Есірткі шегіп, есі кеткендер

Сондай-ақ!

Анамның батасын алмай жарысқа шықпаймын

Құрманбек ТҰРҒАНБЕК, «Алтын тұғыр» номинациясының екі дүркін иегері: Көкпардан ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі, «Ғасыр ойыншысы», «Жылдың ең үздік ойыншысы» атанған жас көкпаршы Құрманбек Тұрғанбек...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Нұрсұлтан Назарбаев: Түркістанды дамыту – халқымыз үшін қасиетті парыз

Ұлы Жібек жолында мыңжылдық өркениеттерді тоғыстырған Түркістан – Ұлы даладағы ұлы өзгерістерге негіз болған қасиетті қала. Түркістан – ұлы ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мен...

Елімізде есірткілік заттар емін-еркін саудалануда. Ғаламтор арқылы, әрине. Бүгінгі күні, әсіресе интернет сайттар арқылы синтетикалық есірткілердің саудасы қызып тұрғанға ұқсайды. Соңғы жылдары ел аумағында синтетикалық есірткі сату деректері жиі тіркеле бастады. Олардың бағасы арзан, ал зияны шаш-етектен. Тіпті, адам психикасының ауытқуына әкеп соқтырады. Таяуда Алматыдағы студенттік жатақханалардың бірінде жұмбақ жағдайда көз жұмған 19 жастағы студент те осындай препараттың бірін тұтынған болуы мүмкін. Ең өкініштісі, әзірге еліміздің құқық қорғаушылары есірткі саудалайтын ғаламтордағы «саудагерлерге» тосқауыл бола алмай отыр.

Есірткі саудалайтын 845 сайт анықталды

Қазақстанда есірткіні жарнамалайтын және тарататын 845 сайттың еркін жұмыс жүргізіп жүргені белгілі болды. Өткен айда ҚР Парламентінің Мәжілісінде «Қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелер болып табылатын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын, атыс қаруын, оның негізгі бөліктерін, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарғыш құрылғыларды беру тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданған еді. Сонда депутат Нұрлан Әбдіров дәл осындай дерек келтіріп, әріптестерінің үрейін ұшырды. «Соңғы уақытта Орталықазиялық аймақтық ақпараттық үйлестірушілік орталығы жаңа психоактивті заттардың ерекше қаупі туралы дабыл қағуда. Елімізде олардың заңсыз айналымы өсіп жатқаны байқалады. Есірткі диллерлері есірткіні көбіне интернет арқылы сатады. Есірткіні жарнамалайтын және тарататын 845 интернет-ресурс анықталған. Ақпарат және коммуникациялар министрлігі осыған ұқсас 529 сайтты бұғаттады. Телеграмм мессенджерінде 12 канал анықталды», – деді депутат. Бұл дегеніңіз кез келген адам аталған сайттар арқылы есірткіні еш кедергісіз сатып ала алады деген сөз. Тіпті, осындай жолмен есірткі тұтынып жүргендер арамызда жүрмесіне кім кепіл?

Кейбір дереккөздеріне жүгінсек, жыл сайын ел аумағында 30-40 тонна есірткі заттары тәркіленеді. 2017 жылы есірткі заттарына қатысты 2,9 мың қылмыс ашылып, 40 тоннадан астам есірткі жойылған. Ал биылғы жылдың 9 айында есірткі таратуға қатысты ТМД елдерінің 58 азаматы тұтқындалды. Оның ішінде Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан азаматтары бар. Ішкі істер министрлігі тіл және ақпарат департаментінің қыркүйек айында ұсынған мәліметтеріне иек артсақ, Қазақстанда жылына есірткіге қатысты қылмыстардың 85 пайызы ашылады. Мәселен, былтыр 2159, биылғы 4 айда 839 қылмыстық іс қозғалған. Өткен жылы есірткі таратушылардың 153-і Астанада, ал 259-ы Алматы қаласында қолға түссе, Түркістан облысында – 346, Жамбыл облысында – 235, Қызылорда облысында – 164, Шығыс Қазақстанда – 300, Қарағандыда – 246, Қостанайда – 215 қылмыстық іс қозғалды.

