__МаңыздыЖаңалықтарҚоғам

Биыл Қазақстанда 2117 сәби шетінеп кеткен

Биыл қаңтар-тамыз айлары аралығында 1 жасқа дейінгі 2117 сәби шетінеген. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті мәлімдеді, деп жазды baq.kz.

 Былтыр қаңтар-тамыз айлары аралығында елімізде 2140 сәби шетінеген. Былтырғы жылмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі сәбилердің көз жұмуы 1,1% кеміген.

2018 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша, нәресте өлімі көрсеткіші 1000 сәбиге шаққанда 8,09 жағдайды құрайды.

Сәби өлімінің негізгі себебі – перинаталды кезеңде пайда болған жағдай. Дәл осы себеппен қаңтар-тамыз айтары аралығында 1078 нәресте шетінеген. Туабітті ауытқу себебінен шетінеген нәресте саны – 418, ал тыныс алу жолдары ауруы салдарынан шетінегендер саны – 140. Оқыс оқиға, улану және жарақат алу салдарынан шетінеген сәбилер саңы – 95.

Back to top button