13 Тамыз 2018, 14:57 1128 0 Қоғам Назым Тойлыбаева

Қазақстанда аты-жөндері бірдей қанша адам тұрады

Today.kz
Today.kz

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті елімізде аты, тегі және әкесінің аты бірдей қанша адамның тұратындығын есептеп шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018 жылдың  1 шілдесіндегі мәліметтерге сәйкес, Қазақстан Республикасында аты, тегі және әкесінің аты толықтай сәйкес келетін 520 159 адам тұрады, олардың саны 1 534 815 резидентті құрайды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Біріншісі аты, тегі және әкесінің аты сай келетіндердің жалпы санын, ал екіншісі сондай адамдардың санын білдіреді.

Сонымен қатар, Комитет тегі мен аты бірдей адамдардың санын да жариялады. Олардың саны елімізде 9 миллионнан асып жығылады. Бұл ретте аталған ведомство олардың кейбірінің әкелерінің аты жазылмағандығын атап өткен.

Соңғы жаңалықтар