары...

Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар

2019 жылғы қазанда Ұлттық кеңес­тің кезекті отырысында Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қ.Тоқаев ғалым­дар­ға жаңа қазақ ұлт­тық латынграфикалы әліпбиін же­тілдіруді тап­сыр­ған болатын. Ал 2021 жылғы 28...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы арасында дипломатиялық қаты­нас орнады. 1993 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Прези­дентінің «Мемлекеттік холдингтік компаниялар туралы»...
05

Балалар әдебиеті: есейген қаламгер ме, балалар ма?

Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Халқымызда ежелден балалар әдебиетінің...
f47ccd67e7e8fb3980aae6fd6c48c42a

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі...
ертегі

Жаңа орда құратын ұрпақ тәрбиелегіміз келеді

Парасат ТАНЕН, Orda Gen жобасының директоры: Тәуелсіздіктің ақ таңында дүниеге келген сәбилердің емін-еркін...

Жаңалықтар

Елімізде 2021 жылғы алғашқы екі айда 120 адам жемқорлыққа қатысты сотты болған

2021 жыл басталғалы бері  шамамен 120 адам жемқорлық ісіне қатысты сотты болған. Бұл жөнінде ҚР сыбайлас жемқорлыққар қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram каналында хабарланды. Cотталғандардың ішінде 28...

Экстремистік идеология жақтастарын райынан қайтару – басты міндет

Қазақстанда  жат діни ағымдарды түбегейлі ауыздықтау мүмкін болмай отыр. Діни ахуалдың тереңдеуіне қауіптің  алдын алу жұмыстарының жеткіліксіздігі себеп болуда. Бұл туралы Алматыда Абай атындағы...

Әлемде адам тіршілігі үшін қажетті негізгі тауарлардың бірі таусылуға жақын

Дүние жүзінде адам тіршілігі үшін маңызды тауарлардың бірі — құмның тапшылығы сезіле бастады. Құм судан кейінгі ең көп сұранысқа ие ресурс болып саналады, деп...

Бас санитардың жаңа қаулысы шықты

ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды.  Жаңа қаулыға сәйкес, қылмыстық-атқару мекемелерінде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау алгоритмі» атты 24-қосымшада 4-тармақ өзгертілді. «4. Маскаларды...

Дәрігер әйел адамның денсаулығына қауіп төндіретін ең зиянды өнімдерді атады

Ресейлік диетолог Наталья Круглова әйел адамның денсаулығы мен сұлулығы үшін ең қауіпті тағам түрлерін атады, деп хабарлайды Lenta.ru. Дәрігердің сөзінше, әйелдер жейтін тағамының калориясына мән...

Елорда асханаларының бірінде өрт шықты (видео)

"5 наурыз күні сағат 11.48-де өрт сөндіру бөлімнің қызметкерлері шұғыл түрде Достық көшесінде орналасқан "Избушка" дәмханасына аттанды", – делінген астаналық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында. Тұрғын...

«Қазақалтын» кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны қолды болды

Ақмола облысында «Қазақалтын» кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны ұрланды, деп хабарлады zakon.kz. «Ақмола облыстық полиция қызметкерлері 2 наурызға қараған түні «Қазақалтын» АҚ-қа тиесілі катодты алтынды ұрлау...

Орыс тілінде сөйлеген депутат партия қатарынан қуылды

Украинада Харьков облыстық кеңесінің депутаты Александр Дорошенко орыс тілінде сөз сөйлегені үшін  партия қатарынан шығарылды, деп хабарлайды РИА Новости. "Еуропалық ынтымақтастық" партиясы баспасөз қызметінің мәліметінше, ...

Жамбылда 38 елді мекенді қызыл су басуы мүмкін

Жамбыл облысында 38 елді мекен су астында қалуы мүмкін. Олардың басым көпшілігі су қоймаларының маңайында орналасқан. Егер көктемде күн күрт жылып, таудағы қар ерісе...

Елімізде жаңа мереке пайда болды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізетін бұйрыққа...