Күресерге дәрмен жоқ…

Бірақ мұндай сандық деректер есірткі саудалайтындардың жұмысына түбірімен балта шабылғанын дәлелдемесе керек. Ғаламтор арқылы таралып жатқан синтетикалық есірткімен күресудің оңай болмай отырғанын маусым айында халық алдында есеп берген Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың өзі де мойындаған еді. «Біз тек заңда көрсетілген затты ғана есірткі деп танимыз. Біз, мәселен, заңнамамен героин мен апиынды есірткі деп бекітеміз. Егер тәркіленген есірткі түрі заңда көрсетілсе, онда есірткі деп санап, ал адамды жауапқа тартамыз. Бірақ соңғы уақытта синтетикалық есірткінің формуласы үнемі өзгеріп тұратын болды. Біз есірткі таратқандарды ұстаймыз, алайда кейін тексере келе мұндай есірткі біздің тізімде болмай шығады. Сәйкесінше ұсталған адамды жауапқа тарта алмаймыз. Сондай-ақ, есірткінің қандай да бір түрін есірткі заттарының тізіміне енгізу туралы шешім қабылдаймыз. Бұл өте ұзақ процесс, өйткені заң мемлекеттік органдарда, парламентте қаралады, әдетте 5-7 ай уақыт кетіп жатады, кейде бір жылға дейін. Шешім қабылдаған сәтте жаңа түрін тізімге қосамыз, бірақ өндірушілер сол арада оның формуласын өзгертіп, қайтадан біздің елге тасымалдайды. Біз тағы да дәрменсіз қаламыз», – деп ашық мойындады азулы Ішкі істер министрі.

Міне, осылайша құқық қорғаушылар синтетикалық есірткі саудалаушыларға есе жіберіп отыр. Өйткені күдіктіні қолға түсіргенмен, көп жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартуға дәрменсіз. Бұған заңда көрсетілген есірткілер тізімінде химиялық жолмен алынған өнімдердің болмауы себеп. Әрине, мұндай жағдайда қаскөйлер жазадан оңай сытылып кетеді.

Жалпы, 2010 жылы еліміздің Денсаулық министрлігі әр түрлі микстерді ел аумағына әкелуге тыйым салған болатын. Бір ғажабы, әкелуге тосқауыл қойылғанмен, микстерді пайдалануға тыйым салынбады. Есірткілер тізіміне енгізілмеді. Синтетикалық есірткіні елімізге тасымалдауға заңмен тыйым салынғанымен, ел ішінде саудалауға қарсы ешқандай заң жоқ. Сондықтан осындай жолмен қалтасын қампайтуға ниеттілер тыйымның жоқтығын пайдаланып, табыс тауып жүр. Ал синтетикалық есірткілерді таратушыларға қарсы тұруға Ішкі істер қызметкерлерінің қауқары жоқ. Синтетикалық есірткілерді саудалауға қарсы заңдық тетік жоқ болғандықтан, спайс, әр түрлі миксылар мен тұздар елімізде емін-еркін саудалануда. Сол себепті, Қазақстанға мұндай заттарды әкелуге ғана емес, оны пайдалануға да тыйым салу керек. Сонан соң, заң жүзінде оларды таратушыларға қылмыстық жаза қолдану қажет. Олай болмаған жағдайда, есірткі пайдаланушылар мен есірткіге қатысты қылмыс саны азаймасы анық. Ғаламтор желісі арқылы синтетикалық есірткілер түрін саудалап, қалталарын қампайтып отырған топтардың бар екендігін ешкім жоққа шығармайды. Сорақысы сол, ақшасы бар кез келген жасөспірім интернеттегі сайтқа кіріп төлем жасаса, улы затты уысына оңай түсіре алады. Сондықтан қазақстандық наркология мамандарын синтетикалық есірткілердің жайы қатты толғандыруда.

