Мәртебелі мамандық туралы сөз

Мемлекет басшысы еліміздегі білім саласын жаңа сапалық деңгейге көтеру жөнінде ұдайы айтып келеді. Айтып қана қоймай, бұл бағыттағы мақсат-міндеттерді жүзеге асырудың жолдары мен мүмкіндіктерін саралап,  тайға таңба басқандай көрсетіп те берген болатын.

Биылғы Жолдауында бес әлеуметтік бастаманың бірі ретінде жастарға сапалы білім беруді жақсарту жөнінде нақты бағыт-бағдар жасағаны жайдан-жай емес. Елбасы Н.Ә. Назарбаев осы Жолдауында былай деген еді: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін төмендегідей шараларды ұсынамын. Қазір жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша 2018-2019 оқу жылында тағы 20 мың грант бөлу керек. Оның 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге тиесілі болады. Бұл төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа экономикада зор сұранысқа ие болатын сан мың жаңа маманды даярлауға мүмкіндік береді. Мұнда ең алдымен инженерлер, ақпараттық технология, робот техникасы, нанотехнология саласының мамандары туралы сөз болып отыр. Бұл да жастарға мемлекет қамқорлығының айқын көрінісі.Сонымен бірге, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша барлық жоғары оқу орындары гранттарының құнын ұлттық жоғары оқу орындарының гранттары деңгейіне дейін көтеру керек. Аталған шаралар орта мектеп түлектерін жоғары біліммен неғұрлым көбірек қамтуға мүмкіндік береді, бұл – жалпы әлемдік тренд».

Мамандықтың жаманы жоқ. Бірақ нарықтық экономика жағдайында кейбір мамандықтың қажет болмай қалуы әбден мүмкін. Мұны да Елбасы талай мәрте тілге тиек еткен еді. Көзі ашық, көкірегі ояу жастар мұны айқын түсінуі ләзім. Олардың керексіз диплом алу жолында жанұшырып жанталаспай, қазіргі нарық жағдайында ел үшін де, өзі үшін де қажетті және күнкөріс көзі болатын кәсіптерді игеруін қарастырған абзал. Себебі Елбасының тікелей тапсырмасына байланысты қазір өндіріс орындары цифрлы технологияға көшіп, автоматтандыру мен роботтандыру жүйесі кең ауқымда жүргізіле бастады. Бұл – уақыт талабы. Отыз озық елдің қатарына ену үшін, қаласақ та, қаламасақ та, осылай жасауға тура келеді. Мұны өндіріс иелері жақсы түсініп отыр. Бұл мақсаттағы жоспарлы жұмыстар жүзеге асса, өндіріс орындарында қол күшімен атқарылатын жұмыстар айтарлықтай азаяды. Сонымен бірге халықаралық стандарттар деңгейінде әлемдік нарыққа шығуға жақсы жол ашылады. Ал ол үшін заман талабына сай лайықты мамандар қажет. Оларды шет жерде емес, өз елімізде даярлауға мүмкіндік бар. Бұл бағытта мемлекет те қарап қалмайды, қажетті қаражатты бөліп, лайықты жағдай жасап жатыр. Елбасының Жолдауда баса айтып отырғаны да осы.

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында да осы мәселені көтерген болатын. Онда Қазақстанның үшінші жаңғыру кезеңіне арқау болатын негізгі алты бағыт бойынша басты қадамдарды атап көрсеткенін жақсы білеміз. Соның бірі – бәсекеге қабілеттілік. Бұл мақсат-мұраттың да ойдағыдай орындалуы білікті мамандарға тікелей қатысты. Мұның бәрі бір-біріне байланысты, сабақтасып жатқан өзекті мәселелер. Өйткені нарық жағдайында бәсекеге қабілетті болу үшін еңбек нарығы мен білім беру жүйесі өзара тиімді түрде әрекет етуі қажет. Бұл жұмыс Қазақстанда Ұлттық біліктілік жүйесін енгізу арқылы жүргізіліп жатқанын барша жұрт жақсы біледі. Тиісті орындар оны осыдан алты жыл бұрын қолға алған болатын. Содан бері 400-ден астам кәсіби стандарт жасақталды. Сол жобаға сәйкес 2017-2020 жылдар аралығында тағы 550 кәсіби стандарт әзірленіп, бекітілуі тиіс. Осының бәрі еліміз үшін қазіргі уақытта қажет болып отырған білікті де білімді мамандар даярлау мақсатындағы нақты қадам.

Тағы бір өзекті мәселе – мектеп бітірген жастардың басым бөлігі көңілі қаласын-қаламасын, кейбірі ата-анасының ықпалымен, әйтеуір бір дипломға қол жеткізу үшін оқу орындарына құжаттарын тапсырады. Осындай жағдайдың салдарынан Қазақстанда қолында қолақпандай дипломы бар заңгерлер мен экономистер, басқа да қажетсіз мамандық иелері қаптап кеткен еді. Бұл көкейкесті мәселенің алтын бесік – ауылдарға да тікелей қатысы бар. Тек өндіріс орындары ғана емес, еліміздің ауыл шаруашылығына да білікті мамандардың қажеттілігі байқала бастады. Бұл – Қазақстанның барлық облыстарына тән жағдай. Өйткені соңғы жылдардағы зерттеулерге қарағанда, дипломды жастардың ауылда жұмыс істеуге құлқы да, құлшынысы да төмендеп кеткен. Павлодар облысында да осындай жағдай айқын байқалды. Оның үстіне қолында тиісті оқу орнын бітіргені жөнінде қолақпандай дипломы бола тұра, жас мамандардың басым бөлігінің біліктілігі мен машығы төмен екені белгілі болды. Ауыл шаруашылығы мен өндірістің қазанында қайнамағандықтан, оларды қайта оқытуға және тәжірибе жинақтауына мүмкіндік беруге тура келеді. Басқа амалы жоқ болғандықтан, еңбек ұжымдарының басшылары осындай мамандарды да жұмысқа қабылдауға мәжбүр. «Уақыт өте келе төселетін шығар», «Өмірдің өзі үйретеді ғой» деп, өздерін жұбатып жататынын талай мәрте естідік.