«Алаяқтардың қолына түсуі мүмкін»: Маман телефоннан қандай хабарламаларды жойып отыру керегін айтты

"Цифрлық платформалар" автономды коммерциялық емес ұйымының бас директоры Арсений Щельцин смартфоннан қандай хабарламаларды өшіріп отыру керегін айтты, деп хабарлады РИА Новости.     Маманның айтуынша, телефоннан...

Алматылық оқушы халықаралық математика лигасында топ жарды

Алматы қаласындағы «Білім-Инновация» мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы Нұрасыл Бейсенбай  The Math League – Халықаралық математика лигасында топ жарды, деп хабарлайды Алматы арнасы.  Олимпиадаға әлем бойынша...

Өр тұлғалы өңір басшысы

Күрделі кезеңдерде республикамыздың бес облысының әкімі болған, Елбасының сенімді сардарына айналған Бердібек Сапарбаевтың атқарған еңбегін, көзбен көріп, көңілге түйген сол облыстардың халқы әлі күнге...

Қасым-Жомарт Тоқаев түрік халқына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кугар» әскери тікұшағының апатқа ұшырап, бірнеше адамның қаза болуына байланысты Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанға Қазақстан халқының және жеке өзінің...

8 наурызға 18 кітап

Көктемнің алғашқы шуақты мерекесі жақындаған сайын көпшілігімізді, әсіресе ер-азаматтарды жақындарыма «не сыйласам?» деген сауал мазалайтыны белгілі. Кітап сыйлаңыз. Жақсы таңдалған құнды кітап басқа жанның...

Елімізде мұнай және газ-химия саласында 5 зауыт салынады – министр

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев 2025 жылға дейін елімізде мұнай және газ-химия саласында 5 зауыттың құрылысы аяқталатынын айтты. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында мұнай және газ-химия...

Қазақстанда әйелдер мемлекеттік қызметтерді алуға аз жүгінеді

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтерге қанша әйел жүгінетінін есептеп көрді. Белгілі болғандай, 2020 жылы мемлекеттік корпорацияға түрлі қызметтерді алу үшін 6,2...

8 наурыздан бастап Өзбекстанға жаңа әуе рейсі ашылады

2021 жылғы 8 наурыздан бастап «SCAT» әуе компаниясы Ақтау және Үргеніш қалалары арасында аптасына 2 рейс орындай бастайды, – деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз...

АҚШ ғалымдары коронавирус инфекциясын қоздыратын қан тобын анықтады

АҚШ ғалымдарының зерттеуі бойынша, ІІ қан тобының иелері коронавирус инфекциясының жұқтыруға «бейім» келеді. Гаврард медициналық мектебінің «Бригэм энд уименз» клиникасында қызмет ететін ғалымдардың бұл...

Коронавирус: 226 адамның жағдайы ауыр

5 наурыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 18 882 адам короновирус инфекциясынан (13 236 КВИ+ және 5 646 КВИ-) емделіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында олардың...

Ауа райының бұзылуына байланысты 7 өңірде көлік қозғалысы шектелді

ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, республикалық маңызы бар жолдардың төмендегідей учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Ақмола облысында: 1. 03.03.2021 ж. сағат 16.00 «Жезқазған-Петропавл» автожолының 377-536 шақырымында,...

Ақылы автожолдарда көлігі бұзылған жүргізушілерге тегін көмек көрсетіледі

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы ақылы автожолдарда жанармайы таусылған немесе автокөлігі бұзылған жүргізушілерге көмек тегін көрсетілетінін мәлімдеді. Павлодар облысының Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Аққулы, Железин және Тереңкөл аудандарында...

5 наурыз: еліміздің тарихында қандай айтулы оқиғалар болды

Осыдан 25 жыл бұрын, яғни 1996 жылы 5 наурызда Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры «Ақан сері-Ақтоқты» пьесасының (режиссер Ж. Омаров) қойылымымен ашылды. Сол жылы...

Елордада ауа райының бұзылуына байланысты оқушылар қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы бүгін ауа райының күрт бұзылуына байланысты мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқыту форматына көшірілгенін хабарлады. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы хабарлайды:...

ШҚО-да дүкенге маскасыз кірген адамға айыппұл салынды

Шығыс Қазақстан облысының 5 ауданында карантиндік шектеуді бұзғандар тіркелді. ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, мониторингілік топтар Шемонаиха ауданында 74 нысанға тексеру жүргізіп, ереже бұзудың 1...