Тіпті, 2011 жылға дейін еліміздің барлық дәріханаларында құрамында кодеин сынды жартылай синтетикалық есірткі заты бар дәрі-дәрмектер еркін саудаланып келген болатын. Құны арзан бұл препараттар нашақорлар арасында «қолтырауын» деген атпен белгілі есірткі түрін жасауға қолданылған екен. Әсері героиннен еш кем түспейтін, бірақ құны арзан, жасалуы оңай бұл есірткі аз уақытта-ақ өзіне тәуелді жанның ағзасын шірітіп жібереді.

«Қолтырауынға» құмар жас жеткіншектер

Статистикалық деректерге қарағанда, синтетикалық есірткіге тәуелді болатындардың басым көпшілігі 14-21 жас аралығындағы жас­өспірімдер. Сонымен қоса, олардың қатары күн санап артып келе жатқандығы бірнеше жылдан бері тұрақты айтылып келеді. Бейресми деректерге сүйенсек, еліміздегі жастардың 60 пайызы есірткіге тәуелді. Бірақ бұл бейресми дерекке сенудің өзі қиын.

Мамандар синтетикалық есірткілердің әсері есірткілер тізіміне енгізілген марихуанадан әлдеқайда күшті екенін ескертуде. Синтетикалық есірткілердің ішіндегі ең қауіптісі каннабиноидтар – яғни, спайс, басқаша айтқанда, «тұздар». Спайс – синтетикалық есірткі, негізінен Қазақстанға Қытайдан жеткізіледі. Бұл өнімді сатушылар оларды дәмдеуіші бар қоспа, «легалка» деп атайды. Бұл есірткінің қауіптілігі адам ағзасын тез бұзып, тез бейімдейді.

«Спайс» деп аталатын темекі қоспасының құрамына бірнеше шөптер, оның ішінде психобелсенді әсер беретін шөптер енеді. Әсіресе, шалфей, көк лотос, гавайлық раушангүлі. Кейіннен, зерттеулер жүргізгенде, ұнтақтан қарасорадан табылатын синтетикалық заттектер-каннабиноидтердің бірқатары табылды. Өндіруші шөп қоспасына дамыған елдердің көбінде тыйым салынған синтетикалық психобелсенді заттектерді қосқан.

Сананы улап, миды кептіретін, онысымен қоймай денсаулықты бүлдіретін есірткілік заттар өзге елден біздің елге жарық жылдамдығымен тоқтаусыз тасымалданып жатыр. Қазақстанда «спайс» шегуге арналған шөптік қоспаға әуестенген жастар саны артып келеді. Ал тіркеуде тұрмағандары қаншама. «Заңды есірткілер» мен «дизайнерлік есірткілер» ретінде сатылатын жаңа психологиялық белсенді препараттардың ашықтан-ашық ғаламторды жайлап алғаны да шошындырады. Тіпті, жарнамалары да бірінен-бірі өтеді. Тек сол ғаламтор бетіндегі телефон нөмірін терсеңіз, жетіп жатыр. Қалаған жеріңізге өздері жеткізіп береді. Бағасы да анау айтқандай қымбат емес. Кептірілген шөп сияқты, иісі де жағымды екендігін айтады мамандар. Қызық үшін оны алғаш пайдаланған адам мәңгі тәуелді болып қалғанын сезбей де қалады. Сонымен, қолданған адамды есеңгіретіп, «рахат өмірге» батыратын «жолдаманың» құны бар-жоғы 2500 теңгеден басталады.