Ауыл шаруашылық саласында еңбек ететіндердің орташа жасы қазір алпыстан асып кеткен. Олардың орнын басар ізбасарлар жоқтың қасы. Осы жағдайды түзеп, жас мамандардың ауылда еңбек ету құлшынысын оятып, олардың жаңа технологияларды игеріп, уақыт талабына сай бейімделуі үшін не істеу қажет? Бұл ретте бірінші кезекте оқу мен тәжірибені ұштастырудың орны бөлек. Павлодар облысындағы техникалық оқу орындарында білім алып жүрген жастар да осындай пікірде болып шықты. Оған облыс әкімі Болат Бақауовтың Ертіс ауданына жұмыс барысымен барған кезінде көзі жетті. Ауданда жұмысы жақсы жүріп тұрған «Оразбаев» шаруа қожалығы бар. Ондағы егіс алқабы 20 мың гектар шамасында. «Оразбаев» шаруа қожалығы дәнді дақылдарды өндірумен бірге оны өңдеумен де айналысады. Мұнда бүгінде тұрақты түрде шамамен 100 адам еңбек етеді. Ал маусымдық жұмыстар кезінде қосымша тағы 100 адам тартылады. Шаруашылықтың бау-бақша алқабы бар. Мал шаруашылығы да негізгі кәсіптерінің бірі. Аудан әкімі Серік Батырғожиновтың сөзіне қарағанда, «Оразбаев» шаруа қожалығы табысты. Мұның мәнісі – олар жаңа технологиямен сұранысқа сай өнімдер өндіру бағытында жұмыс істейді.

Басқа да шаруа қожалықтары секіл­ді олар да тап болып отырған қиындық­тың бірі – білікті жас мамандардың жоқтығы. Облыс әкімі шаруа қожалығында болған кезінде де осы мәселе көтерілген еді. Бұл көктем айы болатын. Сол жолы облыс басшысы көктемгі дала жұмыстарына белсене араласып жүрген Ертіс аграрлық-техникалық колледжінің оқушыларымен кездесті. Бәрі де өрімдей жасөспірім. Ауыл шаруашылық саласында жұмыс істеуге ерік-жігерлері жоғары. Өйткені олар білім мен тәжірибені ұштастырған. Сонымен бірге еңбекақы да алады. «Оразбаев» шаруа қожалығының басшысы 20 студентті жұмысқа қабылдаған. Айлық еңбекақыларын уақтылы алады. Тиісті мамандықтарына сай білім алумен қатар еңбекке төселеді. Шыңдалады. Ізденеді. Жаңашылдық жұмыстарын көрсетуге тырысады.

– Бұрын студенттер сәуір-қазан айлары аралығында ғана механизаторлық топтардың құрамында жұмыс істейтін. Осы дәстүрдің жалғасы ретінде ауыл шаруашылығы саласының мамандықтарында оқитын жастар егіс даласында тәжірибеден өткені дұрыс. Бұл колледжден кейін жоғары оқу орындарына түсіп, болашақта кәсіби фермер болғысы келетін жастар үшін таптырмас тәжірибе, – деген еді сол жолы облыс әкімі Болат Бақауов.

Бірақ облыстағы барлық дерлік оқу орындарында мұндай тәжірибе жоқ. Тіпті, оқу орнын аяқтаған дипломды мамандардың мамандығы бойынша түгелдей жұмысқа орналасуы мүмкін емес екені көрініп қалды. Мұның себеп-салдары неде? Білім сапасының төмендігі ме, әлде өндіріс орындары мен ауыл шаруашылық саласына ауадай қажетті мамандар даярлауда жүйеліліктің жоқтығы ма? Бұл жағдайды түзеу үшін не істеген жөн? Баянауыл ауданында өткен алқалы жиында осы жөнінде білім мекемелерінің басшылары ой-пікірлерін бүкпесіз ортаға салған еді. Сондағы қорытынды – Павлодар облысында техникалық және кәсіби білім беру мекемелерін оңтайландыратын уақыттың жеткені.

Түлектердің көбі жұмыссыз болып шықты. Ал оларды оқыту үшін мемлекеттің қыруар ақшасы жұмсалды. Бұлай арамтер болудың қажеті қанша? Колледждердің негізгі көрсеткіштерінің бірі – түлектерінің жұмысқа орналасуы. Егер олар мамандығына сай жұмыс таппаса, оның жай-жапсарын зерделеген жөн.

– Биыл Баянауыл аграрлық-техникалық колледжін 55 түлек аяқтаған. Соның тек 16-сы ғана жұмысқа тұрған. Онда да мамандықтары бойынша емес. Деректерге қарағанда, соңғы бес жылдың ішінде колледж түлектерінің 39 пайызы ғана жұмысқа орналасқан. Оның ішінде 19 пайызы ғана өз мамандығы бойынша жұмыс тапқан, – деді облыс әкімі Болат Бақауов.

Бұл облыстағы барлық дерлік аграрлық-техникалық колледждерге тән жағдай. Ал бір білікті маманды даярлау үшін жыл сайын облыс қоржынынан 1,2 млн теңге бөлінеді. Осыған қарағанда есіл ақша босқа кетіп жатыр деген сөз.

– Жуырда ғана аудит қызметі Шарбақты аграрлық-техникалық колледжінде тексеріс жүргізді. Бұл оқу орнында 6 қыз бала автослесарь және дәнекерлеуші мамандығы бойынша білім алып жүр, – деді Болат Бақауов. – Олар колледж бітіргеннен кейін мамандықтары бойынша жұмыс істейді деп ойлайсыздар ма? Меніңше, жоқ. Жастар арасында кәсіби бағдарлау жұмыстарын мектеп деңгейінде өткізу керек.

Осы жерде ойдан ой туындайды, Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов орынды мәселе қозғап отыр. Шынында да, оқушылар мектеп қабырғасында жүрген уақыттан бастап болашақ мамандықтарына байланысты бағыт-бағдар алуы тиіс. Өйткені қазіргі кезде Қазақстанда қажетті мамандар жеткілікті болмағандықтан, оларды шет мемлекеттен әкеліп жатқан компаниялар көп.