Өткен тәулікте 857 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 132, Алматы қаласы - 134, Шымкент қаласы - 27,...

Еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады – Қазгидромет

5 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігіне әлі де Солтүстік-Батыс циклонның әсері сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Республиканың оңтүстік...

Абай атындағы университет үздіктер қатарына енді

Абай университеті екі бағдарлама бойынша QS World University Ranking by Subject-2021 рейтингінде топ-250 үздіктер қатарына енді. Абай атындағы ҚазҰПУ алғаш рет «QS World University Ranking...

Кремль: «Cанкцияның әсері де, мағынасы да жоқ»

АҚШ-тың "Навальныйдың ісі" бойынша жаңа санкциялары екіжақты қатынастарға "қатты әсер етеді", қазірдің өзінде "жағдай нашар". Бұл туралы Кремльде айтылды. АҚШ-та Ресейдің жаппай қырып-жоятын қару бағдарламасын...

«Құтадғу біліктің» жаңа аудармасы оқырманға тарту етілді

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Отырар» кітапханасында Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегінің жаңа аудармасының таныстырылымы өтті. Қарахандар дәуірінде 1069 жылы жазылған құнды жәдігер...

Министрлік коронавирус «гүл арқылы жұғады» деген ақпаратқа түсінік берді

Коронавирус инфекциясы гүл арқылы жұғады деген ақпарат жалған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Департамент мәліметіне қарағанда, Желіде...

Балалар әдебиеті: есейген қаламгер ме, балалар ма?

Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Халқымызда ежелден балалар әдебиетінің бай фольклорлық үлгісі болды. Ертегі, жаңылтпаш, мазақтама, жұмбақ, т.б. Мұндай қызықты нәрселердің...

Бішкекте қандасымызға арналған музыкалық кеш өтті

1 наурызда  Бішкектегі К.Молдобасанов атындағы Қырғыз ұлттық консерва­тория­сында Қыр­ғыз Республикасындағы қазақтардың арасынан шық­қан талантты әнші, қырғыз елінің  мә­дениетіне еңбек сіңірген қайраткер Ержан Му­синді еске...

Енді WhatsApp-тың компьютерлік нұсқасында бірнеше адаммен видео арқылы сөйлесуге болады

WhatsApp мессенджерінің компьютер арқылы қосылатын нұсқасында бірнеше адам видео және аудио байланыс арқылы сөйлесе алады, - деп хабарлайды Tech Crunch. Аудио және видео қоңыраулар шифрлау арқылы...

Ауылдағы іскер әйелдерге 4000 доллар қайтарымсыз грант беріледі

Ауылды жерлерде кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдердің 4000 доллар қайтарымсыз грант ұтып алу мүмкіндіктері бар, деп хабарлайды Аtameken Business.     https://youtu.be/rIWRXS-QT2Q Ол үшін өз ісіңізді ашуға деген...

2020 жылы Қазақстанда 48 ірі сүт фермасы іске қосылған

Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында импорттық өнімдерді алмастыру жоспары бойынша Қазақстанда 48 тауарлы сүт фермасы, 3 ет комбинаты іске қосылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы...

Пандемия кезінде гендерлік теңсіздік күшейді – ДДСҰ

Пандемия Еуропадағы гендерлік теңсіздікті күшейтті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге бейсенбі күні Facebook-те жарияланған Копенгагенде өткен...

Украина коронавирустың үшінші толқынына дайындалуда – Премьер-министр

Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль елде COVID-19 үшінші толқынының басталғанын мәлімдеп, келесі локдаунның мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтты.  Укринформ сайтының мәліметінше, Денис Шмыгаль жағдайды бейімделген карантин құралдарымен...

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі мүмкін деген болжам жасады. Сарапшылар 2020 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы тұрғындары...

Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы керек – Бас мүфти

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Қазақы стильдегі мешіт құрылысы бойынша жұмыс тобының алғашқы мәжілісі өтті, –...

