11 Қазан, 15:25 514 0 Көлік Назым Тойлыбаева

Алматы метросының пойыздарына 8 миллиард теңге бөлінеді

almatymetro.kz
almatymetro.kz

Мәжілісте 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер енгізу туралы жобасы таныстырылды. Бюджеттен 8 миллиардтан аса теңге Алматы халқының қала ішіндегі мобильділігін арттыруға бөлінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Алматы халқының қала ішіндегі мобильділігін арттыру мақсатында тоғыз бекет пен болашақта ашылатын "Сарыарқа" және "Достық" станциялары үшін 8 электрпойызды сатып алуға аванс ретінде бюджеттен қаражат бөлуге жоба ұсынылды. Оған 8,1 миллиард теңге бағытталуы тиіс", - деді қаржы министрі.

"Алматыметроқұрылыс" АҚ өндірістік-техникалық департаментің мәліметінше, "Сарыарқа" және "Достық" станцияларының құрылысына жалпы есеппен 67 миллиардтан аса теңге кетеді екен.

Соңғы жаңалықтар