Францияда Airbus A320 ұшағы апатқа ұшырады

Францияда Airbus A320 ұшағы апатқа ұшырады

Францияда Airbus A320 ұшағы апатқа ұшырады
ашық дереккөзі
216

Францияның оңтүстігінде Airbus A320 ұшағы апатқа ұшырағаны жайлы Француздың «La Provence» газеті хабарлады. Үрейді ұшырған ақпараттар легі әуе көлігіне деген сенімді күн өткен сайын сейілтіп барады.  

Дереккөз ұсынған ақпаратқа сүйенсек, лайнер  Жоғарғы Прованс Альпы департаментіне құлаған. Ұшақ GERMAN WINGS компаниясының меншігі. Барселонадан Дюссельдорфқа бағыт алған әуе лайнерінің бортында 142 жолаушы және алты экипаж мүшесі болған.

Францияның премьер-министрі әуе кемесінің апатқа ұшырағанын ресми түрде растады. Көп ұзамай ел президенті Франсуа Олланд та БАҚ-қа мәлімдеме жасап, Airbus A320 ұшағының апатынан борттағылардың ешқайсысы тірі қалмауы мүмкін екенін хабарлады. Президентінің айтуынша, ұшақтың сынған бөліктері қол жеткізуге қиын аймақта жатыр. "Бірінші кезекте мен қайтыс болғандардың жанұяларына көңіл айтқым келеді. Бұл қасірет", – деп жазды Франция президенті Twitter желісіндегі парақшасында.

Олланд ұшақтың апатқа ұшырауы жөнінде Германияның канцлері Ангела Меркельмен және Испания королімен келіссөздер жүргізуге ниетті көрінеді.

Серіктес жаңалықтары