Жасырып қажеті қанша, елімізде мектеп бітіріп жатқан түлектердің көбі уақыт оздырмай жоғары оқу орнына түсіп, оны бітіріп, жылы кабинет пен креслоға жайғаса қалатын жайлы жұмысқа тұруды қош көреді. Көп ата-ананың да ойлайтыны осы. Әлбетте, жастардың еңбек жолының даңғыл болып, қажетті мамандық иесі атануына ешкім де қарсы емес. Жолдары ашық болсын. Бірақ сол жоғары оқу орнын бітірген мамандардың барлығына бірдей көңілі қалайтындай жұмыс табыла қояр ма екен, сірә? Жоқ, әрине. Қазір, жасырып керегі не, еңбек нарығында жоғары оқу орындарын бітіргендермен салыстырғанда, қарапайым мамандық иелеріне сұраныс өте жоғары. Мұны бір-екі жылдан соң еңбекке араласатын бүгінгі мектеп оқушылары да жақсы біледі. Олардың арасында «Қазіргі уақытта Қазақстанда қандай мамандық мәртебелі деп ойлайсыңдар?» деген сауалнама жүргізілген кезде көбі баса көрсеткен мамандықтар: аспаз, көлік жөндеу шебері, сәнді шаш үлгісін жасайтын шаштараз, даяшы, электр механигі. Рас, бұл бір ғана Астана қаласы жоғары сынып оқушылары арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы. Мүмкін, Қазақстанның басқа өңірлерінде мектеп партасында отырған оқушылар жоғарыда келтірілген мамандықтардан басқа да кәсіптерді атайтын болар. Бірақ осы сауалнамаға қарағанда, өндіріс орындары мен ауыл шаруашылығындағы мамандықтарды мәртебелі санайтын жастар аз. Оның сыры неде? Оларға қажетті ақпараттың жетпей жатқандығынан ба, әлде ауыр қара жұмысты қаламайтындығынан ба? Әлде мектеп бітіргелі отырған түлектерге жұмысшы мамандықтарына байланысты бағыт-бағдар, керекті кеңес бере алмай отырмыз ба? Осыны тиісті мамандар саралап, зерттеп көрсе артық болмас еді.

Жыл сайын тап болып отырған тағы бір жағдай, бұл Павлодар өңіріне ғана емес, Қазақстанның басқа облыстарына да тән, мектеп бітірген түлектердің ішінде жоғары оқу орнына түсуге жолы болмаған соң, амалдың жоқтығынан агротехникалық колледждерге бір жапырақ диплом үшін баратын жастар бар. Ол диплом ертеңгі күні қажет пе, жоқ па, оған бас ауыртып жатпайды. «Оқыды» деген аты ғана. Мамандығына деген қызығушылық пен құлшыныс болмағаннан кейін бәрі бекер. Олар ғана емес, басқа да түлектердің де мамандығы бойынша жұмыс істеуі екіталай. Ары кеткенде маусымдық жұмыстарға араласады. Бұл уақытша ғана. Көктемгі дала жұмыстары мен мал азығын дайындау кезінде тиіп-қашып жүреді. Бірақ бұл олардың білікті маман болып қалыптасуына мүмкіндік бермейтіні айдан анық.

– Сонда біздің облыстағы агротехникалық колледждер маусымдық жұмыскерлерді даярлау үшін жұмыс істейді деген сөз бе бұл? Оларды төрт жыл бойы оқытамыз, бір маманды даярлап шығу үшін қаншама қаражат жұмсаймыз. Айналып келгенде бар-жоғы екі ай ғана жұмыс істейтін жұмыскерді шығарамыз ба? Бұл дұрыс емес,– деп орынды ой айтты облыс әкімі алқалы жиында.

Бұл мәселені шешудің жолы қайсы? Оңтайландыру. Біріктіру. Білім және ғылым министрлігі бұл істен хабардар. Облыс орталығына жақын Красноармейка аграрлық-техникалық колледжі қазір Павлодар облысының аграрлық инновациялық оқу орнына айналып отыр. Өңірдегі басқа шағын комплектілі аграрлық білім мекемелерін осы колледжге біріктіру жоспары бар. Теориялық сабақтар Красноармейка колледжінде өтсе, ал аудандардағы колледждер студенттер тәжірибеден өтетін орынға айналады. Агротехникалық колледждердің ұжымдары да осындай оңтайландыруға бас иіп отыр.

Рас, Павлодар облысындағы кейбір колледж түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіштері өте жоғары. Мәселен, Павлодар түсті металлургия колледжі және Ақсу қара металлургия колледжін бітірушілердің 95 пайызы жыл сайын өз мамандығына сай жұмысқа орналасады. Өйткені оларды қажетсініп отырған өндіріс орындары облыста жеткілікті. Жаңадан ашылып жатқан кәсіпорындар да аз емес. Барлығына заман талабына сай, жаңа технологияны жақсы меңгерген, жұмысты мүдірместен, тартыншақтамай алып кететін білікті мамандар ауадай қажет. Оларды даярлайтын оқу орындары осындай талапқа сайма-сай болуы керек екені айтпаса да түсінікті. Мұғалімдердің біліктілігі, білім ордасының материалдық-техникалық базасы мен оқу бағдарламасы бүгінгі күннің талабына жауап беруі керек екені тағы бар.

– Бозшакөлдегі тау-кен байыту комбинатына қараңыздаршы. Қарағанды, Астана қалаларының және тіпті Қырғызстан, Өзбекстан сияқты жақын шетелдің азаматтары жұмыс істейді. Ал біз болсақ өнеркәсіптік аймақта тұрып, қолымызда материалдық-техникалық база болғанның өзінде осындай үлкен кәсіпорынды жұмыскерлермен қамтамасыз ете алмай отырмыз, – деп тағы бір түйіткілді мәселені көтерді осы жолы облыс әкімі Болат Бақауов.

Өндірісі өркендеп отырған өңірде кәсіби мамандарды қажетсініп отырған кәсіпорындар облыста жеткілікті. Жаңадан ашылатын кәсіпорындар да аз емес. Оның бәрі мамандарды шет жақтан әкелмейтіні айдан анық. Өйткені бұл тиімді емес. Қосымша шығын. Олар үшін мамандарды жергілікті жерде жасақтаған әлдеқайда жақсы.

Аға буын жақсы біледі, кешегі кеңестік кезеңде ауылда да, қалада да кәсіптік-техникалық училищелер көп болатын. Қазір жоқ. Қаржыландырудың және қажеттіліктің жоқтығына байланысты жабылып қалды. Бұл – нарықтың қатал талабы. Ал техникалық мектептердің ішінде жоғары колледж болып жатқандары да бар. Бәрі емес, әрине. Өйткені кез келген орта арнаулы оқу орны қазір мұндай жоғары деңгейге ие бола алмайды. Талап пен жауапкершілік өте жоғары. Осыған сайма-сай келетін оқу орындары сирек. Саны бар, сапасы жоқ, қажетсіз кадрларды даярлап жатқан сансыз оқу орындарының қатарын азайтып, сұранысқа ие білікті мамандар даярлайтын жоғары колледждер көбейсе құба-құп, әрине. Бірақ ондай білім мекемелері Қазақстанда әзірге көп емес, санаулы. Осындай дәрежеге ие болған оқу орындарының алғашқысы – Шымкенттегі жоғары жаңа технологиялар колледжі.

