Шымкент автокөліктеріне «17» нөмірі беріле бастады

Шымкент автокөліктеріне «17» нөмірі беріле бастады

Шымкент автокөліктеріне «17» нөмірі беріле бастады
ашық дереккөзі
Шымкенттегі көліктерге 17-ші нөмірлік белгісі беріле бастады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «17» сандық белгілік нөмірдің алғашқы иелері автокөліктерін  мамандандырылған ХҚО-да рәсімдеуде. Оларға Шымкенттің 8 ХҚО-ғын есепке алғанда, мемлекеттік корпорацияның 25 фронт-офисі қызмет көрсетеді. Солардың бірі - автокөлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәлігін беру мемелкеттік қызмет түрлерін көрсететін мамандырылған орталық саналады.  Одан бөлек, автожүргізушілер көліктерін Түркістан және Сайрам аудандарындағы мамандандырылған ХҚО секторы арқылы тіркеуге болады»,-  делінген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Еске сала кетейік, Шымкент қаласының автокөліктеріне «17» мемлекеттік нөмірі беріліп, жүргізуші куәліктеріне «Y» литері басылатындығы туралы бұған дейін жазған болатынбыз.