«Неғұрлым көп көмсең, соғұрлым көп ақша төлейді»

Жоғары жалақысы бар жұмыс ұсынатын жарнамалар қазір әлеуметтік желіде желдей есіп жүр. Атқаратын міндетіңіз де ауыр емес. Пакетке түйілген белгісіз заттарды әр жерге көміп шықсаңыз болды. «Неғұрлым көп көмсеңіз, соғұрлым көп ақша төлейді. Ал жақын-жуығыңызды қасыңызға тартсаңыз, сыйлық аласыз» деген жарнама жастарды еліктіріп әкетеді. Өкінішке қарай, осындай жеңіл табысқа алданған жастар қатары қазір күн сайын көбейіп келеді. Осындай жарнамаға алданған 17 жасар қыз тамыз айында Қарағандыда қолға түскен еді. Жасөспірімді белгісіз біреулер ақша беріп қызықтырған. Күніне 40 түйіншек көміп, әрқайсына 800 теңгеден алып отырыпты.

«Жауап алу кезінде ол азаматша интернет желісі арқылы жұмыс тапқандығын және ол пакетте қандай зат болғанын білмегендігі туралы айтты. Жыл басынан бастап облыстық ІІД-мен синтетикалық есірткі заттары бойынша 35 қылмыстық іс қозғалды. Интернет желілеріне мониторинг жүргізу барысында 14 интернет желісі анықталып, ҚР Коммуникация және ақпарат министрлігіне есірткі заттарын жарнамалайтын 10 сайтты жабу туралы хат жолданды», – деген еді Қарағанды облыстық ІІД МТАБ басшысының міндетін атқарушы Бақытжан Құдияров.

Өкінішке қарай, әлемді шарлаған әлеуметтік желілерге әзір тұсау болмай тұр. Осының салдарынан оң мен солын танымаған аңғал жастар «қараниеттілердің» құрығына ілігіп жатыр. Осылайша елімізде есірткі бизнесі жастардың қолымен етек жайып келеді. Таратушы да көп, тұтынушы да жеткілікті. Мәселен, синтетикалық есірткі алғыңыз келсе, арнайы сайтқа өтініш қалдырасыз. Кейін олар тауардың қай жерде көміліп жатқанын айтады. Бәрі қолжетімді, әрі арзан. Осыдан кейін есірткіге тәуелді жастардың қатары елімізде күн санап көбейгеніне таңғалуға бола ма? Құқыққорғаушылар балалар жаппай есірткі саудасына жегіліп жатыр деп дабыл қағуда. Осы уақытқа дейін 18-20 жас аралығындағы 8 жігіт есірткі сатқаны үшін ұзақ мерзімге сотталыпты. Алайда күдіктілер ұсталып, жауапқа тартылғанымен, есірткі саудасы тоқтайтын емес. Ал жағдай бұлай жалғаса беретін болса, талай жанның қазіргі «мәнсіз ләззаты» мәңгілік азапқа айналуы әбден мүмкін.

Редакция таңдауы

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Нұрсұлтан Назарбаев: Түркістанды дамыту – халқымыз үшін қасиетті парыз

Ұлы Жібек жолында мыңжылдық өркениеттерді тоғыстырған Түркістан – Ұлы даладағы ұлы өзгерістерге негіз болған қасиетті қала. Түркістан – ұлы ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мен...

Қаланы көркейту жобасына тұрғындар қатыса алады

Алматы қаласында «Бюджетке қатысу» жобасы аясында 2021 жылдан бастап 300-ден астам жоба...

Болмасақ болды

Қазақ тіліне калькаланып келген дүниелердің бірі – келер шақ формасына «бол» етістігін...

Сегіз қырлы Серік

Осы бір орта бойлы, ақ-сары өңді, кең маң­дайлы, ақкөңіл, әрқашан жай­дары, жан-жағына...

Александр Дворкин: Әлемге әйгілі секталар

АУДАРМАШЫДАН: Осыдан біраз жыл бұрын діни ағымдар жайлы мағлұмат іздеп, қазақша кітаптарды...
бет-әлпет

Бет-әлпетін сатқысы келетіндер көбейген

Жапонияда адамның бет жүзінен ажыратқысыз маска әзірлейтін компанияға бет-әлпетін 98 000 иенаға...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...