Бұл оқу ордасын тілге тиек етіп отырған себебіміз, бүгінгі тақырыбымызға тамызық болып отырған мәселе − білікті мамандар даярлау жөнінде болып отырғандықтан осындай колледждердің тәжірибесі республика аумағында кеңірек таратылса деген ой.

Жоғары колледждің ең басты ерекшелігі неде? Біріншіден, жастар үш деңгейлі білім алады. Оның бірінші деңгейінде оқуға қабылданғандар жұмысшы мамандықтарына бейімделе бастайды. Ал екінші деңгей бойынша колледж бағдарламасы, үшінші деңгей кезінде жоғары оқу орындарының бағдарламасы шеңберінде оқытылады. Интеграциялық білім беру дегеніміздің мәнісі осы. Мұның тиімділігі өте жоғары екеніне көз жетіп отыр. Өйткені осы арқылы сапалы мамандарға қол жете бастайды. Қазір Түркістан облысының өндіріс және құрылыс орындарында қажетті мамандар жеткілікті. Жастар колледжде оқып жүріп-ақ болашақ жұмыс орындарының қыр-сырына қаныға бастайды. Бұл ретте модульдік технология әдісі бойынша білім алудың да пайдасы зор. Түсінікті тілмен айтқанда, студенттер дәрістің 65 пайызын әлеуметтік серіктестердің өндірістік базасында алады. Олар жоғары колледж қабырғасында білім ала жүріп, уақытының көп бөлігін өндіріс орындарында немесе құрылыс алаңында өткізеді деген сөз. Аталмыш жоғары жаңа технологиялар колледжінің сенімді серіктесі – «ОтауСтрой» компаниясы оңтүстік өңірде ғана емес, Қазақстанға белгілі. Өндірістік базасы өте жақсы. Тек құрылыспен ғана айналыспайды, сонымен бірге осы салаға қажетті материалдардың, құбырдың түр-түрін шығаратын өндіріс орындары да жеткілікті. Осының бәрін студенттердің көзбен көріп, қолмен ұстап, оқу-тәжірибе барысында кеңірек қанығуына мүмкіндік бергендіктен, олардың қызығушылығы мен ынта-жігері өте жоғары. Ең бастысы, колледжді бітірген түлектер үшін жұмыс орны дайын.

Білімді де білікті мамандарға қол жеткізу үшін осындай тәжірибелерге тиісті орындардың жеткілікті мән бергені жөн болар еді.

 

Ғалым ОМАР-ХАН

Павлодар облысы

Редакция таңдауы

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...

Орындалмаған уәделер

Кемшілікті мойындау да – ерлік Есептік кездесулерге қашықтан қатыс­қан тұрғындардың көпшілігі әкімдер көз­бояу­шылықтың көкесін карантинде көр­сетті деп кейіді. Есеп онлайн форматта бе­рілгендіктен бұрынғыдай тұтқиылдан қойы­латын...

Мессидің шоуына қатысқан қандасымыз «Дю Солейде» өнер көрсетеді

«Дю Солей» циркі (Cirque du Soleil) – әлемдік цирк өне­рін­­де көш бастап тұрған ұжым. Сахнада өнер көрсе­те­тін жануарлардан толық­тай бас тартқан олар түрлі қойы­­лым­­дарды...
makataev

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы...
automation robot phonlamaiphoto

Қат мамандық қайсы?

Еңбек нарығы заман ағымына қарай үздіксіз өзгеріп отырады. Бүгін бәсі жоғары тұрған...
aytys

«Менің пірім- Сүйінбай» халықаралық жас ақындар айтысы

Абай атындағы ҚҰПУ-інде Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Менің пірім-Сүйінбай»...

Жаңалықтар

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...

Орындалмаған уәделер

Кемшілікті мойындау да – ерлік Есептік кездесулерге қашықтан қатыс­қан тұрғындардың көпшілігі әкімдер көз­бояу­шылықтың көкесін карантинде көр­сетті деп кейіді. Есеп онлайн форматта бе­рілгендіктен бұрынғыдай тұтқиылдан қойы­латын...

Қазақ көші қолдаусыз болған емес

Қазақ көші атажұртқа сап түзегелі қилы жағдайды бастан кешті. Әйткенмен қандастардың салқар көші байырқалаған жоқ, байсалды болды. Оған себеп дүниенің төрт бұрышынан ағылған көштің...

Максим СПОТКАЙ: Қиындықта көрген қамқорлық ешқашан ұмытылмайды

Шын мәнінде, қазақ – ерекше алғысқа лайық халық. Себебі қазақтар қиын-қыстау за­­­манда осы мекенге жер аударылған түрлі этнос өкілдерін құшақ жая қарсы алып, қол­дау...

Аскер ПИРИЕВ: Бірліктің арқасында талай жеңіске жетеміз

– Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының фору­мында айтқан болатын. Ал 1995 жылғы...

Мессидің шоуына қатысқан қандасымыз «Дю Солейде» өнер көрсетеді

«Дю Солей» циркі (Cirque du Soleil) – әлемдік цирк өне­рін­­де көш бастап тұрған ұжым. Сахнада өнер көрсе­те­тін жануарлардан толық­тай бас тартқан олар түрлі қойы­­лым­­дарды...

«Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы кімдерге арналған?

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасының қай санаттағы жастарға арналғанын түсіндірді. «Қазір осы бағдарлама бойынша талаптар әзірленуде. Бұл...

Елорданың көктемгі әуендері

Наурыз айында «Астана Опера» камералық залында елорда тұрғындары мен қала қонақтарын балалар мен ересектерге арналған жарқын концерттік бағдарламалар мен керемет спектакльдер күтеді. 5 және 9...

ЕҚЫҰ ПА Бас хатшысы Роберто Монтелла: «Астана рухын» жандандыруымыз керек

24 ақпанда ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясы бейне конференция байланысы бойынша өз жұмысын бастады. Оған Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров бастаған ҚР Парламентінің делегациясы қатысты. Сенат...

Рейтинг: Мемлекет тілін білмейтін министр кім?

Ranking.kz аналитикалық компаниясы қазақстандық министрлердің тіл білу рейтингісін жариялады. Қазақстанда екі министр 5, төрт министр 4, бес министр 3, жеті министр 2 тілді меңгерген. Ал...

