Тараз бен Екатеринбург арасында әуе қатынасы іске қосылды

Тараз бен Екатеринбург арасында әуе қатынасы іске қосылды

Тараз бен Екатеринбург арасында әуе қатынасы іске қосылды
ашық дереккөзі
Бүгіннен бастап Тараз бен Екатеринбург арасында әуе қатынасы іске қосылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі «Скат» әуе компаниясының фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасай отырып хабарлайды. «29 қазаннан бастап біз Жібек жолы дәуірінің көне қаласы - Тараз бен Екатеринбургті тікелей рейспен байланыстырамыз! Ұшулар әр дүйсенбі сайын жайлы Boeing 757-200-да жүзеге асырылады. Жолға кететін уақыт - 2 сағат 50 минут», - делінген компанияның фейсбук парақшасында. Билеттерді scat.kz сайты мен өз қалаңыздың әуе кассаларыныан сатып алуға болады. Еске сала кетсек, бұған дейін одан бөлек Алматыдан Мәскеу облысына тікелей әуе рейсі ашылғанын хабарлаған едік. ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті ресейлік «Уральские авиалинии» әуе компаниясына Алматы - Жуковский (Мәскеу облысы) бағытында ұшуға рұқсат берген болатын.