«Nur Otan»: Түркістанның тазалығына жауапты көпбалалы аналар ардақталды

Бүгін «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалында 8 Наурыз – әйелдердің халықаралық мерекесіне орай, бір топ көпбалалы анаға құрмет көрсетілді. Партияның «Бақытты отбасы» жобасы...

Жаңа орда құратын ұрпақ тәрбиелегіміз келеді

Парасат ТАНЕН, Orda Gen жобасының директоры: Тәуелсіздіктің ақ таңында дүниеге келген сәбилердің емін-еркін ойланып, жан-жақты дамып, қазақы мінез қалыптастыруына ертегі арқылы жол ашу – Orda...

Жасотандықтар мереке қарсаңында жас аналарға құрмет көрсетті

8 наурыз қарсаңында жасотандықтар Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді орталық аурухананың акушерлік бөлімнің нәзік жанды қызметкерлері мен аналарын құттықтады. «Jas Otan» ЖҚ жетекшісі Нұржан Жетпісбаев: «Әйелдер күнімен...

Өскеменде баланы еденге лақтырған тәрбиешіге іс қозғалды (видео)

Өскемен қаласындағы «Арман» балабақшасының тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 3 наурызда облыстық білім басқармасына хабарласқан ата-ана «Арман» балабақшасындағы «Еркетай» тобы...

Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар

2019 жылғы қазанда Ұлттық кеңес­тің кезекті отырысында Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қ.Тоқаев ғалым­дар­ға жаңа қазақ ұлт­тық латынграфикалы әліпбиін же­тілдіруді тап­сыр­ған болатын. Ал 2021 жылғы 28...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы арасында дипломатиялық қаты­нас орнады. 1993 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Прези­дентінің «Мемлекеттік холдингтік компаниялар туралы»...

Алма ҚҰНАНБАЕВА, Стэнфорд университетінің профессоры: Америкалықтар қазақтың киіз үйіне келіп, күйін тыңдауға құмар

АҚШ-тағы әлемге әйгілі Стэнфорд университетінің профессоры Алма Құнанбаева көп жыл бойы америкалық студенттерге қазақ мәдениеті туралы лекция оқыған. Сонымен қатар ол Беркли қаласында Орта...

Ақмола облысында шахтада топырақ басып қалған жұмысшылар құтқарылды

Ақмола облысында шахтада топырақ үйіндісінің астында қалған екі жұмысшы құтқарылды. Oблыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 4 ақпан күні Астрахан ауданындағы «Айна – ресурс» ЖШС...

Сарқылмас сезім бұлағы

Өнер атаулы сұлулықты дәріптеуден тұрады десек, сол дәріптеудің таусылмас кені, сар­қыл­­мас шабыт көзі – әйелдер. Және бұл өнер­­дің барлық түріне тән. Ежелгі дәуірден бері...

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА: Ақынның мақсаты – әлдекіммен қылыштасу емес, ақиқатқа көз жеткізу

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Túrkistan басы­лымы арқылы қазақ қыздарына өз ақыл-кеңесімді айтқым келеді. Басылымдарыңызды замандастарыммен қатар оқитын жас қыз-келіншектер пайдалысын көңіліне тоқып,...

Рухани жаңғыру − рух тазалығына ұмтылу

Әр дәуір өз жаңалығымен келеді десек те, ұлт ретінде қалып­тас­қан халықтың өзгермейтін бір талабы болады, ол − ру­хани тұрғыдағы біртектіліктен ажырамау. Елді ел ететін...

Енді педагогтер жұмысқа конкурс арқылы қабылданады – министр

Бүгін Парламент Сенатында депутаттар білім саласына қатысты бірнеше маңызды жаңа нормаларды қамтитын заң жобасын қарастырып, мақұлдады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осы құжатта...

Қазынаның шығыны көп, кірісі аз

2020 жыл әлем экономикасы үшін сынақ жылы болды. Көрсеткіштердің бәрі кері кетті. Алыс-беріс азайып, барыс-келістің тоқтауы көп елдің қазынасын ортайтып, қарызын еселеді. Пандемия  Қазақстан...

Тәж-Махалдан мыңнан астам турист эвакуацияланды

Бейсенбі күні таңертең Үндістанның Агра қаласындағы Тәж-Махал кесенесі аумағынан кем дегенде мыңнан астам турист эвакуацияланды, – деп жазды Hindustan Times газеті. Басылымның мәліметінше, жергілікті полицияға...

Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьялары қызметінен босатылды. «Сіздердің қарауыңызға Анатолий Сергеевич Смолинді және Серік Қазбекұлы Әбнәсіровті Жоғарғы Сот судьясының қызметінен босату туралы...

Қаржы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Абзал Бейсенбекұлы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі. Абзал Бейсенбекұлы 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге...

Австралияда «жұмбақ рейстерге» билет сатыла бастады

Австралиялық Qantas әуе компаниясы бағыты беймәлім рейстердің ашылғаны туралы хабарлады. Компания "жұмбақ рейстер" деп атаған тасымалдың бұл түрі – шекаралар жабық кезде ішкі рейстерді...

Шетелден 500 млн доллардан астам қаржыға сатып алған малдың пайдасы болды ма?

Қазақстан соңғы жылдары шетелден 153 мыңнан астам асыл тұқымды мал сатып алған. Оған барлығы 500 миллионнан астам доллор жұмсалған. Бірақ сатып алып келген малдан...

Оралда көпірдің астынан жас жігіттің мәйіті табылды

Азиат пішіндес жас жігіттің мәйіті бүгін сағат 07.01-де Орал қаласына қарасты Деркөл кентіндегі көпірдің астынан табылған. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау департаменті хабарлады.  Жасы шамамен...

Терезеден құлап кеткен баланы құтқарған павлодарлық 1 млн теңге сыйақы алды

Павлодар қаласының тұрғыны Александр Жұмабаевқа терезеден құлаған баланы құтқарғаны үшін миллион теңге берілді. Ер адам биіктен құлап кеткен қызды қағып алуға үлгермей қалды, алайда...

Туысының үйінен соғым етін ұрлаған жамбылдық бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Соғым етін ұрлаған жамбылдық тұрғын бас бостандығынан айрылуы мүмкін,  деп хабарлайды Polisia.kz. Ағымдағы жылдың 1 наурызында Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көгершін ауылының тұрғыны xабарласып, үйінің...

Қазақстанда төлқұжаты жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды

Қазақстанда жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған. «2020 жылғы қыркүйек...

Apple саңылаусыз iPhone шығарады

Apple физикалық порттарсыз жұмыс істейтін смартфон өндірісін қолға алды. Бұл туралы Appleosophy басылымы хабарлады. Дереккөздердің хабарлауынша, америкалық компанияның инженерлері iPhone-ды компьютермен синхрондаудың жаңа әдістерін жасауда....

Алматыда «Рахат» базарының 300-ге жуық саудагері наразылыққа шықты

Алматыда "Рахат" базарының 300-ге жуық саудагері өздері жан бағып отырған сауда орнының жабылуына қарсылық білдіріп, наразылыққа шықты. Айтуларынша, орнына жиһаз фабрикасын салуға рұқсат беріпті,...

Жұмыс істеуге ең қолайлы мемлекет анықталды

Әлемдегі еңбек мигранттарының ширек бөлігіне жуығы жұмыс істеу үшін Канадаға қоныс аударуды құп көреді екен. Бұл туралы BCG және The Network-тің бірлескен зерттеуінде айтылған,...

Ақмола облысының күре жолдарында көлік қозғалысы шектелді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысының күре жолдарында көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.  4 наурыз күні сағат 07.00-де Ақмола облысында ауа райының нашарлауы (жел,...

Коронавирусты «мәңгілікке» жұқтырған алғашқы науқастар тіркелді

Америкалық дәрігерлер коронавирусты "мәңгілікке" жұқтырудың алғашқы жағдайларын анықтады, деп хабарлайды medRxiv.  Оңтүстік Калифорния университетінің мамандары вирустың іздері алты ай бойы ақ қан ауруымен ауыратын бірнеше...

4 наурыз: атаулы күндер, есте қалар оқиғалар

4 наурыз Тәуелсіз Қазақстан тарихында қандай оқиғалармен есте қалды? Еске түсіріп көрейік... 1993 жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» ҚР Заңы күшіне енді. 1997 жылы ҚР...