Қат мамандық қайсы?

Еңбек нарығы заман ағымына қарай үздіксіз өзгеріп отырады. Бүгін бәсі жоғары тұрған маман­дық­тар уақыт өте келе сұраныстан шы­ғып қалуы әбден мүмкін. Окс­форд университетінің ғалымдары...

Алматыда мыңнан астам ана сақтандыру есебінен ЭКО жасата алады

Қазақстанда экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасының қолжетімділігі артты. Бұрын тегін медициналық көмек шеңберінде ғана жасалатын жоғары технологиялық қызметтің бұл түрі 2020 жылдан бастап медициналық сақтандыру пакетіне...

Димаш – ақиқатқа айналған арман

Әр ұлттың өніп-өскен, мекен еткен жеріне орай өзгеше болмысы қалыптасатыны ақиқат. Ұлы дала төсінде мыңдаған жылдар бойы еркін өмір сүрген, империя құрып ғасырлар бойы...

Түркі кеңесі елдерінің энергетика министрлері ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Түркі кеңесінің энергетика министрлері мұнай және газ, электр энергиясы, ЖЭК, сондай-ақ мұнай-газ-химия саласындағы өзара іс-қимылды, оның ішінде ұйымға мүше елдерде өндірілетін өнімді тасымалдау бағыттарын әзірлеуді...

Алғыс айту – ардың ісі

Негізін қазақ халқы құ­раған және күні бү­гінге дейін сол үр­діс тоқтаусыз жалғасып келе жат­қан мемлекетімізде қазақ­тан өзге жүзден астам ұлт өкіл­дері де осы елдің...

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қымбаттамайды

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қымбаттамайтынын айтты. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Бақытты отбасы» бағыты бар, бүгінде...

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі шартқа өзгеріс енді

Қазақстанда егер халықаралық шарттардың өзге қатысушылары өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда аталған келісімнің немесе олардың жекелеген ережелерінің іске асырылуын тоқтату, сондай-ақ, жауап шараларын қабылдау тәртібі...

Қазақстан мен Оңтүстік Корея тұтқындарды алмастыруға келісті

Оңтүстік Кореяда сотталған Қазақстан азаматтары енді өз мерзімінің қалған бөлігін Отанында өтей алады. Бүгін сенаторлар тиісті шартты ратификациялады. Бұл жерде бірқатар шарттардың сақталуы маңызды болып...

Ұлттық құндылық телевизиялық рейтингтен жоғары болуы керек – Дана Нұржігіт

Сенат депутаты Дана Нұржігіт отандық телевизиядағы кейбір бағдарламалар ұлттық ұстанымдарымызға қайшы деп есептейді. Бұл туралы парламент өкілі үкімет басшысына жолдаған сауалында айтты. Депутаттың айтуынша, бүгінгі...

«Болашақ» бағдарламасы – келешекке жасалған көлемді инвестиция

– Тәуелсіздік алған тоқсаныншы жыл­дары жалпы ха­лық­тың жағдайы жақсы бол­ды, мына сала­ның дамуына ерекше жағдай жа­салды дей ал­маймыз. Қоғам өмірінің бар­лық саласы то­қырауға ұшырады....

Сенатор Ләззат Сүлеймен заңгерлерді даярлау кезінде сан қуаламай, сапаға қол жеткізу туралы айтты

Отандық жоғары оқу орындарында оқитын заңгерлер көп, бірақ өкінішке орай, заңгерлік білімнің сапасы көңіл көншітпей отыр. Сенатор Ләззат Сүлеймен өзінің депутаттық сауалында осы мәселені...

Мұрат Бақтиярұлы: Ашаршылықты зерттеу үшін ғалымдар мұрағатқа қол жеткізуі қажет

Ашаршылық тақырыбын жан-жақты зерделеу үшін ғалымдардың отандық және шетелдік мұрағаттарға қол жеткізе алуын қамтамасыз ету қажет. Бұл мәселені сенатор Мұрат Бақтиярұлы еліміздің Премьер-Министрінің атына...

Жамбылда 251 гектар жерді жайлаған 50 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды

Былтыр Жамбыл облысында 251 гектар жерден 50 тоннадан астам жабайы қарасора жойылған. Бұл жұмыстар жерді жырту, шабу, өртеу және гербицидтерді қолдану арқылы жүзеге асқан....

Дипломатия жемістері

Биыл Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып жария­лан­ғанына 30 жыл толады. Осы тарихи датаға байланысты өмірімнің жиырмаға жуық жылын осы салаға арнаған дип­ломатия ардагері хақында, дербес...

Айман Ибрагимова дзюдодан Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанды

Ақтөбе қаласында дзюдо күресінен 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасындағы  Қазақстан чемпионаты жалауын көтерді. Онда Сарыағаш ауданының балуан қызы Айман Ибрагимова 44 кг салмақ дәрежесінде...

Мемлекет басшысы Білім министрлігіне ерекше қажеттілігі бар балаларға қатысты тапсырма берді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдауға қатысты еліміздің Білім және ғылым министрлігіне тапсырма берді. «Өкілетті органға ерекше қажеттілігі бар бала мен оның...

Президент: жер шетелдіктерге сатылмайтыны туралы түбегейлі шешім қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға және жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды және бір ай ішінде Жер реформасы жөніндегі...

Әлия Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлерге қатысты жобаны қолға алды

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің кенже қызы Әлия Назарбаева көгалдандыруға қатысты тағы бір бастаманы қолға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Жоба аясында саябақтарға ағаштар егіледі. Оған...

Қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерге жазаны қатаңдату қажет – Президент

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерге жазаны қатаңдату қажеттігі туралы айтты. «Қазақстан қос азаматтыққа тыйым салынған көптеген...

Президент аудан әкімдерінің сайлауы қашан өтетінін айтты

Мемлекет басшысы елімізде аудан әкімдерінің тікелей сайлауы қашан өткізілетінін айтты.  "Қазір біз кенттер мен ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауға дайындалып жатырмыз. Сайлау биыл шамамен...

Қазақстандықтар медициналық қызметтерді бір ғана мекемеден алуы тиіс – Қ.Тоқаев

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке осындай тапсырма жүктеді. «Азаматтар өздеріне қажетті қызметтің барлығын бір ғана медициналық мекемеден алуға тиіс. Осы жобаны...

