«ЖАҢА ЖІБЕК ЖОЛЫ» – АЛМАТЫДА

«Ұлы Дала Eліне саяхат» жобасы аясында өтіп жатқан «Жаңа Жібек жолы» бағыты бойынша экспедиция Алматы қаласына жетті. Экспедиция құрамында тәжірибелі саяхатшылар, туроператор өкілдері мен шетелдік және қазақстандық тревел-блогерлер, сондай-ақ «National Geographic Ресей» командасы бар. «Ұлы Дала Еліне саяхат» жобасы Қазақстан аймақтарына жасалатын ең ірі экспедиция. Алты бағыт бойынша алты туристік кластерді қамти отырып, маңызды табиғи нысандарға барады. Осы арқылы жаңа туристік бағыттарды, табиғи, тарихи, киелі мекендерді зерттеу, ішкі туризм мен инфрақұрылымды дамытуды көздейді. Соның нәтижесінде еліміздің табиғи нысандары бойынша жаңа туристік бағыттар, сапалы фото және видеобанктер құрылады. Олардың қазіргі жағдайы туралы өзекті ақпарат алынады, болашақта сапарлаушыларға иллюстрацияланған жолнұсқа жасалады.

Экспедиция мүшелері алғашқы күндері Алматы облысының Қазақстан-Қытай шекарасында болып, Жаркенттегі ерекше мешітке табан тіреді. Бұл мешіт бір де бір шегесіз, Тянь-Шань шыршасынан салынған. Ары қарай экспедиция мүшелері Қазақстандағы ең көрікті жерлердің бірі – Көлсайға жетіп, сұлу көлдер мен Қайыңды көлін тамашалады. Ақтау тауына, Айғайқұмға, Шоқан Уәлиханов бұлағына, Талхиз қалашығына, сондай-ақ, Тамғалы шатқалында болды.

Алматы қаласында «Медеу» мұз айдынын, «Шымбұлақ» пен Үлкен Алматы көлін тамашалаған экспедиция мүшелері онан соң 2000 жылдық тарихы бар ежелгі Тараз қаласына аттанды.

 

Back to top button