WhatsApp арқылы 20-ға жуық адамға 70 млн теңгеден астам залал келтірген әйел ұсталды

Ақмола полицейлері интернет-ресурстардың көмегімен пирамида ұйымдастырған алаяқты анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz. 2021 жылдың 1 наурызында Көкшетау қаласының ПБ кезекші бөліміне Көкшетау қаласының 65 жастағы тұрғынынан...

Тұман, көктайғақ, жел: Синоптиктер ел өңірлерінде ауа райы қандай болатынын айтты

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде Солтүстік-Батыс циклонының өтуімен құбылмалы ауа райы сақталып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Еліміздің оңтүстігінде қатты жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде...

28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі

Шығыс Қазақстан облысында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі. Мереке қарсаңында көпбалалы аналар 5 АЕК (14...

Елімізде темекі бағасы қымбаттайды

Ұлттық экономика министрі 2024 жылға дейін темекі бағасын кезең-кезеңмен көтеру жоспарын жариялады. Мәжілісте ЕАЭО-ға мүше елдердің темекі өнімдеріне акциздер саласында салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы...

Моңғолия 1 мамырдан бастап шекарасын ашады

Бүгін Моңғолияның министрлер кабинеті 1 мамырдан бастап шекараны ашу туралы шешім қабылдады деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайты. Мемлекеттік төтенше комиссия басшысы С.Амарсайханның айтуынша, премьер Л.Оюун-Эрдэнэ өткен...

Этнограф Болат Бопайұлы «Мәдениет саласының үздігі» атанды

Бүгін «Отандастар қоры» және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен белгілі жазушы, этнограф Болат Бопайұлының салт-дәстүрі туралы 10 кітабының таныстырылымы өтті. Салтанатты жиынға жазушы, түрколог-ғалым Тұрсынхан Зәкенұлы,...

Денсаулық сақтау министрлігі үндеу жасады

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қазақстандықтарға Наурыз мейрамын тек отбасымен тойлауға және үлкен мерекелер өткізбеуге кеңес берді. «Үлкен мерекелік іс-шаралар өткізбей, Наурыз мейрамын отбасымен...

Әзірбайжан Арменияның қанша азаматын тұтқында ұстап отырғаны белгілі болды

Арменияның диаспора істері жөніндегі бас комиссары Заре Синанян РИА Новостиге берген сұхбатында Әзірбайжанның өз аумағында жүзден астам армян азаматын әлі де тұтқында ұстап отырғанын...

Биыл 1-сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі. Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл – білім беру...

Нұр-Сұлтанда тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті

Елорданың сол жағалауында тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. «Бүгін сағат 15:50-де Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің құрамында...

Курьер жігіт 12-қабаттан құлаған сәбиді қағып алды (видео)

Курьер болып жұмыс істейтін вьетнамдық жігіт 12-қабаттан құлаған бүлдіршінді қағып алды, деп хабарлайды Daily Mail.  Нгуен Нгок Ман 12-қабаттың терезесінен құлап кеткен екі жасар бүлдіршіннің...

Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті мерейтойымен құттықтады

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті 90 жас мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің Instagram-дағы парақшасында хабарланды.  Құттықтауда КСРО Тұңғыш президентінің...

Саша Барон Коэн Қазақстанға келуге ниетті

Сценарист және актер Саша Барон Коэн өзінің ойдан шығарылған кейіпкері — Бораттың отаны Қазақстанға келуге дайын екенін мойындады. Бұл туралы ол "Известия" басылымына берген...

Бішкекте «Астана» халықаралық қаржы орталығының филиалы ашылуы мүмкін

Қырғызстан Президентінің елімізге жасаған мемлекеттік сапарының соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров «Астана» халықаралық қаржы орталығын аралап көрді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Мемлекет басшылары...

Қазақстан Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсетеді

Қазақстан мен Қырғызстан қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Қырғызстан...

Жомарт Ертаев тағы да 9 жылға сотталды

Алматыда «Bank RBK», «Qazaq Banki» және «Eurasian Bank» банктерінен 188 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқыру ісі бойынша сот үкімі шықты. ҚазАқпараттың хабарлауынша, айыптылардың қатарында экс-банкир...