Мемлекет басшысы медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейтуді тапсырды

Медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейту қажет. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Бұған дейін біз педагогикалық жоғары оқу орындарында...

Ауылда өз жұмысшыларына үй салып берген кәсіпкерлерге шығынның 50 пайызы қайтарылады – Президент

Бұл туралы бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. «Кәсіпкер өз жұмысшыларына арнап ауылда үй салса, мемлекет оған кеткен шығынның 50...

Путин Жапаровқа Қырғызстанда орыс тілінің мәртебесін сақтаудың маңызын ескертті

Мәскеуге екі күндік жұмыс сапарымен барған Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Ресей президенті Владимир Путин кездесті. Кремльдің хабарлауынша, Владимир Путин Садыр Жапаровты Қырғызстан президенті қызметіне...

Ұлттық экономика министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

Әлібек Қуантыров ҚР Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін осы лауазымды атқарған Мейіржан Юсупов қызметінен босатылды. Үкімет басшысы сайтының мәліметінше, Әлібек Қуантыров 1983 жылы Атырауда дүниеге келген. Томск...

Зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды

25 ақпаннан бастап Қазақстанда біржолғы зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды. Өтінімді enpf-otbasy.kz сайтында беруге болады. Біржолғы зейнетақы жинағын келесі медициналық қызметтерге пайдалануға...

Қар, боран, көктайғақ: Еліміздің 16 өңірінде ескерту жарияланды

Бір тәулік ішінде республиканың автожолдарында 155 бірлік техника шығарылды, 294 адам құтқарылды және эвакуацияланды. Бұл туралы КР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли айтты. «Қазгидромет» РМК...

«Бірнеше күн нәр татпаған»: Ресейлік жазушы өз пәтерінде өлі күйінде табылды

Мәскеуде жас жазушы Аделина Шелдон өлі күйінде табылды. Бұл туралы Рен ТВ телеарнасы хабарлады.  Арна мәліметінге, 20 жастағы қыз өз пәтерінде көз жұмған. Соңғы бірнеше...

Пандемия салдарынан әлем әуежайлары қанша шығынға ұшырады?

Әлемдегі әуежайлар коронавирус кесірінен 112 млрд доллар шағынға ұшыраған. Мұндай мәліметті Әуежайлардың халықаралық кеңесі жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24». Коронавирус жайлаған 2020 жылы шығын...

Коронавируспен ауырған балалардың денсаулығынан елеулі кінәрат анықталды

COVID-19-мен ауырған балалардың жартысында төрт ай бойы осы аурудың кем дегенде бір симптомы сақталады. Мұндай түйткілдер ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижесінде анықталды, деп хабарлайды "Известия". Мамандардың...

Трамп жарлығының күші жойылды: Байден кейбір шетелдіктерге елге кіруге рұқсат берді

АҚШ президенті Джо Байден елдің бұрынғы басшысы Дональд Трамптың 2020 жылдың сәуірінде шетелдіктердің кейбір санаттарына елге кіруге тыйым салған Жарлығын жойды. Бұл туралы РИА...

Жуынатын бөлмеге телефонын алып кірген оқушы көз жұмды

Ресейдің Братск қаласында жуынатын бөлмеге телефон алып кірген оқушы қыз тоқ соғып мерт болды. Оқиғаға қатысты тексеріс басталды. Бұл туралы РФ тергеу комитеті өңірлік...

Түркістанда Бекзат Саттарханов атындағы спорт мектебі бой көтереді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балаларға арналған спорт мектебінің жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеп....

Нұр-Сұлтанда аяз: 0-9 сынып оқушылары мектепке бармайды

Астанада ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды. «25 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ...

Алматыда 16 мыңнан астам студентке арналған бірнеше жатақхана салынады

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров жоғары оқу орындары басшылығымен жатақхана құрылысы мәселесі жөнінде кеңес өткізді. Жиында «Елбасының бес әлеуметтік бастамасы» аясында жатақхана құрылысының барысы...

Атырауда Қайтпай сұлтан мешітінің іргетасы қаланды

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов пен Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау қаласының іргесіндегі Еркінқала ауылында атақты Қайтпай сұлтан мешітінің іргетасын қалады,- деп хабарлайды...

«Менің пірім- Сүйінбай» халықаралық жас ақындар айтысы

Абай атындағы ҚҰПУ-інде Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Менің пірім-Сүйінбай» халықаралық жас ақындар айтысының ақтық кезеңі 19 ақпанда өтті. Ақтық кезеңге 12...

Жаңаөзендегі балабақша 22 миллиард теңгеге азық-түлік сатып алмақ болған

Мемлекеттік сатып алулар сайтында ерекше лот  -  Жаңаөзендегі балабақша 22 миллиард теңгеге азық-түлік сатып алмақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Балабақша 22,3 миллиард теңгеден астам...

БЖЗҚ еліміздегі ең жоғары зейнетақы қанша теңге екенін айтты

Еліміздегі ең жоғары зейнетақы 522 610 теңгеге жетті, деп хабарлайды БЖЗҚ баспасөз қызметі. Қордың мәліметінше, 2021 жылғы 1 ақпандағы көрсеткіш бойынша БЖЗҚ 167 423 алушыға...

Ертісбаев Путиннің беделін көтеретін факторды атады (видео)

«Спутник V» вакцинасы бүкіл әлемде мойындалса, бұл жетістік Ресей үшін алғашқы Жер серігі ғарышқа жіберілген сәттегі КСРО-ның даңқымен пара-пар болуы мүмкін. Мұндай пікірді Yertysbayev...

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аппаратына жаңа басшы тағайындалды

ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Ернат Архатұлы Мұхамадиев ҚР МСМ аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. Ернат Мұхамадиев...

Елорданың ірі мәдени ошақтары пандемия салдарынан қанша шығынға батқаны белгілі болды

«Astana Venue Management» ЖШС-ның бас директоры Мәлік Хасенов елордадағы мәдени нысандардың 2020 жылғы шығыстарына қатысты нақты деректермен бөлісті. «Егер әр нысанға қатысты нақты айтар болсақ,...

Қарызын қайтармаған досына оқ атқан павлодарлық 8 жылын түрмеде өткізеді

Сот үкімі Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жарияланды деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Іс алқабилердің қатысуымен қаралды. Сот 28 жастағы павлодарлықты қылмысқа дайындалғаны және кісі...

