Біртанов Алматыдағы оқиғадан кейін жедел жәрдем қызметкерлеріне үндеу жасады

Біртанов Алматыдағы оқиғадан кейін жедел жәрдем қызметкерлеріне үндеу жасады

Біртанов Алматыдағы оқиғадан кейін жедел жәрдем қызметкерлеріне үндеу жасады
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Біз ол адамдарды құрметтеп қана қоймай, көмектесу де керекпіз.(...) Ол адамдар (жүргізушілер - Авт.) ерікеннен асығып жүрмейді, олар көмек көрсетуге асығады. Көлікті жылдам жүргізу өте қауіпті, жүргізушілер жылдам жүру бойынша халықаралық бапкерлермен арнайы нұсқамадан өтеді. Бұл үлкен жұмыс. Мен өзімнің жедел жәрдемдегі әріптестеріме үндеу жасағым келеді. Сабырлы болыңыздар, жанжалға арандамаңыздар, өз жұмыстарыңызды істеңіздер. Оларды тиісті деңгейде қорғау үшін бар күшімізді саламыз", - деді министр. "Бұл жағдай жылдам шешімін тапқаны үшін Алматы денсаулық сақтау департаментіндегі әріптестеріме және ҚР ІІМ-ге алғысымды білдіремін. Медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін бар күшімізді салып жатырмыз. Жедел жәрдемнің жету уақыты 25 минуттан 18-ге дейін қысқарды. Жансақтау шараларының тиімділігі 10 пайызға артып, көрсеткіш 40 пайызға жетті", - деді Елжан Біртанов. Еске сала кетейік, Алматыда ер адам жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне шабуыл жасады. Оқиға видеоға түсіп қалған. Жігіт егде жастағы ер адамды бірнеше рет жұдырықтады. Кейін полицейлер жігітті ұстады, ол Түркияның 1990 жылғы азаматы болып шықты.