Кардиолог инфаркт алу қаупін азайтатын үш жаттығуды атады

Кардиолог және жүрек-тамыр хирургі Владимир Хорошев инфаркт қаупін азайту үшін үш жаттығуды ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости.  Маман бірінші кезекте көбірек жаяу жүруге кеңес берді:...

Алматы облысында мас жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті

Алматы облысында мас көлік жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті. Әртүрлі дене жарақаттарын алған үш бала ауруханаға жатқызылды. «Оқиға 2 наурызда сағат 18:40-та Еңбекшіқазақ ауданында болған....

Илон Маск өз қаласын салуға кірісті

Америкалық кәсіпкер, Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск Техаста жаңа қала құрылысын қолға алды. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді. "Мен Техаста...

Айға саяхат: жапон кәсіпкері бұл сапарға 8 адамды таңдап алмақ

Жапон кәсіпкері Юсаку Маэдзава сәрсенбі күні «өзін әртіс деп есептейтін» қоғамның 8 өкілін 2023 жылы Ай орбитасына алып кететінін мәлімдеді. Бұл – SpaceX фирмасы...

Алматыда Роза Бағлановаға ескерткіш қойылады

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының хабарлауынша, Қабанбай батыр көшесінің оңтүстік бөлігі мен Байсейітова көшесінің шығыс жағында Роза Бағланованың құрметіне ескерткіш орнатылады. «12 наурызға дейін Роза...

COVID-19: елімізде ПТР тест бағасы арзандап жатыр

Қазақстанның клиникалық-диагностикалық зертханаларымен жасалған монополияға қарсы іс-шаратшеңберінде КВИ ПТР бағасы арзандап жатыр. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, 2021 жылғы 1 наурызда КДЗ ОЛИМП COVID-19...

Семейде жер үйден өрт шығып, 2 адам қаза тапты

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 3 наурыз сағат 05:00 шамасында Белибаев көшесіндегі жеке тұрғын үй отқа оранған. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен өрт сөндірушілер...

Нұр-Сұлтанда қашықтан оқыған оқушылар коронавирусты көбірек жұқтырған

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елорда мектептеріндегі коронавирус статистикасы туралы айтты. «2021 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша, оқу жылының басынан бері мектеп...

3 наурыз: атаулы күндер мен тарихи оқиғалар

2018 жылы 3 наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуының 26 жылдығы аясында БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақстанның Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қол қою...

Екібастұзда жолаушылар вагонынан өрт шықты

Екібастұзда жолаушылар вагонының темірден өзге бөлшектерінің барлығы жанып кетті. Әзірге өрт салдарынан келген шығынның мөлшері белгісіз. «2 наурыз күні сағат 13:04-те нөмірі 2-ші мамандандырылған өртке...

Өткен тәулікте елімізде 717 адам коронавирус жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте 717 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Аймақ бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 68, Алматы қаласы - 105, Шымкент қаласы - 12,...

Сарыағашта халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды. Былтыр мал ұрлаған азамат осы күнге дейін жасырынып жүрген. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті «Мал ұрысы»...

«Алматы жастарына» 10 наурыздан бастап өтінім қабылданады

Оңтүстік шаһардағы жастардың тұрғын үй проблемасын шешетін «Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау 10 наурыздан басталады. Бұл туралы «Отбасы банкі» әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. «Алматы...

3 наурызға арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет

Қазгидромет 3 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынады. Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болып, қар мен жаңбыр жауып, кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын,...

Ресейдегі Әлихан Бөкейханов зиратына гүл шоқтары қойылды

 1 наурызда еліміз Алғыс айту күнін атап өтті. Мереке идеясы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі және Қазақстанда тұратын барлық этностар бір-біріне және...

Әлемдегі барлық миллиардерлердің саны анықталды

Hurun Research Institute зерттеуіне сүйенсек, әлемдегі миллиардерлердің саны 3228-ге жеткен. Зерттеушілердің сөзінше, бұл — рекордты көрсеткіш.  15 қаңтардағы жағдай бойынша планетадағы ең бай адамдардың жиынтық...