Ертісбаев Ұлттық кеңес туралы заңға екіұдай пікір білдірді (видео)

 Белгілі саясаткер Ермұхамет Ертісбаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы заң қабылдау жайлы ұсынысқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол өзінің Yertysbayev Live  атты Youtube-арнасында...

«Абай» мәдени-іскерлік үйінің атқарар міндеті мол

Бүгінде жер-жаһанның 43 елінде тұратын этникалық қазақтардың қарасы 7 миллионға жетіп жығылады, алайда, ақпарат көздерінен белгілі болғандай, шекараның арғы шебіндегі отандастар саны 5 миллион...

Әлемді мойындатқан актерге адам зорлады деген айып тағылды

Есімі әлемге белгілі француз актері Жерар Депардьеге адам зорлау және сексуалдық зомбылық бойынша айып тағылды. Бұл туралы Риа Новости France-Presse (AFP) агенттігіне сілтеме жасап...

Қазақстандықтар министрлерге қандай мәселемен келеді?

Nur Otan-ның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтардың министрлермен және мемлекеттік органдардың басшыларымен онлайн-кездесулері жалғасуда. Қазақстандықтардың министрлерге қандай мәселелермен келетіні туралы партия Орталық аппаратының баспасөз...

1 наурыздан бастап Қазақстанда карантин жеңілдейді

Биылғы жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстанда карантин талаптары жеңілдейді. Жағымды жаңалықты Facebook парақшасы арқылы Атамекен ҰКП төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева хабарлады. «Сүйінші жаңалық! Ведомствоаралық комиссияның...

БҚО-да 24 елді мекен жарықсыз қалды

Батыс Қазақстан облысында 24 елді мекен электр жарығынсыз қалды. БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сегіз ауданда барлығы 3112 абонент жарықсыз қалды. Атап...

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Серік Рахметоллаұлы Егізбаев ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің...

Жол апатына кінәлі әйел полициядан қашамын деп мерт болды

Ресейдің Благовещенск қаласында жол-көлік оқиғасын жасап, із суытпақ болған әйел жол апатына түсіп мерт болды. Тағы екі адам жарақат алған, деп хабарлайды РИА Новости....

Экология министрлігі «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қатаң талаптар қойды

Экология министрлігі "АрселорМиттал Теміртауға" Теміртауда 500 мың ағаш отырғызуды міндеттеді. Бұл туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ұйымдастырған брифинг барысында хабарланды. Министрліктің...

Алматыда қандай кәсіп иелері тапшы екені белгілі болды

Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова онлайн брифинг барысында мегаполисте қандай мамандық иелері тапшы екенін айтты. Оның айтуынша, денсаулық сақтау саласында мамандар тапшылығы...

«Қытаймен бәсекені күшейтеміз»: АҚШ пен Канада күш біріктірді

АҚШ пен Канада Қытайға қарсы тұру үшін күш біріктірді.  Бұл туралы АҚШ президенті Джо Байден Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдомен өткізген бейнеконференциядан кейін мәлімдеді, деп...

Алматы мәйітханасының директоры ірі көлемде пара алған деп айыпталды

Алматы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Қалалық паталогоанатомиялық бюросының директоры Б.Әлібековке қатысты тергеу ісін аяқтады. Ол 2020 жылы мемлекеттік сатып алу бойынша қол қойылған...

Шымкентте тойханаларды мектепке айналдыру ұсынылды

Шымкенттегі банкет залдары иелеріне жергілікті билік мектеп немесе кафе ретінде жұмыс істеуді ұсынды. Коронавирус пандемиясына байланысты көптеген ойын-сауық кешендері бір жылға жуық жұмыс істемейді. "Атамекен"...

Қазақстан нарығына екі жаңа автокөлік бренді шығарылмақ

Astana Group холдинг компаниясының негізін қалаушы және президенті Нұрлан Смағұлов екі жаңа автомобиль бренді биыл ел нарығына шығарылатынын мәлімдеді. Олар - Haval және Genesis...

Зейнет жасы: Әлеуметтік кодекс тұжырымдамасы әзірленуде

Премьер-Министр Асқар Маминнің мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында елімізде Әлеуметтік кодекс тұжырымдамасының жобасы әзірленіп жатқаны туралы айтылды. Қазіргі уақытта зейнетақымен қамсыздандырудың барлық үш деңгейі (ынтымақты, базалық...

Мәжілісте қатесіз жазуға қатысты құжат мақұлданды

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Бұл...

Төменгі жалақы мөлшерін арттыру мақсатында Жол картасы әзірленеді – Үкімет басшысы

Премьер-Министр Асқар Маминнің мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында елімізде жалақының төменгі мөлшерін арттыру мақсатында арнайы Жол картасы әзірленетіні айтылды. «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың...

6,6 млрд теңге: Орал әуежайының ғимараты жаңартылмақ

БҚО құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиевтің айтуынша, «ҚПО б.в.» компаниясы арқылы әлеуметтік инвестициялар жобасы аясында құрылыс-монтаж жұмысы басталды. Жоба бойынша терминал алаңы 4 мыңнан 10...

ШҚО-да жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, соңғы күндері өңірде күн жылып, жиі қар жауып тұр. Жел жылдамдығы да артқан. Таулы аймақтарда көшкін жүру ықтималдығы жоғарылады....

210 мыңға жуықтады: коронавирус жұқтырғандар саны азаймай тұр

Қазақстанда өткен тәулікте 753 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 68, Алматы қаласы - 93, Шымкент қаласы...

Мас күйінде көлік тізгіндеген азаматтың бас бостандығы шектелді

Өскемен қаласында алкагольді ішімдік ішіп  алып көлік тізгіндеген ер адам жазаға тартылды. ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің мәліметіне сүйенсек, былтыр көктемде ер адам әкімшілік жауапкершілікке...

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Телерадиокешенінің жаңа аппараттық-студия кешенін аралады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің жаңа аппараттық-студия кешенін аралап көрді, – деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында. «Биыл Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешеніне...

Елімізде боран соғып, қар жауады – Қазгидромет

Сәрсенбі күні елімізде жел күшейіп, боран соғады, солтүстікте қалың қар жауып, оңтүстік өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін, – деп хабарлады Қазгидромет. 24 ақпанда Қазақстан...

Oppo компаниясы ауа арқылы сымсыз қуаттау технологиясын ұсынды (видео)

OPPO компаниясы көпшілікті Oppo X 2021 құрылғыларын сымсыз қуаттаудың жаңа жүйесімен таныстырды, - деп хабарлайды EVO-RUS.COM. https://youtu.be/xALQxs1bJM0 Wireless Air Charging технологиясын Қытайлықтар MWC 2021 Shanghai көрмесінде...

