13 Қыркүйек, 10:53 379 0 Жаһан Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Қытай: Қазақстанның сауда үйі ашылмақ

Шэньси провинциясындағы Сиань қаласында Қазақстанның сауда үйі ашылады. Қазақстан сыртқы сауда палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нұралы Бөкейханов: «19 қазанда Қытайдың Сиань қаласында Қазақстанның сауда үйін ашу жоспарланған. Бұл сауда үйі 5 мың шаршы метрді құрайды. Одан бөлек, тауарларды сақтау үшін 10 мың шаршы метр қойма салынбақ. Осылайша, қазақстандық кәсіпкерлер өз өнімдерін қытайлық кәсіпкерлерге ұсына алады», – деді. Нұралы Бөкейхановтың айтуынша, Шэньси провинциясында ашылатын Қазақстанның сауда үйі show room ретінде жұмыс істейді. Қазіргі таңда онда жұмыс істеуге 25-тен астам қазақстандық кәсіпкер қызығушылық танытқан.

Соңғы жаңалықтар