Google қазақ тіліндегі аудиожазбаларды аудара бастады

Google Translate сервисі енді қазақ тіліндегі аудиожазбаларды аудара бастады, деп хабарлайды АА "NewTimes.kz". Бұл жаңарту 22 ақпанда пайда болды – 6.17.0. Айта кету керек, аудиоаударма тек...

АҚШ-та салынғанына 139 жыл болған үй алып тіркемемен жаңа орынға көшірілді (видео)

Калифорния штатындағы Сан-Франциско қаласының тұрғыны Тим Браун 139 жыл бұрын іргетасы қаланған өз үйін жаңа мекен-жайға көшірді. https://www.youtube.com/watch?v=u8l6eBUK-rM 1882 жылы салынған үй үлкен тіркемеге салынып, жүк...

«Алтын Орда» тарихына арналған киножобаға дайындық басталды

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Алтын Орда тарихына арналған ірі киножобаның тұжырымдамасын әзірлеуге кірісті. Осы мақсатта кино орталығының жанынан жұмыс тобы құрылған, ол ел...

Қандасымыз Риза Әлімжанқызы – Қытай киноиндустриясының жұлдызы

Қытайдың kazakcnr.com сайтында талантымен танылған қандасымыз, белгілі актриса Риза Әлімжанқызы туралы мақала жарық көрді. Аталған мақаладағы деректерге сүйенсек, Қытайда өнерімен көрермен көзайымына айналған Риза...

Елбасы Ақан Сатаевты қабылдады

Елбасы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Ақан Сатаевты қабылдады, – деп хабарлайды elbasy.kz. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алғаннан бері мемлекет әрдайым өнер саласының...

«Nur Otan» партиясының жол картасы: «Баспанамен қамту – басты назарда»

«Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына арналған Жол карталарын бекітті. «Nur Otan» партиясы сайлаудан кейінгі бір ай уақыт ішінде өзінің 216 сайлауалды бағдарламасын...

Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Рахым Ошақбаевпен және Қанат Сахарияновпен кездесті, – деп жазды Ақорда. «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев Президентке...

Мемлекет басшысы Каспий теңізіндегі қызметке қатысты заңға қол қойды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының...

Қарағанды фармацевтика кешені «Спутник V» вакцинасының өнеркәсіптік партиясын шығарды

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов пен ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қарағанды фармацевтика кешені (ҚФК) базасында «Гам-КОВИД-Гак» («Спутник–V») вакцинасының өнеркәсіптік өндірісі барысын және вакцинаның...

Білім саласының бір орында тоқтап қалған кезі жоқ

Аягүл МИРАЗОВА, Қазақстан педагогика ғылымдары академиясының академигі, Қазақстанның Еңбек Ері: – Тәуелсіздік алған жылдары жалпы халықтың жағдайы жақсы болды, мына саланың дамуына ерекше жағдай жасалды...

Президенттің құжаттарды цифрландыру процесіне қатысты тапсырмасы орындалды – Берік Уәли

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мемлекеттік органдар тарапынан берілетін құжаттарды цифрландыру процесі қалай жүргізіліп жатқаны туралы жазды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр...

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 13 трлн теңгеден асты

2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан салымшыларының зейнетақы жинағының сомасы 13,1 триллион теңге болды. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шотында 13,1 триллион теңге зейнетақы...

Коронавирусқа қарсы екпе салдырған 73 жастағы хирург вакцинаның әсері туралы айтты

Атырауда 73 жастағы хирург Марат Есжанов коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Оның айтуынша, вакцинаның жанама әсері жоқ. «1 ақпанда әріптестеріммен бірге коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші кезеңін алдым....

Елімізде жекеменшік университетте білім алушылардың саны көбейді

Білім және ғылым министрлігі 2016-2020 жылдар аралығында жеке меншік университетте білім алушылардың саны 53,8% өскенін мәлімдеді.  «Қазіргі уақытта елімізде жалпы 127 жоғары оқу орны бар,...

Су тасқанына қарсы 45 пойыз жасақталып жатыр – министр

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов елімізде су тасқанына қарсы 45 пойыз жасақталып жатқанын айтты. «Поездардың үздіксіз және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету, жолдарды,...

«Nur Otan» партиясы сайлауалды міндеттемені іске асырудың қадамдық жоспарын бекітті

«Nur Otan» партиясы Орталық және Шығыс Қазақстанға арналған сайлауалды міндеттемелерді іске асырудың қадамдық жоспарын бекітті. Партия 216 сайлауалды бағдарламаны іске асыру бойынша әр жылға нақты...

Асқар Мамин әкімдерге тапсырма берді

Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин өңір әкімдері су қоймалары толуына үнемі бақылау жасап отыруы тиіс екенін айтты. «Су тасқынының алдын алу үшін жүйелі шаралар қабылдау...

«Шектеулер қажет емес»: ДДСҰ пандемиямен күрес қашан аяқталатынын хабарлады

Данияның DR телеарнасына берген сұхбатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросының басшысы Ханс Клюге коронавирус пандемиясы 2022 жылы аяқталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды aa.com.tr.  Ұйым...

COVID-19: Бес өңір «сары» аймақта тұр

23 ақпандағы жағдай бойынша, Қазақстан өңірлеріндегі коронавирусқа қатысты эпидахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Оған сәйкес, «сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары...

Алматы әкімі АТУ студенттеріне арналған 9 қабатты жатақхана құрылысын тоқтатты

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындардың шағымынан кейін тоғыз қабатты жатақхананың құрылысын тоқтату туралы шешім қабылдады. Әуезов ауданындағы «Алтын бесік» ықшамауданының тұрғындары 17 ақпанда өткен Алматы...

АҚШ туы төмен түсірілді: Америкалықтар 5 күн аза тұтады

АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандарды еске алу мақсатында 5 күн аза тұту жарияланды. Елдің федералды және әскери нысандарында мемлекеттік ту төмен түсірілетін болады, деп хабарлайды...

Адамдар көп жиналатын орындарда бірден екі маска тағу міндеттелді

Чехия билігінің жарлығына сәйкес, республика тұрғындары 25 ақпаннан бастап адамдар көп жиналатын жерлерде бірден екі маска киюге міндеттелді. Бұл туралы Ceske noviny хабарлады.  Елдің денсаулық...